Хорофитум

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 09:27, реферат

Краткое описание

Хорофитум (гүл) – бөлмеде өсетін гүл. Грек тілінен аударғанда «chloros» - жасыл, «phyton» - өсімдік деген мағынаны білдіреді. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда тараған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Ғалымдар хлорофитумның ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл гүлді әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 137.71 Кб (Скачать документ)

Хорофитум (гүл) – бөлмеде өсетін гүл. Грек тілінен аударғанда «chloros» - жасыл, «phyton» - өсімдік деген мағынаны білдіреді. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда тараған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Ғалымдар хлорофитумның ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл гүлді әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

   Жарығы:

  Ала жапырақтыларына жарық қажет, көлеңкеде түссізденіп кетеді. Жасыл жапырақтылары      көлеңкеде де өсе береді.

  Жылуы:

  Жазда 15-200С, қыста 70С-дан төмен түспегені абзал.

  Суғарылуы:

  Жазда жиірек, қыста сирек суғарылады.

  Ылғалдылығы:

  Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кетеді. Сондықтан су бүркіп тұру қажет.

  Қоректендірілуі:

  Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіріп тұрған жөн.

 Аурулары:

 Ауруға сирек шалдығады. Алайда щитовка, өсімдік биті, ақ ұнт

ақ құртының әсерінен ауруы мүмкін.

Көбейтілуі:

Балапандары және түбін бөлу арқылы көбейтеді.

Фикус гүлі.

 

Фикус (FICUS ФИКУС) үй гүлдерінің ішіндегі ең кең таралғаны және танымалы десек те болады. Туысында 1500-2000-ға жуық түрі болғанымен «Каучук фикусы» көп өсірілетін түрі. Сонымен қатар, «Бенджамин фикусы» және «Эластика фикусы» деген түрлерін де өсірушілер қатары көбейіп келеді. Әдемі жапырақтарына бола бұл гүлді нағыз мекеме гүлі деп айтады. Дегенмен де фикус көпшілікке ең алдымен көп күтімді қажет етпейтін «көнбістігімен» танымал болған шығар. Бүгінгі біз айтқалы отырған фикус «каучук фикусы». Каучук фикусының өзі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашында, жасыл, жалпақ жапырақты бір түрі болса, қазіргі кезде оның сары ала, ақ ала, қызыл ала және ұсақ жапырақты, бойы аласа секілді бірнеше түрі шығарылды. Барлық түрінің күтімі бірдей. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жапырағының түстерінде ғана.

  Жарығы

Тіке түскен күн сәулесін көтере алмайды. Ала жапырақты түрлері жарықты ұнатады, көлеңкеде ала түсін жоғалтып, жай жасылға айналып кетеді. Жарық жетіспегеннен төменгі жапырақтары түсіп қалады.

  Жылуы:

  Жылу сүйгіш өсімдік. Қыста температура 16-180С төмен болмағаны дұрыс.

 

   Суғарылуы:

  Жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты суғару қажет. Топырағында судың тосылып қалғанын ұнатпайды. Суғаратын судың бөлме температурасы деңгейінде жылы болғаны дұрыс.

 Ылғалдылығы:

Жапырақтарын дымқыл матамен сүртіп тұру керек. Ол фикусқа әрі ылғалдылық беріп, әрі жапырақтарын шаңнан тазартады. Ұсақ жапырақты фикустарға су бүркіп тұру қажет.

 Қоректендірілуі:

 Фикустың барлығы шіріген көң мен құнарлы топырақты ұнатады. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын тазалап алып, жаңа топырақ салып тұрған абзал.

 Аурулары:

 Өрмекші, ақ ұнтақ саңырауқұлағымен, өсімдік битімен ауырады. Кез келген ауру фикусқа көп суғарғаннан және тазалықтың жоқтығынан келеді.

 Көбейтілуі:

Қалемшелеу және жапырағы арқылы да көбейтіледі.

 

 

 

                                                              ПАЛЬМА гүлі.

