Эхинококкоз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:05, реферат

Краткое описание

Эхинококкоз - клиникалық белгілері күрделі, созылмалы түрге айналып, асқынып, қаза болу жағдайымен аяқталатын паразитарлық өте ауыр індет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эхинококкоз реферат.docx

— 1.25 Мб (Скачать документ)

Эхинококкоз - клиникалық белгілері күрделі, созылмалы түрге айналып, асқынып, қаза болу жағдайымен аяқталатын паразитарлық өте ауыр індет.


Эхинококк құрттарының  жетілуі

 

      - Эхинококкоз қоздырғыштары иттердің  ішегінде өмір сүретін майда ленталы құрттар.

- ауыл шаруашылық малдары  (қойлар, шошқалар, сиырлар және т.б.)  эхинококктердің  аралық қожайындары  қызметін атқарады

     -  олардың  организмдерінде паразиттің личинкалы  (балаңқұрт) қалталы кезеңі дамиды.

     -  Итке   малдардың эхинококк личинкалары  бар  шикі ішкі органдарын  берген кезде оған  ауру жұғып,  иттің  ішінде  жыныстық тұрғыдан  жетілген құрттар өседі 

     - эхинококк  құрттарының ұзындығы- 0,5 см. шамасында болып, саны бірнеше мыңға жетеді.

     - Эхинококк  иттің аш ішегінде 5-6 ай өмір  сүргеннен кейін сыртқа шығады.

     - Жұмыртқасы  жарылып, мыңдаған жұмыртқалар  босап шығып, қоршаған ортаға  тарайды. Олар топырақта, иттер  мен басқа да жануарлардың  жүндерінде айлап тіршілік етеді. 

    - Итке   малдардың  эхинококкпен зақымданған  шикі  ішкі органдарын берген кезде  оған  ауру жұғып, иттің   ішінде  жыныстық тұрғыдан жетілген  құрттар өседі


       Жұғу көздері:

Індеттің   негізгі  көзі   -   ауру ит.

      Таралу жолдары

Эхинококкоз – жануарлардың инвазиалық ауруы, осы аурумен ауырған жануарлар мен малдардың ішкі құрылысын пайдаланған жағдайда адам ағзасына жұғады. Оның қоздырғышы – ішкі қуысы сұйықтыққа толған біркамералы будыршақтар. Эхинококк будыршақ көлемдері  әр түрлі бидай дәнінен, жас сәбидің басындай болады. Жануарлар ағзасында оның көлемі бір және оннан да көп  кездеседі, оны Ленталық саты дейді.  Е. granulosus  түрі ит, түлкі, қасқырларда кездеседі.   Эхинококк жұқтырған    бауыр, өкпе, бүйректің көлемі және түсі  өзгеріп кетеді. Кейбір жағдайда оны жұқтырған ағза эхинококк будырщақпен көмкеріліп кетеді. Мұндай ағзаның көлемі ұлғайып, қатайып түсі өзгеріп кетеді. Эхинококкоз ауруын өкпе түберкүлезінен айыра білу қажет, себебі олардың ұқсастықтары өте көп.   Сондықтан ет өнімдерін пайдалану кезінде мұқият болу шарт.  Эхинококк жұмыртқаларымен ластанған көкөністер, жеміс-жидектер, лас қолдар және ауру итпен араласу арқылы  таралады.

 

       Зақымданатын органдар

    Эхинококк жұмыртқалары адамның ішегіне түскеннен кейін қан тамырларына түсіп, қан арқылы

-бауырды 

- өкпені

- миды және басқа да  органдарды зақымдайды 

       Эхинококкоз көп жағдайда – бауырды және, оның оң жақ бөлігін зақымдайды. Эхинококк жұмыртқалары  кейде қан айналымы арқылы өкпеге, ағзаның басқа мүшелеріне таралады.  Бауыры зақымданған адамдар әдетте оң жақ қабырға астының ауыратынын айтады, ол жер кейде іседі және ағзада түрлі аллергиялық реакциялар пайда болады.  Эхинококкоздың екі түрі болады: гидатидті және альвеолярлы. Гидатидті эхинококк екі қабатты қабығы бар, іріңді ісік түрінде кездеседі. Ал альвеолярлы эхинококк тығыз болып келеді, оның қабығы болмайды. Іріңді ісік өскен сайын, бауырды қысып, әрі қан құрамына зиянды заттар бөлінуіне әсер етеді де, адам сарғайып, жағдайы нашарлайды.  Эхинококкоз дертіне байланысты күдік туған жағдайда, ішкі ағза мүшелерін ультрадыбыстық, т.б. тексерулерден өткізіп, қан құрамын зерттеу керек. Бұл дертті емдеу үшін, міндетті түрде операция жасалады.

     Эхинококкоздың алдын алу шаралары:

-иттерге малдың эхинококкпен  зақымданған  шикі органдарын  бермеу;

-жеке бас гигиенасын  сақтап, үй жануарларымен араласқаннан  кейін міндетті түрде қолды  сабындап  жуу;

-жеміс-жидектерді қолданар  алдында мұқият жуу;

- жеке және заңды тұлғалардың  иттерін есепке алып, тоқсайын  дәрілеу

-ауырған итті дер кезінде  анықтап, емдету.

                     Эхинококкоздың даму айналым  сатысы

 

                              Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары» авторы: М.С. Сабаншиев
  2. Ғаламтор желісі www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

     «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

 

 

    

       Тақырыбы: Эхинококкозды иммунологиялық балау және ауруды анықтауда аллергиялық әдістің ерекшеліктері

 

 

 

 

 

                                           Орындаған: Бектібаева. Р ВС 407

                                           Қабылдаған: Сүттібайқызы.С

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Алматы 2012

                                  Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Эхинококк құрттарының жетілуі
    2. Жұғу көздері
    3. Таралу жолдары
    4. Зақымданатын органдар    
    5. Эхинококкоздың алдын алу шаралары
  3. Қорытынды:
  4. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 


Информация о работе Эхинококкоз