Эволюция туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 15:51, реферат

Краткое описание

Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

эволюция.docx

— 17.41 Кб (Скачать документ)

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ

 ДАРВИНГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ  ТІРІ ТАБИҒАТТЫҢ ДАМУЫ ЖАЙЛЫ  ҰҒЫМДАР

 

Ерте заманғы, орта ғасырдағы  және қайта өркендеу дәуіріндегі  эволюциялық идеялар. Жер бетінде  тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы  мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын  саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

 Тірі табиғаттың дамуы  жайлы алғашкы идеялар Үндістанның,  Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің,  Грецияның ертедегі материалистерінің  еңбектерінде байқалады. Олардың  ұғымы бойынша табиғаттағы барлық  зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі  дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар  қалыптасады делінген.

 Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді  ірі қаранын, жылқының, балықтың  түрлі тұқымдарын және әсемдік  өсімдіктерді шығаруға бағытталған  арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген.  Ертедегі философтар тірі ағзалар  эволюция әрекетінде бір түрден  екінші түрге айналады деген  пікірде болған. Солардың бірі  Гераклит барлық тірі ағзалар,  тіпті адам да ең алғашкы  материядан табиғи жолмен дамып  жетілді дейді. Жануарлар мен  өсімдіктер арасында өтпелі формалардың  бар екені жайлы болжауды алғашқы  ұсынушылардың бірі Аристотель  болды. Сол кездегі осындай  материалистік бағыттағы ой-пікірге  қарсы табиғатта карапайымнан  күрделіге дейінгі дамудын бар  екенін жоққа шығаруға тырысқан  метафизикалық көзқарас та қалыптаса  бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар  аралығында Еуропа елдерінде  «жаратылыстану» ғылымында ұзақ  уақытқа созылған тоқырау заманы  туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен  бастап антик табиғат зерттеушілері  — Аристотель, Платон мен Теофрастың  шығармалары кең колдау тауып,  қайтадан оқыла бастады.

 Сауданың дамуы, теңізде  жүзудің кең етек алуына байланысты  жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың  басына жаратылыстану ғылымдары  — астрономия, геология, ботаника  және зоологияның дамуына себеп  болды.

 Әйгілі ағылшын философы  Ф. Бэкон (1561—1626) иңдукция әдісін  ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер  тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі  тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл  үндеу табиғат зерттеушілердің  арасында кен колдау тауып,  соның нәтижесінде түрлі ғылыми  салаларда көптеген жаңалыктар  ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы  А. Везалий адам денесінің кұрылысын  зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы  жөніндегі ілімін жариялады.

 Микроскоптың ашылуына  байланысты өсімдік жасушасының  кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар  дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың  құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты  зерттелді.

XVI—XVII ғасырлар аралығы  биологияның даму саласында сипаттау  кезеңі болып есептеледі. Осы  қарсанда биологияның барлық  салаларында тірі ағзалардың  түрлері жайлы сан алуан деректі  материалдар, жинактамалар көбейе  бастады. Тірі табиғаттын өлшем  бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын  ботанигі Джон Рей (1628—1705) оған  ең алғаш анықтама берді.

 Биология саласында  XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың  алғашқы жартысындағы аралықта  қалыптасқан эволюциялық көзқарастар.  Тірі табиғатты жүйелеуде аса  зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр —кұрылысы жағынан ұксас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді.

 Линней түрді латын  тілінде қос атпен атауды (биноминальдық  номенклатура) тәжірибеге енгізіп,  оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар  отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді.

 Линней барлық өсімдіктерді  гүліндегі аталықтары мен аналығынын  саны, пішіні, көлемі және құрылысына  қарай 24 класқа, ал жануарларды  тыныс алу және қанайналым  мүшелерінің кұрылысына қарай  6 класқа топтастырды. Жануарлар  кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер  және кұрттарды жатқызды. Ең соңғы  құрттар класына Линней қарапайымдыларды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды  да енгізді.

