Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 19:53, реферат
Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы болған кезде).
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.
Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.
Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.
Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.
Сперматозоид құрылысы
1 - гликозилтрансфераза рецепторы;
2 - акросомальды гранула;
3 - "чехлик";
4 - проксимальны центриоль;
5 - митохондрия;
6 – фибрилл қабаты;
7 - аксонема;
8 - дистальды центриоль;
9 - циркулярды фибрилла.
Сперматогенездің жетілу кезеңінде — диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.
Шәуеттүзілу (сперматогенез); (spermatogenesis, грек, sperma — ұрық, genesis — даму, түзілу) аталық жыныс жасушаларының еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларындағы даму процесі. Сперматогенез көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.
Сперматогенез қалыптасу процесі - кезеңімен немесе спермиогенезбен аякталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акро- сомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтің жасушасына енуінде үлкен рөл атқарады. Центриольдер ядроның карама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады.
Қорытынды
Көбею – барлық тірі организмдердің өсіп өнуін белгілі бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Көбею қарқыны жануарлар өмірінің ұзақтығына, жыныстық жағынан жетілу кезеңіне, буаздық мерзіміне, туылған төл санына, сондай-ақ, құстарда бір ұялағандағы жұмыртқа санына және тіршілік ортасы жағдайына, оның әсеріне байланысты. Көбеюдің жануарларда кездесетін түрлері өсімдіктерде де болады. Адамның Көбеюі биологиялық ерекшеліктерімен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайға және адамның психикалық әрекетіне байланысты. Жыныстық көбею – аналық және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттары әр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс клеткалары аналық (жұмыртқа-клетка) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-клетка және сперматозоидтар аналық және аталық организмдерде жетіледі. Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Тіршілік дамуының негізгі қасиеті — көбею. Көбею тіршіліктің маңызды қасиеті ретінде организмдердің құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерінің ұрпақтарға берілуі мен өмір бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көбеюдің басты маңызы — ДНК молекуласында нуклеотидтер реттілігі түрінде жазылған генетикалық акпараттың сақталуы, іске асырылуы және ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдануы.
Пайдаланылған әдебиеттер