Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 16:13, реферат
Иммундық жауап (Иммунологиялық реактивтік) — иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердіц «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне сай
Өкпенің қызметтері
Өкпе 2 негізгі бөлімнен тұрады: Өкпеішілік
бронхтардан және көптеген ацинустардан.
Строма аз дамыған, оның көбеюі патология
жағдайында ғана байқалады.
Ацинустың құрылысы
Ацинус өкпенің құрылымдық-қызметтік
бірлігі болып табылады. Оны бірқабатты
жазық эпителий қаптап тұрады. Альвеолалардың
жалпы саны шамамен 300 млн., ауданы≈ 80 шаршы
м. Альвеолалардың арасында жұқа альвеолааралық
тосқауыл және саңылаулар болады. Ацинустың
құрамына келесі құрылымдар кіреді: Терминальды
бронхиола, 1-ші реттік респираторлық бронхиола,
2-ші реттік респираторлық бронхиола, 3-ші
реттік респираторлық бронхиола, Альвеолярлық
жолдар, Альвеолярлық қапшықтар, Альвеолалар.
Альвеоланың қабырғасының
құрылысы.
Альвеолалардың ішкі бетін екі түрлі жасушалар
қаптайды: респираторлық альвеолоциттер
немесе 1-ші типті жасушалар және секреторлық
альвеолоциттер немесе 2-ші типті жасушалар.
Жануарларда 3-ші типті немесе жиекшелі
жасушалар орналасады. Альвеолалар бір-біріне
түйісе орналасқан, олардың арасында альвеола
аралық қабырға бар, оның құрамында БТДҰ
жұқа қабаты, гемокапиллярлар, эластикалық,
коллагендік және ретикулярлық талшықтар
анықталады. Альвеолалардың арасында
оларды байланыстырып тұратын тесікшелер
болады. Бұл саңылаулар патологиялық процестер
кезінде ауаның альвеоладан альвеолаға
өтуіне және альвеолада газ алмасудың
өтуіне жағдай тудырады. Бұл альвеола
аралық саңылаулардан басқа претерминалды
бронхиолаларды альвеолярлық қапшықтармен
байланыстыратын Ламперт каналы болады.
Бұл каналдар ауаға коллатералды жолдар
болып табылады және өкпе фиброзы кезінде
маңызы артады.
Респираторлық және
секреторлық альвеолоциттердің цитофизиологиясы.
Альвеола эпителиі 3 түрлі альвеолоциттерден
құралады.
1. Респираторлық альвеолоциттердің немесе
1-ші типті альвеолоциттердің ядросы орналасқан
аймағы қалыңырақ, ядросыз аймағы жұқа
(0,2 мкм). Альвеолаға қараған бетінде микробүрлері
орналасады, олар газ алмасу аймағын арттырады.
Цитоплазмасында ұсақ митохондриялар
мен пиноцитоздық көпіршіктер анықталады.
Альвеолоциттердің ядросыз бөлігіне гемокапиллярлар
жанаса орналасады. Респираторлық альвеола
арқылы газ алмасу іске асырылады. Бұл
жасушалар аэрогематикалық тосқауылдың
құрамына кіреді.
2. Секреторлық альвеолоциттердің немесе
үлкен эпителиоциттердің пішіні текшелі.
Цитоплазмасында секреторлық аппараты
жақсы дамыған және осмиофильді табақшалы
денешіктер-
Сурфактант үнемі алмасуда болады. Өкпеде
сурфактант-антисурфактанттық жүйе бар.
Сурфактантты 2 типті альвелоциттер өндіреді,
ал оны ыдыратуды оларға сәйкес ферменттерді
бөлу арқылы бронхтар мен бронхиолалардың
Клар жасушалары, 2 типті жасушаның өзі
және альвеолярлық макрофагтар жүргізеді.
Сонымен қатар бұл жасушалар бөлінуге
қабілетті болғандықтан резекция жағдайында
өкпенің қалпына келуіне қатысады.
3. 3 типті альвеолоцит немесе жиекшелі
жасушалар хеморецепторлық қызмет атқарады.
Олардың цитоплазмасында құрылысы бойынша
нейроэндокриндік жасушалардың түйіршіктеріне
ұқсас секреторлық түйіршіктер болады.Түйіршіктердің
құрамында кальцитонин, бомбезин, серотонин
т.б. болады. Жасушалардың бос беттерінде
көптеген микробүрлер, ал цитоплазмасында
жиырылғыш белоктардан тұратын микрофибриллалар
анықталады. Альвеоланың қабырғасының
жасушаларының құрамына альвеолярлық
макрофагтар кіреді. Олар қанның моноциттерінен
дамиды, басқа жасушаларға жабыса орналасады.
Альвеолярлық макрофагтар иммундық реакцияларға
қатысады.
Өкпені сыртынан БТДҰ және мезотелийден
құралған плевра жауып тұрады.
Аэрогематикалық
тосқауылдың құрылысы
Аэрогематикалық тосқауылдың құрамына
кіреді: 1) гемокапиллярдың эндотелиі;
2) үзіксіз эндотелийдің базалды мембранасы;
3) альвеолярлық эпителийдің базалды мембранасы;
4) 1 типті альвеолоцит; 5) альвеолярлық
эпителийдің үстін жауып жататын сурфактант.
Өкпенің дамуы.