 

  ПАЛЬМА (Palmae) – дара жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Негізінен тропиктік ормандарда, теңіз жағалауларында, саванналарда, шөлейтті жерлердегі оазистерде, биік тау басында (3000 м-ден биіктікте) таралған. Пальмалардың 250 (кейбір деректерде 212) туысы, 3400-дей (кейбір мәліметтерде 2780) түрлері бар. Биіктігі 60 м-дей, діңінің диаметрі 1 м-ге дейін (юбея), көбіне бұтақтанбаған, жапырағы топтанып, жоғары жағында орналасқан. Пальманың бұтатәрізді, сабағы діңінің қолтық бүрінен не тамыр сабақтан дамитын, сабағы болмайтын, жер бетіне тек жапырағы өсіп шығатын түрлері бар; сабағы жіңішке (диаметрі 2 – 3 см), ұзын (300 м-дей) шырмалып өсетін түрлері де кездеседі. Пальманың жапырағы кезек орналасады, қауырсын салалы, ұзындығы 15 м (рафия), ені 5 м-ге жетеді (таллипот Пальмасы). Бұлар 5 – 12 кейде 30 – 50 жылда гүлдейді, гүлдері масаққа немесе сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Пальмалар көбіне даражыныстылар (кейбіреулері ғана қосжынысты болады), жасыл, ақ не сары ұсақ гүлдері екі қатар шеңбер бойымен орналасады, гүл серігі бос жатады, олар етті болып келеді. Аталығы 6, жемісі – қақырап ашылмайтын сүйек не жидек. Тұқымы ірі, қатты эндоспермді болады. Пальманың көптеген түрінің жемісі тамаққа (саго Пальмасы, кокос Пальмасы, құрма Пальмасы, т.б.) қолданылады. Тұқымынан май, сағыз алынады, күнжарасы малға беріледі, жапырақ бүрі тамаққа пайдаланылады. Көптеген елдерде Пальманың жеміс шырынынан шарап ашытады, қант, діңінен крахмалды саго жармасы алынады. Қабығынан арқан есіледі, талшығынан бас киім, жіп, себет тоқылады, жапырағынан қағаз, өсімдік балауызы алынады. Қазақстанда Пальманы әсемдік үшін қолдан өсіреді. Алматыдағы Бас ботаникалық бақта құрма Пальмасы, вашинктония, ливистона, трахикарпус, хамеропс, т.б. түрлері өседі.

 Пальмалар – жеке бір тұқымдас құрайтын, жапырағы әдемі өсімдіктер тобы. Араб әмірлігі, Үндістан, Оңтүстік Еуропа, Қытай, Жапония жерлерінде кең таралған. Жылу сүйгіш, аздап шөлге де шыдамды. Үй гүлдерінің ішінде биік болып өсетін, кең бөлмелер мен үлкен залдарды көмкеруге қолайлы өсімдік. Ол күннің тіке түскен сәулесін, мол суғарғанды және тазалықты сүйеді. Пальма бөлме жиһаздарымен жақсы үйлесімге келеді. Сол себепті де оны өсірушілердің қатары көп. Үй жағдайында биіктігі 1,5-5 м аралығында болады. Жылы аймақтарда ғана гүлдеп, жеміс салады. Солардың бірі – кәдімгі құрма. Ал, үй жағдайында олар өз деңгейінде өсе алмайтындықтан, тек жапырағының ғана әдемілігін тамашалауға болады.

 Күтімі

Жаз кезінде молынан суғару қажет. Суды неғұрлым жылытып құйған дұрыс. Суық судан төменгі жапырақтары  сарғайып кетеді. Кешкі немесе таңғы  салқында суғарған абзал. Жас өркендері  шыға бастаған кезде әдеміжапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқыштармен  қоректендіру керек. Көктемде сәуір, мамыр  айларының аралығында, екінші рет  тамыз, қыркүйек айларында қоректендіріледі.

Көбейтілуі

Пальманы қолдан көбейту  қиын жұмыс. Себебі, ол көбінесе тұқымы арқылы ғана көбейеді. Тұқымы арқылы көбейту  жұмыстарын арнайы жылыжайларда білікті  мамандар ғана жүзеге асырады. Сондықтан, дайын көшетін өсірген дұрыс.

 

 

                                                                     Шегіргүл.

Шегіргүл (лат. Viola tricolor) —  фиалка туысына жататын шөп өсімдіктерінің бір түрі. Мұны кейде: «үштүсті гүл», «ағайынды гүл», «бақ фиалкасы» деп  те түрліше атайды.