 Линнейдің құрастырған  жүйесі жасанды деп аталады,  өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы  туыстықты емес, ұқсастықты ғана  көрсететін жүйе болды.

 Линней табиғат туралы  метафизикалық көзқараста бола  отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен)  адамның жануарлар дүниесіндегі  орнын дәл тауып, оны адам  тәрізді маймылдармен қатар бір  отрядқа орналастырды.

 Тірі табиғатты жүйелеуде  жіберген бірқатар кемшіліктеріне  қарамастан Линней енбектері  орасан зор бағаланады. Ол өзіне  дейінгі ғалымдардың барлығынан  да өзгеше, жануарлар мен өсімдіктердің  ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің  шығу тегін анықтауға, жүйелеудін  одан әрі дұрыс дамуына жол  ашты. Түрлерді қосарынан латынша  атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер  мен 4500-ге жуық жануарларды  сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық  терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы  кезінде Линней түрлердің тұрақты  еместігін мойындады. 1749 жылы Ж.  Бюффон «Табиғи тарих» атты  көп томдыкенбегінде «бейорганикалық  заттардан тірі ағзалар (алдымен  өсімдіктер, одан кейін жануарлар  мен адам) пайда болды дей отырып,түрдің  өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады.  Органикалық дүниенің эволюциясы  жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д.  Дидроның, Ч. Дарвиннің атасы Эразм  Дарвиннің, И. Канттың еңбектерінде  де жазылған».

 Ресейде эволюциялық  идеялардың дамуы. Ресейде табиғат  туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса  бастады.

 Жер қыртысының тарихы  туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов  өлі табиғаттағы өзгерістердің  тірі табиғаттағы өзгерістерге  тікелей байланысты екенін айтса,  Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф  алғашкылардың бірі болып, ұрықтың  дамуы жөніңде дұрыс пікір  ұсынды.

 А.Н.Радищев табиғатты  біртұтас деп тауып, ондағы  даму қарапайымнан күрделі құрылысты  ағзаларға қарай жүреді деген  пікірде болды. Зоолог К. Ф.  Рулье түрлердің тұрақтылығы  жайлы метафизикалық көзқарасты  қатты сынап, ағзалардың қай  кайсысы болса да айналадағы  ортаның әсерінен өзгереді, ал  өз кезегінде ағзалар сыртқы  ортаны өзгертеді деді.

 Аса кұнды эволюциялық  идеяны А. И. Герценнің еңбектерінен  де кездестіруге болады. Ол құрылысы  мен физиологиялық ерекшеліктері  жақын ағзалар арасында міндетті  түрде туыстық байланыстар бар,  яғни олардың шығу тегі бір  деп жазды.

 Ж. Б. Ламарктың эволюциялық  ілімі

 Алғашқы эволюциялық  теория XIX ғасырдың басында жарық  көрді. Оның негізін қалаушы  француз ғалымы Ж. Б. Ламарк  өзінің 1809 жылы басылып шыққан  «Зоология философиясы» атты  еңбегінде түрлердің тұрақтылығы  жайлы пікірге қарсы болып,  түрлердің өзгеретіндігін, бірақ  бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен  оны байқау қиын екенін түсіндірді.

 Ламарктың жүйесінде  жануарлар реті бір жасушалы  қарапайым жәндік кірпікшелі  кебісшеден басталып, сүткоректілермен  аякталған. Мұнда барлық жануарларды  6 сатыға, 14 класқа жіктеу арқылы  орналастырған. Ламарктың бұл  жүйесінен баспалдақ сипатында  жануарлар кұрылысының біртіндеп  күрделенуін, яғни жоғарылауын  (градация) көруге болады. Ламарктың  пікірі бойынша органикалық формалардың  қарапайым құрылыстан күрделі  кұрылысқа карай біртіндеп жоғарылауы  тарихи дамудың нәтижесі


Информация о работе Эволюция туралы түсінік