Инфарктқа барар жол оңай, қайту жолы қиын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 16:59, реферат

Краткое описание

Мен өз басымнан өткен, өзім сезінген жүрегіме түскен ауыртпалықтан, жолыма батқан қатты ауыру сезімнен шыққан, жүрегімді түршіктірген ауыр сезімді өткізіп сезінгенім бар.
Мен қорқыныштан, шаршағаннан аяғымда әрең тұрмын.
Менің атым – Хаат. Міне 55 жыл бойы, туғаннан бері, дем алыссыз, бірде жиырылып, бірде босаңсып, әр минут, әрбір күн, жылдар бойы уақыт машинасы сияқты дамылсыз, қозғалыста жұмыс істеп келемін. Енді бүгін өзімнің жарамсыз, қартайғанымды сезіндім.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаралы жүрек.doc

— 30.50 Кб (Скачать документ)

                                             

                                             Жаралы жүрек.

                                 

                                                        Инфарктқа барар жол оңай, қайту жолы қиын.

                                                

             Мен өз басымнан өткен, өзім сезінген жүрегіме түскен ауыртпалықтан, жолыма батқан қатты ауыру сезімнен шыққан, жүрегімді түршіктірген  ауыр сезімді өткізіп сезінгенім бар.

            Мен қорқыныштан, шаршағаннан аяғымда әрең тұрмын.

             Менің  атым – Хаат. Міне 55 жыл бойы, туғаннан бері, дем алыссыз, бірде жиырылып, бірде босаңсып, әр минут, әрбір күн, жылдар бойы уақыт машинасы сияқты дамылсыз, қозғалыста жұмыс істеп келемін. Енді бүгін өзімнің жарамсыз, қартайғанымды сезіндім.

            Менің қожайыным көптен бері темекі тартып келеді. Әр кез, темекінің түтінін ішіне тартқан сайын, никотин ағзамды уландырады, қан қысымын және жиырылғыштығын күшейтеді. Темекінің түтініндегі улы заттар: никотин, көмірқышқыл газы, аммиак, бензол қанға араласып, қан тамырының ішкі қабырғасын зақымдайды. Зақымданған жерде атеросклеротикалық түйін қалыптасады.

             Қожайыным екеуіміз бір-бірімізге тәуелдіміз. Қожайынымның жаман әдеттері болмаса, мен өз жұмысымды дұрыс істеген болар едім. Қожайыным тәтті де майлы тағамды азырақ жесе, көбірек қимылдаса, мен бұндай жағдайға ұшырамайтын едім. Әрбір жыл сайын денсаулығым нашарлап, оттегімнің қажеттілігі де жоғарлады.

             Бұл жағдайға жеткізген, сол күні қожайыным өзінің жалғыз ұлымен ұрысып қалған кезде, мен жағымсыз эмоцияларды көтере алмадым. Қожайыным кеуденің тұсында қатты, ауырсыну сезімін басынан өткізді, ауырмаған жері жоқ, кеуде торынан бастап, қолынан, арқасынан аурусынды. Бұл 1 период.

            2 периодта мен сол жақ қарыншаның бір бөлігі некрозға ұшырғанын, бұны сол жақ миокардты қоректендіретін тәждік артерияларының жабылғанның сездім. Осы, 2 жұма ішінде арнайы емді қабылдап, жағдайымыз жақсарып, ауырсыну сезімі жоғалып, бірақ тахикардия, әлсіздік болды.  3 период кезіңде 4-6 жұмаға созылатын, дене температураның, қан құрамының қалыпты болуы және некроз жерінде дәнекер тінмен тыртықтануымен байқалады. 4 периодта 6 айдан 1жылға дейін клиникалық белгілері жоқ, миокард функцияның біртіндеп қалпына келеді, компенсаторлық механизм арқылы.

             Инфаркт дамуының негізгі себебі – тәждік артериялардың атеросклерозы. Инфаркт дамуының қауыпті факторының бірі – бұл адамның жасы. Жасы 40тан асқан бұл қауыпті жас, сонымен бірге адам жынысы әсер етеді. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдар 10-15 жыл кешірек бұл ауруға шалдығады. Тағы бір себебі - тұқым қуалаушылық. Бұл қауіп - қатерлер бізге тәуелсіз. Ал біз күресе алатын факторларға  - темекі тарту, дене салмағының артық болуы және аз қозғалыста болу.

             Бұл оқиғадан кейін қожайынымның өзіне және денсаулығына деген көзқарасы өзгерді. Мұндай оқиғаны кайталамас үшін менің қожайыным жаман әдеттерден біртіндеп айырыла бастады.

             Сақтансаң сақтайды - дегендей, өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыздар!


Информация о работе Инфарктқа барар жол оңай, қайту жолы қиын