Негізгі тыныс алу мүшелерінің дамуы прехордиалды
табақша деп аталатын алдыңғы ішектің
вентралды қабырғасының материалынан
жүреді. Эмбриогенездің 3 аптасында ол
томпайма түзейді, төменгі бөлігінде бұл
құрылым сол және оң өкпені беретін екі
бастамаға бөлінеді. Өкпенің дамуында
3 сатыны ажыратады:
1 сатысы безді деп аталады да эмбриогенездің
5 аптасынан 4 айына дейін жүреді. Бұл мезгілде
ауа өткізу жолдарының және бронхиалды
бұтақтардың жүйесі қалыптасады. Өкпенің
бастамасы бұл сатыда түтікшелі безге
ұқсас болады.
2 сатысы каналикулярлық деп аталады да
(эмбриогенездің 4-6 айлары) бронхиалды
тармақтардың қалыптасуының аяқталуымен
және респираторлық бронхиолдардың түзелуімен
сипатталады. Бұнымен бірге бронхиалды
түтікшелердің эпителиін қоршай орналасқан
мезенхиманың ішіне кіре орналасқан гемокапиллярлардың
пайда болуы қарқында жүре бастайды.
3 сатысы альвеолярлық деп аталады және
6 айдан нәресте туғанға дейін жүреді.
Бұл мезгілде альвеолярлық жолдар және
қапшықтар құралады. Сонымен қатар альвеолярлық
эпителиймен өкпе капиллярларының арасында
тығыз байланыстар қалыптасады. Альвеолярлық
бұтақтарды қоршаған мезенхимадан БТДҰ,
жазық бұлшық ет, гиалинді шеміршек және
капиллярлар торы пайда болады. Құрсақ
іші даму бойы альвеолалар қабысқан күйін
сақтайды.
Өкпенің балалардағы
ерекшеліктері
Туғаннан кейін бірінші дем кезінде олардың
ашылуы және ауаға толуы өтеді. Дені сау
нәрестенің тек төменгі диафрагма жанындағы
өкпенің альвеолалары ғана ашылмаған
болады. Өлі туған баланың барлық альвеолалары
қабысқан күйде болады. Соттық-медициналық
сараптау кезінде осы белгіге қарап баланың
өлу уақытын анықтауға болады. Егер өкпе
суға батса, оның құрамында ауа жоқ, яғни
бала дем алмаған, ол өлі туған. Егер өкпе
суға батпаса, онда ауа бар, бала дем алған,
яғни ол туғаннан кейін қайтыс болған.
Нәрестенің өкпесінде интерстиций жақсы
дамыған, онда лимфа тамырлары мол болады.
Бронх тармақтарының дифференцировкасы
7 жаста қарай аяқталады. Бронхтардың өсуі
20 жасқа дейін жүреді, әсіресе жыныстық
есею кезеңінде қарқынды болады. Бронхтарда
және бронхиолаларда аргирофильді эластикалық
талшықтар мен бұлшық ет элементтері нашар
дамыған.
Бұл жағдай альвеоланың нәрестелерде
тез қабысуына әкеледі. Нәресте өмірінің
бірінші айында эластикалық талшықтар
альвеола аймағында пайда болады. 5 жастағы
баланың өкпесінде эластикалық компонент
альвеола арасында жетілген, бірақ тіпті
12 жасар балада да ол әлі жеткіліксіз.
Өкпенің эластикалық каркасы 18-20 жаста
жетіледі.
Өкпенің салмағы мен көлемі де туғаннан
кейін тез арта бастайды. 8 жасқа дейін
ол 8 есе, 20 жасқа дейін 20 есе өседі. Нәрестеде
ацинустардың саны аз болады. Бір жасқа
дейін ацинустардың өсуі жаңа альвеолалардың,
жаңа альвеолярлық жолдардың түзілуі
арқылы жүреді. Жаңа альвеолярлық жолдардың
құралуы 7-9 жаста аяқталады, жаңа альвеола
капшықтарының түзілуі 12-15 жаста тоқтайды.
Аэрогематикалық тосқауылдың құрылымдарының
дифференцировкасы 9 жасқа қарай аяқталады.
Көрнекі материал
Әдебиет.
1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология,
цитология и эмбриология: Учеб. для мед.
вузов / М.: Медицинское информационное
агентство, 2007. – 600 с.
2. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология,
эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа,
2009. - 408 с.
3. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас
по гистологии, цитологии и эмбриологии
/. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.
4. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас микрофотографий
по гистологии, цитологии и эмбриологии
для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232
с.
5. Гарстукова Л.Г., Кузнецов С.Л., Деревянко
В.Г. Наглядная гистология (общая и частная):
Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М.
: Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.
6. Бойчук Н.В. и др. Гистология: Атлас для
практических занятий / - М.: ГЭОТАР-Медиа,
2008. - 160 с. 50
7. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология.
Цитология: Учебник для студентов мед.
вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. -
456 с.
8. Пуликов А.С. Возрастная гистология:
Учеб. пособие / Ростов н/Д, Красноярск:
Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с
9. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология:
Учеб. пособие: Комплексные тесты: ответы
и пояснения / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 288 с.
10. Нурсейтова К. Т. Тыныс алу жүйесінің
гистологиясы: оқу құралы / К. Т. Нурсейтова.
- Қарағанды, 2010. - 33 б.
11. Аяпова Ж.О. Гистология оқу құралы төрт
бөлімді/