Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 08:30, реферат
Инфекция» - латын тілінен аударғанда жұқтыру деген ұғым береді. Инфекция дегеніміз эволюциялық процесс барысында биологиялық құбылыс ретінде қалыптасқан макро- және микроорганизмдер арасында өзара қарым-қатынасты анықтайтын күрделі процесс.
Инфекциялық процесс патогенді микробтар (ауру тудыратын) әсерінен макроорганизмде туатын күллі процестер мен физиологиялык және патология-лық реакциялардың жинағын сипаттайды. Ол тізбекті түрде дамиды және организмде болатын биохимиялық, цитохимиялық, морфологиялық өзгерістер-дің күрделі жинақ-түйіндерінен құралады. Инфекциялық процестің өзіне тән сипаттамасы болады.
Инфекция туралы
ілім
«Инфекция» - латын тілінен аударғанда
жұқтыру деген ұғым береді. Инфекция дегеніміз
эволюциялық процесс барысында биологиялық
құбылыс ретінде қалыптасқан макро- және
микроорганизмдер арасында өзара қарым-қатынасты
анықтайтын күрделі процесс.
Инфекциялық процесс патогенді микробтар
(ауру тудыратын) әсерінен макроорганизмде
туатын күллі процестер мен физиологиялык
және патология-лық реакциялардың жинағын
сипаттайды. Ол тізбекті түрде дамиды
және организмде болатын биохимиялық,
цитохимиялық, морфологиялық өзгерістер-дің
күрделі жинақ-түйіндерінен құралады.
Инфекциялық процестің өзіне тән сипаттамасы
болады.
Инфекциялық немесе жұқпалы ауру инфекциялык
процестің клиникалық көрінісі ретінде
қаралады және бірқатар клиникалық симптомдармен
(белгілермен) сипатталады. Бұл аурудың
өзіне тән клиникалық белгілері болады.
Инфекцияны екі топқа бөледі:
а) Манифестті инфекция типті, атипті,
созылмалы т.б. түрінде өтетін
инфекциялық ауру;
б) Симптомсыз инфекция — тасылдаушылық,
латентті, абортивті, ұйқылы
т.б.
Инфекциялык процестің негізгі факторлар
қасиетгері бойынша (яғни коздырғыш пен
макроорганизм) инфекцияның негізгі формалары
аныкталған:
Реинфекция, суперинфекция, микст-инфекция,
екіпші рет дамитын инфекция түсініктемелері
бар.
Реинфекция бір қоздырғышпен қайтадан
инфинирлену және
инфекцияның клиникалық көріністері,
айқын көрініс береді, себебі аурудан
сауыққан кезде қаркынды иммунитет дамымайды.
Суперинфекция бір қоздырғыш тудырған
аурудан сауықпай сол қоздырғышпен қайтадан
инфицирлену.
Микст-инфекция бір мезгілде түрлі микроорганизмдер
тудыратын екі инфекциялық пропестің
дамуы. Қарама-қайшы түсіпік — моноинфекция.
Екінші ретте дамитын инфекция бірінші
ретте дамыған жұқпалы ауру кезінде иммуиитеттің
әлсіреу нәтижесінде екінші ретте дамитын
ауру пайда болды. Ауру түрлі қоздырғыштармен
(бактерия, вирустар, сацырауқүлақтар)
пайда болуы мүмкін. Сау адамға патогенді
емес немесе әлсіз патогенді болатын қоздырғыштар
тудырған екінші ретте дамитын инфекциялар
иммунодефицит байқалатын науқастарда
оппортунистік инфекпия деп атайды.
Аутоинфекция ағзаның тері және кілегей
қабығының өз микрофлорасы (жиі, шартты-патогенді)
ортацизмнің басқа биотонына түскенде
(мысалы, жарага), яғни өзін инфицирлену
нәтижесінде дамитын инфекциялық процесс.
Инфекцияны- тағы экзогенді және экзогенді
(аутоиифекция), ошақты (локалді) және жайылмалы
(геперализацияланган) деп бөледі.
