Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 18:57, лекция
«Тұкымқуалау ақпараты» дегеніміз - бұл мелім ағзаның, барлық нәруыздарындағы аминқышқылдардың ретін көрсету. Құрамында жүздеген аминкышкылдары бар нәруыздағы бір ғана аминқышқылдың өзгеруінен нәруыз қалыпты қызмет істей алмай қалады. Ем қонбайтын, тұқым қуалап өлтіретін «орақ тәрізді жасушалы анемия» ауруы бар. Науқас адамдардың эритроциттері дөңгелек болмай, орақ тәрізді, жіңішке ай түрінде болып келеді Бұл кезде ағза созылмалы оттектік тапшылыққа душар болады да өледі, өйткені орақ тәрізді эритроциттер гемоглобині оттегін жеткілікті мөлшерде қосып ала алмайды. Бұл ауру гемоглобиндегі бір ғана аминқышқылдың алмасуынан туындайды. Яғни орақ тәрізді жасушалы анемиядан азап шекпеген барлық қалыпты адамдардың гемоглобиніндегі аминқышқылдар қалыпты ретпен орналасады. Тек қана науқас адамдарда бар болғаны бір аминқышқылы басқа аминқышқылымен орын ауыстырады