Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 10:05, курсовая работа
Өсімдіктер табиғаты күрделі зертхана. Олар ауаның құрамынан күрделі көмір қышқыл газдарды, топырақтан минералды заттарды, азотты сіңіріп алады да және өз кезегінде олардан қантты, қышқылдарды, эфир майларын, витаминдерді, алкалоидтарды, гликозидтерді және басқада көптеген заттарды өндіріп шығарады. Бұл және басқада өндірілетін химиялық заттарды өсімдіктердің әсер етуші бастамасы деп айтуға болады. Әрбір өсімдіктердің өзіне ғана тән әсер ететін бастамасы болады және ол өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінде орналасады: мысалы, бір өсімдіктерді эфир майлары тамырында немесе тамыр-сабағында болса, кейбіреулерінде жапырағында немесе гүл шоғырында болады. Сондықтан өсімдіктің әсер ету бастамасын, оның қандай бөліктерінде шоғырланатынын білу оларды мал азығы ретінде қолданғанда маңызды.