Жұқпалы аурулардың
даму динамикасы
Жұқпалы аурулар дамуы нақты циклмен,
кезеңдер ауысуымен сипатталады. Инкубациялық
және продромалды кезендері, аурудың қарқынды
(айқын) және сауығу (реконвалесценция)
кезеңдері анықталған.
Инкубациялық кезең - жүру уақытынан бастап
аурудың бірінші клиникалық белгілері
көрінгенге дейінгі кезең. Осы уақытта
организмде қоздырғыштың белсенді көбеюі
байқалады. Қоздырғыш және оның токсиндері
арнайы деңгейге жеткенде (табалдырық
деңгейі) организмде аурудың клиникалық
көріністері көріне бастайды, яғни келесі
продромалді кезең басталады. Инкубациялық
кезең ұзақтығы әр түрлі болады: бірнеше
сағаттан көп айларға созылуы мүмкін,
алапес ауруында — көп жылдар бойы. Оның
себептері - қоздырғыштың жұғу дозасы
мен патогенділік дәрежесі, және организмнің
төзімділік жағдайы.
Продромалдык, кезең, немесе алғашқы кезеңі.
Бұл кезең жалпы көріністермен басталады
- әлсіздік, бас ауырсынуы, жалпы күйі нашарланады,
дене қызуы т.б. Ұзақтъггы 24-48 сағат аралығы.
Аурудың қарқынды (айқын) кезеңі. Нақты
циклмен сипатталады. Симптомдардың ұлғаю
сатысы (іпсгеmепtum сатысы), аурудың қарқынды
сатысы (асте сатысы) және симптомдардың
бәсендеу сатысы (dесгеmеntum сатысы) анықталған.
Аурудың манифестті түрінде осы ауруда
байқалатын симптомдар айқын көрінеді
және жалпы симптомдардың кей түрлері
кездесуде -кызба, интоксикация, қабыну
процесс, кейде бөртпелер.
Сауығу кезеңі, немесе реконвалесценция.
Адамның клиникалық белгілерден сауығуы
патологоанагомиялық және бактериологиялық
сауығуына қараганда ерте басталады. Адам
сау болғанымен, зақымданган жерде патологоанатомиялық
өзгерістер кете қойған жоқ (мысалы, дизентериядан
кейін тоқ ішектің кілегей қабығында).
Реконвалесценция толық жетілген болса
- барлық процестер асқынусыз қалпына
келеді. Бірақ, кей ауруларда ауыр асқынулар
пайда болады, мысалы: полиомиелит, энцефалит
ауруларынан соң бұлшық ет параличі байқалуы
мүмкін; вирусты гепатит В соң бауыр циррозы
т.б. Назар аудару қажет, жұқпалы аурудан
соң бактериологиялық сауығуға, яғни организмнен
қоздырғыш толық сыртқа шығуы керек. Түрлі
жұқпалы ауруларда бактериологиялық сауығу
уақыты түрлі құбылмалы болып келеді.
Бұл жағдайды науқастың емханадан шығуында
есептейді. Мысалы, іш сүзекте реконвалесценттердің
80% бірінші екі аптасында бактерия тасымалдаушылығы
байқалады. Бактериологиялық сауығу лабораторлы
бактериологиялық тексерулермен - қадағаланып
тұрады. Бактерия тасымалдаушылықтың
эпидемиологиялық маңыздылығы жоғарыда
айтылды.
Бактериялардың патогенділігі.
Патогенді факторлар және олардың генетикалық
бақылауындағы ерекшеліктер.
"Патогенділік" - микроорганизмнің
ауру қоздыру қабілеті. Ол екі грек сөзінен
тұрады: раіһоз - қайғы-қасірет, gепеs - тудыру.
Патогенді, яғни ауру тудырушыларға барлық
бактериялар жатпайды. Микро- және макроорганизм
арасында түрлі .симбиоз формалары бар:
мутуализм, комменсализм және паразитизм.
Патогенділік, немесе ауру тудыру қабілет
абсолютты емес. Оның пайда болуы келесі
шарттарға байланысты:
Патогенділік ауру тудыру қабілет
— бактерияның түр (видовое) қасиеті,
түрдің барлығына тән, бірақ түрлі өкілдерде
түрлі дәрежеде көрінеді. Сондықган, патогенділік
дәрежені бағалау үшін вируленттілік
термин пайда болды. Патогенділік және
вируленттілік (латын тілінен virulentus - улы)
бір мағынада - ауру тудыру қабілет, бірақ
вируленттілік дегеніміз саналық баға,
яғни пагогенділіктің дәрежесі, өлшемі.
