Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 17:26, реферат
Барлық тірі организмдердің құрылысымен тіршілік әрекетінің негізі клетка. Организмдерге тән өсу мен көбею, зат алмасу, тыныс алу, тітіркену т.б. тіршілік әрекетінің жүзеге асуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі клеткамен байланысты. 1665 жылы Р.Гук ашқан. 1838-39 жылдары Шван және Шлейден барлық барлық тірі организмдердің клеткадан тұратынын анықтаған, және олар клетка теориясының негізін қалаған.
Клетка теориясының қағидалары:
Тіршілік қандайда бір күрделі немесе қарапайым формада болмасын ол құрылымдық функционалдық, генетикалық тұрғыдан алып қарағанда тек клетка болады.
Кез келген клетка өзінің алдында тіршілік еткен клетканың бөлінуі нәтижесінде пайда болады. ( Вирхов)
Көп клеткалы организмдердің құрылымдық функционалдық бірлігі клетка болып табылады.
Кіріспе
Клетка теориясы
Негізгі бөлім
А)Прокариот және эукариот клеткаларының құрылысы
Б)Клетка органеллаларының құрылысы мен қызметі
В)Кірпікшелілер,талшықтылар мен түкшелер.
Қорытынды
Ядрошық ұйымдастырушы учаскелерінде орналасқан. Ядрошықтың түзілуі де осы жерлерде жүреді. Метафазалық хромосомаларда мұндай учаскелер екінші реттік тартылыс деп аталады. Ядроның аса маңызды құрылым компоненті хроматин. Мұнда тұқымқуалау информациясы сақталады және хрромосомалар арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Клетканың тіршілігі барысында хромосомалар екі түрлі құрылымдық функционалдық жағдайда: ширатылған және тарқатылған күйде болады. Интерфазалық клеткада жартылай немесе толық тарқатылуына байланысты хромосомаларды көру мүмкін емес, тек майда дақтар және түйірлер тәрізденген хроматинді ғана байқауға болады. Бұл олардың қызмет атқаратын кезі. Бөлінуге кіріскен клеткаларда хроматин жіпшелері қайтадан ширатылып, тығыздалып, қысқарып жуандайды.митоздық бөліну кезіндегі хромосомалар жарық микроскобымен айқын көрінеді.
Қызметі: генетикалық информацияны сақтап тасымалдайды және белоктың биосинтезін басқарады.
Клетка қосындылары – Цитоплазманың уақытша құрылым компоненттері. Бұларға клеткада қорға жиналатын қорек заттары (крахмал, гликоген, май тамшылары, белок) және сол клеткада синтезделіп сыртқа шығарылуға тиіс заттар (секрет түйірлері), пигменттер жатады. Клеткалардың қызметіне қарай міндетті емес компоненттер оның 4 түрі бар. Трофикалық, секреторлық, экскреторлық, пигменттік.Трофикалық қосылыстарға гиалоплазмаларда жинақталған май түйіршіктері жатады. Секреторлыққа әртүрлі көлемдегі биологиялық активті заттар. Экскреторларға клеткадан шығарылып тасталынатын метаболизмнің өнімдері. Пигменттік қосындылары экзогенді, эндогенді болады. (каротин, гемоглобин,билирубин, меланин).
Клетканың қозғалыс органнеллалары атына сәйкес ағзаны үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс органеллары жануарлар дүниесінде кеңінен таралған. Оларға кірпікшелілер, талшықтылар, сұйық ортада қозғауға бейім әр түрлі өсінділер және бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады.
Пластидтер - тек жасыл өсімдіктердің клеткаларына тән органоид.Оның қызметі фотосинтез нәтижесінде органикалық заттарды синтездеу.
Цитоплазма - Клетканың көпшілік бөлігін құрайды. Ол гиалоплазмадан, органоидтардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазмаға байланысты цитоплазманың коллоидты қасиеті мен оның тұтқырлығы, серпімділігі мен жиырылғыштығы және қозғалысы жүзеге асырылады. Гиалоплазма клетканың ішкі ортасын құрайтындықтан мұнда үнемі күрделі зат алмасу процестері (белок синтезі, гликолиз) жүріп жатады. Ядро мер органоидтарды өзара байланыстырып олардың қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Органоидтар – Цитоплазманың тұрақты құрылым компоненттері . Олар жалпы және арнайы қызмет атқаратын органоидтар болып екіге бөлінеді.
Клетканың қозғалыс органеллалары атына сәйкес ағзаны үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс оорганеллалары жануарлар дүниесінде кеңінен таралған. Оларға кірпікшелілер, талшықтылар, сұйық ортада қозғауға бейім әртүрлі өсінділер және бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады.
Қарапайымдылар (жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше) негізінен бір орынан екінші орынға кірпікшелілерінің және талшықтарының жәрдемімен қозғалады. Жануарлар тіршілігінде кірпікшелілер әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, омырқалы жануарлар мен адамның кеңсірігінде бір бағытта (кеңсірік сыртына қарай бағытталған) орналасқан мыңдаған кірпікшелілер болады. Олардың негізгі қызметі – ауаның құрамындағы шаң тозаңдарды сүзіп қалу.
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады. Және денесі бір ғана жасушадан тұрады. Мысалы, талшықтылар класының өкілі жасыл эвгленаны алуға болады. Дене тұрқы - 4-500 микро милиметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы суқоймалардан кездестіруге болады.
Жасыл эвглена жыныссыз жолмен, бөліну арқылы көбейеді. Ең алдымен дененің артқы жағына қарай орналасқан, ядросы бунақталып, болашақтағы жас эвгленаның алдыңғы бөлігінде жаңадан талшық пайда болады. Одан 2 жұтқыншақ түзіліп, 2 вакуоль және 2 ядро пайда болады. Сонымен қатар кірпікшелілер класына жататын кірпікшелі кебісшеден 10-15000 кірпікше болады, осы кірпікшелілердің әр қайсысы өскенше қимылдайды, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады.
Кірпікшелілердің қоректенуі.
Негізгі қорегі бактериялар және ұсақ ағзалар. Қоректену мүшелері ауық ойысы, жұтқыншақ және ас қорыту вакуолі.
Көбеюі. Кірпікшелі кебісше бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Көбею кезінде екі ядросы да біраз созылып, екі жаққа қарай бөлініп, екі жасуша пайда болады. Әр жасушадан жеке мүшелері біртіндеп түзіледі.
Қолданылған әдебиеттер:
АО « Қазақ Медициналық Академиясы»
Тақырыбы: Клетканың қозғалыс органеллалары
Орындаған:Жиембаев.Е.Б.120 – ОМ
Қабылдаған: Абдрахманова.Б.М
2008 ж.
Жасушаның құрылыс компоненттері