Шегіргүл тұқымдасына  жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде шала бұталар. Жер шарында  негізінен қоңыржай аймақтарда кездесетін 500-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда, өзен жағаларында, орман арасында, жыраларда  өсетін 31 түрі бар. Жиі кездесетіні  — үш түсті шегіргүл (Viola tricolor). Оның биіктігі 10 — 15(25) см. Сабағы тік, аласа.

Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төм. жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары — жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді. Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 — 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғары күлтесі  қанық көк, қошқыл, екі жағындағылары — ашық көк, төменгілері — сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Жемісі — үшұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді.

 

Үшгүлді шегіргүл — дәрілік  өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және витаминдер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында  Шегіргүлдің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын  емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен  қолданады. Шегіргүлден алынған  препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты  жөтелге ем. Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.[1][2]

 

Шегіргүл – генерия  тұқымдасына жатады. Отаны-Шығыс  Африкадағы Узамбар мен Улугур таулары. Германияда және Россияда «узамбар фиалкасы», Англияда «африка фиалкасы» деп  атайды, ал, сенполия-латьынша аты. Сенполия атауы осы гүлді бірінші болып  тапқан Шығыс Африка губернаторы  барон Вальтфер фон Сен-Полияның құрметіне орай шыққан. Табиғатта 20-ға жуық түрі бар. Олардың әдемілігіне  қызығып түрлерін жинап, сұрыптау жұмыстарын жүздеген жылдар бойы жүргізіп келе жатқандықтан, қазіргі кезде оның мыңдаған түрлері  бар. Түрлерінің көптігінен олардың  қай сұрыпқа жататынын ажыратудың өзі қиын. Сондықтан шегіргүлдерді  пішіні, түрі және түсіне байланысты топтастырып  қарастыруға болады. Гүліне байланысты қарапайым, күрделі, гүлпарлы, шашақталған  деп айыруға болады. Гүлінің түсі біркелкі ақ, күлгін, қызыл және түрлі- түсті болып келеді. Жапырағына байланысты түрлері әдетте доғал, дөңгеленген  және жүрек пішіндес. Түсі біркелкі ашық және қою жасыл. Беті жылтыр, тегіс  қатпарлы, және түкті болып келеді. Жапырағының жиегі тегіс, аратісті болып келетін түрлері бар. Шегіргүлдерді  көлемдеріне байланысты да ажыратуға  болады. Әдетте көп таралған гүлдің көлемі 20-40 см, одан үлкен 40-60 см-лік  ірі түрлері және диаметрі 15 см, тіпті 6 см-лік кішкентайлары да болады. Сонымен қатар шегіргүлдердің төменге  жайылып өсетін түрлері де бар.

Жарығы:

Жарықты жақсы көреді және гүлдеу мезгілінде кемінде 13-14 сағат  үздіксіз жарық болғанын қалайды. Тік  түсетін күн көзіне қоюға болмайды.

Жылуы:

Жазда 21-220С. Қыста бөлме  температурасының 16 0С -тан төмен  болмағаны абзал.

Суғарылуы:

Жазда молынан жиі, қыста  топырағының беткі қабаты құрғағанда. Суғарғанда жапырақтарына су тигізбеу керек.

Ылғалдылығы:

Ылғалдылықты қажет етеді, бірақ түгі бар жапырақтарына  су бүркуге болмайды. Түбектің астындағы  ыдысқа қиыршық тастар салып, суды түбек  түбіне тимейтіндей мөлшерде құю  керек немесе гүлдің жанына ыдысқа су құйып қоюға болады.

Қоректендірілуі:

Көктем-жаз айларында он күнде бір рет, ал қыста айына  бірнеше рет толық минералды  тыңайтқышпен қоректендіреді.

Аурулары:

Кене, аққанат, ақұнтақ құрты  зиянкестерінің әсерінен ауырады және артық суғарғаннан шіріп кетуі  мүмкін.

Көбейтілуі:

тұқым арқылы, бірақ жапырақ  қалемшелерімен, жанама өскіндерін бөлу арқылы көбейткен тиімдірек.


Информация о работе Хорофитум