Компьютердің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:22, реферат

Краткое описание

Компьютер сөзі ағылшын тілінің computer сөзінен шыққан. Бұл сөз «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютердің даму тарихы.docx

— 18.71 Кб (Скачать документ)

Компьютердің даму тарихы

Компьютер сөзі ағылшын тілінің   computer сөзінен шыққан. Бұл сөз «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.

Есептеуіш техника есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті.

Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді  жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл  үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап санап  есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалар мен, ағаш таяқшалрды жасалға кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді 

 
Ең ерте замаңғы және бәрімізге  белгілі есептеу құралы есепшот  болып табылады. Есепшоттың пайда  болған уақытың осы кезге дейін  ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда  есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай  немесе ертедегі Египет , тіпті ежнлгі Греция болуы да мүмкін.бұл санау  құралын Гректермен Батыс Еуропалықтар «абак», Қытайлықтар «суанпан», Жапондықтар  «серобян», ал Ресейде «есепшот»  деп атаған. 

1642 жылы француз математигі  Блез Паскаль он тоғыз жасында  дүние жүзінде бірінші рет  қосу машинасы деп атпен белгілі,  жетектер мен дөңгелектерден  тұратын механикалық  есептеу  машинасын құрастырды.

1694 жылы атақты неміс  математигі Лейбниц Паскалдың  идеясы дамытып , өзінің механикалық  есептеу машинасын арифометрді  құрастырды. Дөңгелектің орнында  мұнда цифрлар жазылған цилиндр  қолданылды. Арифмометр қазір оқушының  қолында жүретін калькулятордың  негізін салды. 

Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Ч. Бэббидж еді, сондықтан  оны  көптеген адамдар қазіргі  компьтердің атасы деп атайды.  1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарыллатын  «Аналитикалық машина»жобасын жасады. Дүние жүзі бойынша  алғашқы 1846 жылы Ч. Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бағдарламаушы деп  саналады .

 

 

 

 

 

Абай Құнанбаев атындағы Саран  гуманитарлық-техникалық колледжі 

 

 

 

 

           

 

Тақырыбы: Компьютердің даму тарихы

 

 

     Орындаған :Айғараева Хымбатай                             Тексерген:Алия Аманбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

                               Саран 2014


Информация о работе Компьютердің даму тарихы