Вируленттілікті күшейтуте (ұлғайту) және
бәсендету (төмен) болады. Бұны қоздырғышқа
түрлі әсер беру нәтижесінде байқауға
болады. Л.Пастер сібір түйнемесіне қарсы
вакцина алғанда, оның қоздырғышын жоғары
температурада өсірді (42"С) - қоздырғыштың
патогенділік қабілетіне жауанты плазмида
жоғары температурада бұзылады. Л.Пастер
қүтыруға қарсы вакцинаны алғанда, ол
көжектерге жоғары вирулентті құтыру
қоздырғышының штаммын селекциялап адамға
патогенді емес штаммын алды. Л.Себип полиомиелитке
қарсы тірі вакпинаны полиовирустың үш
типтерінің селекциясын жасағанда авирулентті
штаммын алды.
Микроорганизмнің вируленттілік санын
үш әдісте анықтауға болады: микроорганизмнің
немесе олардың токсиндерінің минималды
өлтіру дозасы — Dlm, Dcl, Dl50, Dlm (letalis minima) - арнайы уақытта
жануарларды өлтіретін доза - қатыстық
баға, жануар түріне байланысты. Dlm көжекке,
итке және теңіз шошқасында әр түрлі болады.
Dсl (dosis сertа letalis ) - сөзсіз өлтіретін доза,
яғни барлық жануарларды өлтіретін доза;
ол да қатыстық доза болып келеді. Сондықтан,
статистикада қолайлы болып жұқтырған
жануарлардың 50% өлетін доза - Dl50 есептеледі. Бұны Рид. және Менч
әдісі бойынша статистикада есептелінеді.
Патогенді (вируленттік)
факторлары
Патогенділік бактериялардың биологиялық
белгі ретінде үш қасиеттермен нәтижеленеді:
инфекциялық, инвазивтік, токсигендік
(немесе улылық -токсиндік).
Инфекциялык (немесе инфективтік) — бұл
қоздырғыштың организмге енуі және ауру
тудыруы. "Микробтың ену механизмінің
біреуімен енгенде өзінің патогенді қасиеті
сақталып беткейлі барьерлерден (тері
және кілегей қабығы) өтеу қабілеті"
(Л.М.Королюк, 1995).
Инвазивтік - қоздырғыш организмнің қорғаныс
механизмдерінен сау өтіп, көбейеді, клеткаға
өтіп, организмде таралу қабілеті. Бұл
қасиет патогенді микроорганизмдерде
пагогенді факторлар топтасқанда сипаттама
береді. Олар клеткаға енген соң қарқынды
көбейеді; фагоцитозды бәсендететін факторлар
және фагоцитозды өткізбеуге бейімді
факторлар микроорганизмдерде кездеседі;
"агрессия және қорғаныс" ферменттері
көптеген топтар қалыптастырады.
Бактериялардың токсигенділігі олардың
экзотоксин бөлуімен сипатталады. Улылық
(токсичность) эндотоксин әсерімен байланысты.
Экзотоксин және эндотоксин организмге
әсер етіп оның оміріне қатерлі жағдай
тудырады.
Инфекциялық, инвазивтік (агрессивтік)
және токсигендік (улылық) қасиеттер бір-бірімен
міндетті түрде байланысты емес, әр микроорганизмде
олар өзгеше сипатталады. Кей микроорганизмдерде
басты бағытта агрессивті (инвазивті)
қасиет болады. Мысалы, оба қоздырғышы
Ү.реstis экзотоксин түзгенімен («тышқан»
токсині), негізгі фактор ретінде организмнің
резистенттілігін тежейтін, жылдам түрде
клетка ішінде көбеюін және организмге
таралуын қадағалайтын патогенді факторлар
басым болады. Сонымен қатар, сіреспе,
дифтерия және ботулизм қоздырғыштардың
иифекциялық қасиеті әлсіз болғанымен,
олар өте күшті экзотоксин түзіп ауруды
дамытады, оның патогенезі мен клиникасын-қарқынды
өткізеді.
Сондықтан, осындай күрделі биологиялық
қасиеті — патогенділік - пато-генді бактериялардың
нақты патогенді факторлармен байланысты,
және олар-дың көріністері келесі қасиеттердің
пайда болуымен сипатталады. Оларға жатады:
8. Микробтар токсиндері. Эндотоксин
және экзотоксин анықталған. Эндотоксин
теріс грамды бактерияларда ғана бар.
Ол ЛПС және онымен байланысты белоктар.
Эндотоксиндер термостабилді (температураға
төзімді), тек бактерия бұзылғанда сыртқа
шығады. Эндотоксин экзотоксинге қарағанда
спецификасы байқалмайды. Олардын улылығы
және пирогенділігі теріс грамды бактериялардың
ЛПС құрамына кіретін белок А-мен байланысты.
Эндотоксиннің пирогендік әсері бас миының
термо орталығымен байланысты емес. Олар
полиморфты ядролы лейкоциттерден пирогенді
заттар бөлінуін стимуляциялайды. Эндотоксин
" қабыну агенттер ретінде болады: капиллярлардың
өткізгіштігін артады және клеткаларды
бұзады. Олардың қабыну және пирогенді
әсері бейспецификалы. Эндотоксинмен
уланудың көптегеп көріністері жалғыз
ЛПС әсерімен мұқтаж емес, эндотоксин
биологиялық белсенді заттар бөлінуін
қамтамасыз етеді -- гистамин, серотонин,
простагландин, лейкотриен т.б., барлығы
20 астам. Осы биологиялық белсенді заттар
организмнің мүшелері мен тіңдерін зақымдайды.
ЛПС үш компоненттері липид А, полисахаридтің
ядросы және оның қабырғалы тізбегіндегі
қанттар қатары - күрделі антигенді қасиеттермен
сипатталады. ЛПС интерферон синтезін
стимуляциялайды, комплемент жүйесін
классикалық жолмен белсендіреді, лимфоциттерге
митогенді және аллергенді әсер береді.
Эндотоксиннің токсикалық қасиеті экзотоксинге
карағанда, формалинге салғанда жойылмайды,
ал ЛПС анатоксинге өтпейді.
Экзотоксин. Экзотоксинді оң грамды және
теріс грамды бактериялар түзеді. Оң грамды
бактерияларда экзогоксин ЦПМ және клетка
қабырғасында қарқынды синтезделіп сыртқа
шығарылып тұрады. Теріс грамды бактерияларда
(тырысқақ вибрионы, токсигенді ішек таяқшасы,
салмонеллдер) кей экзотоксиндері (энтеротоксин)
арнайы қолайлы жағдайда түзіледі, яғни
инфицирленген организмде және цитоплазмада
сақталады, клетка бұзылғанда сыртқа шығады.
Экзотоксиндердің
негізгі қасиеттері
Барлық анықталған бактериалді экзотоксиндер
— белоктар, термолабилді және термостабилді.
Экзотоксинін негізгі қасиеттері олардың
химиялық құрылымы белоктан тұратынынан
байланысты: олардың токсигенді әсері
өте күшті (табиғатта ең күші жоғары токсиндер
- микробтар арасында), латентті кезең
өткен соң спецификасы өте жоғары (лабораторлық
жануарларды сіреспепіп қоздырғышы меп
токсиндерімен жұқтырғанда клиникасы
бірдей көрінеді). Экзотоксиндер күшті
антигендер, кей түрлері — суперантигендер.
Оларға организмде антиденелер түзіледі,
яғни антитоксиндер—олардың әсерін нейтрализациялайды.
Экзотоксинді формалинге салса олар жойылады
да анатоксинге өтеді. Анатоксиндерде
токсикалық қасиеті болмайды, бірақ антитоксин
синтездеу сақталады. Сондықтап, дифтерия,
сіреспе, ботулизм т.б. ауруларда жасанды
иммунитет қалыптастырута кең қолданады.
Молекулярлық құрылысы бойынша экзотоксиннің
екі тобы анықталған: