Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 08:59, реферат
Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме........................................... 2
1.2 Гмо өнімдеріне ғалымдардың көзқарасы....................................................4
1.3 Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдердің денсаулыққа зияны мен пайдасы.................................................................................................................5
1.4 Қияр қауындай, шие қызанақтай.................................................................9
1.5 Ұлттық заңнамамыз ГМО туралы................................................................11
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ал Еуроодақ құрамына кіретін мемлекеттерде жем-шөп ретінде қолданылатын ГМО-өнімдеріне тыйым салынбаған. Дегенмен, салмақты себептері болса, өз аумағына ГМО өнімдерін кіргізуге тыйым сала алады. 2005 жылы Венгрия гендік тұрғыда өзгертілген бұршақты өсіруге, сырттан кіргізуге шектеу қойды. Бұндай шектеуді Франция, Германия, Польша сынды елдер де енгізген. Австрия, Греция, Польша түбегейлі ГМО-дан бас тартса, Болгарияда гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктерді өсіруге жол жоқ. Сондай-ақ, гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған тұқым өсіруге Венесуэла, Эквадор, Перу сынды елдерде шек қойылған. [4]
Әрине, Қазақстан әлемдік өзгерістерден сырт қала алмайды. Сондықтан Президент ауылшаруашылық ғылымын дамыту, аграрлы-инновациялық тәжірибелік кластерлерді құру туралы міндет қойды. Әсіресе құрғақшылыққа төзімді ауылшаруашылық мәдени дақылдарын шығару жолдарын қарастыру қажет. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулерды жүргізу – уақыт талабы. Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өнімнің құрамында ГМО-ның бар-жоқтығын тексеретін 6 зертхана болғанымен, гендік тұрғыда өзгертілген ағзаларды өсіру мен айналымға шығуын бақылайтын ещқандай механизм болмай тұр. Тіпті қазақстандық нарықта құрамында ГМО-сы бар қандай азық-түліктер жүргеніне мониторинг жасалмаған, нақты ақпарат жоқ. Тек бірді-екілі ГМО-сы шектен тыс бұршақ пен сояны әкелуге тыйым салынғанын естігенбіз.
...Бүгінде АҚШ гендік
модифицияланған өнімдерді
Көкөніс пен жеміс-жидекті көптеп
тұтынатын кез де келіп жетті. Сауда орындарында,
әсіресе, жеміс-жидек сатылатын бөлімдер
қызу алыс-беріс алаңына айналған.
Нарықтағы бағаны байыптап қарасаңыз,
әзірге өзгеріс жоқ. Өзіміздің оңтүстік
өңірлердің, Өзбекстанның жылыжайларында
өскен өнімдердің бағасы аспанда да, қалыпты
Қытай өнімдері – жерде. Ақшасы аздар
қытайдыкін қанағат тұтқанымен де, қалталылар
қымбат болса да, әрине, өзімізге жақын
жерде өскендерге жүгіреді.
Бірақ, сонда да осында ойландырмай қоймайтын
бір мәселе бар екені анық. Айталық, мысалға,
Америкадан әкелінген тауықтың еті бізде
440 теңге тұрады да, өзіміздің қазақстандық
өнімдер 480 теңгеге сатылады. Құрлық асып
келгеніне, үнемі семіз болып май басып
тұратынына, ірілігіне қарамастан, америкалық
тауықтар – қолжетімді. Сол секілді, шекара
асырылып, алыстан ат арылтып жеткізілген
Қытайдың көкөністері де арзан да, мына
іргеміздегі Ташкенттің өнімдері қымбат.
Мұның мәнісі неде?[6]
1.4 Қияр қауындай, шие қызанақтай
Осыдан бірнеше жыл бұрын ақын
ағамыз Мұхтар Шаханов Парламент Мәжілісінің
депутаты болып отырған уағында осыған
ұқсас мәселе көтерген. «Қытайдың алмалары
өзіміздікінен арзан және түрі үнемі әп-әдемі
болып жылтырап тұрады. Оған құрт та түспейді.
Ұзақ сақталады. Дәмі жоқ болса да, қазір
бәріміздің дастарханымыздан орын алған.
Ал енді осында бір гәп бар сияқты. Соны
зерттеп, тексеріп жатқан адам бар ма?
Осы Қытайдың жемістері денсаулыққа қалай
әсер етуі мүмкін?» – деп, мәселе көтерген.
Таң қаларлығы сол, бізде шет елдерден
әкелініп жатқан азық- түлікті, соның ішінде
көкөністер мен жеміс-жидектерді толыққанды
қадағалап, лабораторияда зерттеп отырған
орталықтар жоқ екен. Сауда орындарындағы
зертханалар тек нитраттарды, ағзаға бірден
әсер ететін зиянды заттар мөлшерін анықтайды.
Сол себепті, әлгі құрт түспейтін, шірімей,
езілмей, ұзақ сақталатын трансшекаралық
өнімдер өзінің ғажап қасиеттерімен ертегілер
елінен әкелінгендей жұмбақ болып қала
береді.[5]
Десек те, кез келген өсімдік өзінің тарихтан
белгілі қасиеттерін, дәмін, пішінін өзгерткенде
оның табиғи өнім еместігін пайымдай беруге
болады. Ол – гендік өзгеріске ұшырағандықтың
белгісі. Ал гендік модификация мәселесі
бүгінге дейін біздің елімізде жете мән
беріліп, назарға алынбаса да, халықаралық
тағамтану институттары ғалымдарының
қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып
жүрген мәселесіне айналды.
Не жеп жүрміз?
Гендік модификация – биотехнологиялық
жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді
өсімдік түрін жасап шығару.
1950 жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа
дамыған биотехнология ғылымы бүгінде
осылай адам баласына өсімдіктің Құдай
жаратпаған жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік
тудырды. Мұның бір пайдасы – бүгінгі
күні талғажу қылуға тиімді ас өнімдерін
дайындап шығаруға көмектеседі. Мәселен,
қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың
бір миллиарды ашығып, халыққа тамақ тауып
беру мәселесі туындап отырғанда биотехнологияның
жетістігімен қиындықтан өтуге болады.
Америка, Англия елдері ғалымдардың көмегімен
осындай жаңа өнім түрлерін өндіріп, Кения,
Индия, Африка елдеріне апаруды қолға
алған. Бірақ, бұны мемлекеттік деңгейде
жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің
қолымен жүзеге асырды. Бір ескере кететін
жайт, биотехнология арқылы өндірілген
азық-түлік пен жеміс-жидектер өз елдерінде
сатылуына жол берілмейді.
Биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай
мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым
жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып
отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс
салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға
мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық
тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен
тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез
пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер
өсіру жолын пайдаланды.
Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін
адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен
көкөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар
мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен,
оңайлықпен езіле қоймайтын қып- қызыл
тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың
азу тісінің гені еніп жатқанын байқай
бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра
алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге
шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін
баратын картоппен бірге доңыздың генін
ағзаға сіңіреді.
Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да
сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер
залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан
алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді.
Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың
азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының
ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып
жібереді. Осылайша қызанақ ДНК- сы өзгеріп,
мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді.[6]
ДНК-сы өзгерген өсімдік денсаулыққа қауіпсіз бе?
Дүниежүзілік сауда ұйымының
талабы бойынша, құрамдас елдер генетикалық
түрлендірілген тағамдарды импорттауға
шектеу қоймауға тиіс. Алайда, айтып өткеніміздей,
АҚШ пен Англия гендік модификациядан
өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына
шек қойып отырады.
Бүгінде дүниенің төрт бұрышында сауда
орындарын Қытай тауарлары жаулап алған.
Алайда, Америка осыдан бірнеше жыл бұрын
Қытайға қарсы нота жариялап, қытайлық
азық-түлік тауарларының елге кіргізілуіне
тыйым жасады. Дәл осылай Еуроодақ, жекелеген
елдерден– Малайзия мен Жапония да Қытай
тағамдарының кейбір түрлерінің әкелінуіне
тосқауыл қойды.
Осы жағдайлардың өзі тағамтану саласының
ғалымдарын біраз сарсаңға түсірді. Ресей
ғалымдары, мәселен, алпауыт елдер қамданып,
қауіптің алдын алып жатқандықтан, гендік
модификацияланған тағам түрлері адам
денсаулығына зиян деген байламға келді.
Қазақ тағамтану академиясының академигі
Төрегелді Шарманов бұл пікірмен келіскен
емес.
«Кезінде селекция деген шығып, одан жұрт
ат-тонын ала қашқан еді. Тіпті, дүниежүзі
бұған қарсылық танытқан. Бірақ, қазір
селекциясыз күн көру мүмкін болмай қалды.
Сол секілді, қазір жылдан жылға көбейіп
келе жатқан гендік модификацияланған
өнімдерге қауіптене қарайтындар бар.
Тіпті, Ресей ғалымдары гені модификацияланған
өнімдер адамның генін өзгертіп, күрделі
ақауларға ұшыратады деп жүр. Бұл – әлі
толық тексеріліп, ғылыми мойындалмаған
нәрсе. Сондықтан, бүгін біржақты пікір
айта салуға болмайды. Менің ойымша, гендік
модификацияланған тағамдардың адам ағзасына
ешқандай да зияны жоқ. Қайта бұл технология
тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға
мүмкіндік беріп отыр», – дейді ол.
Десе де, қауіп сейілер емес. «Кедейдің
бір тойғаны – шала байығаны» демекші,
мүмкіндігі жеткен кез келген адам бір
рет жесе де, бағасына қарамай, табиғи
өнім алып тұтынғанды құп көреді. Олай
болатыны, бір ғана Канададағы жағдай
да әлем ғалымдарын ойландырып тастаған.
Канаданың мал шаруашылығы мамандары
қарапайым сиырдан сүтті екі есе көп беретін
сиыр түрін биотехнология әдісімен өсіріп
шығарған еді. Бұл, әрине, құпия түрде жүзеге
асырылған. Осылайша, сүті көп сиырдың
берген өнімі сатылымға шыға бастады.
Артынан эколог, дәрігерлер сүт құрамын,
оның ағзаға әсерін толықтай тексеруден
өткізді. Нәтижесінде, зиянды деп табылып,
мұндай өнімге тыйым салынды.
Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді
мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді
өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы
бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза
органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес
ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас
аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені
анықталғанға ұқсайды…
Гендік модификациялау төңірегіндегі
пікір қайшылықтарының сағызша созылуына
түрткі болып отырған да – осы жағдайлар.
Ал өсімдік құрамындағы ДНК- ның адам геніне
қаншалық әсер ететіні әлі күнге басы
ашылмаған мәселе.[7]
1.5 Ұлттық заңнамамыз ГМО туралы....
Бүгінде елімізде жыл он екі
ай бойы сатылатын көкөністер мен жемістердің
90 пайызы – Қытай өнімдері. Көптеген шет
елдерде тағам құрамына трансгеннің қай
түрі және қанша қосылғаны бақыланып отырады.
Қазақстанда шетелден әкелінген тауарларға
әзірге трансгені тұрғысынан тексеру
жасалмайды. Себебі, гендік инженерия
елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасқан.
Өсімдіктер биология және биотехнология
институтының клеткалық биология зертханасының
меңгерушсі Нәзира Бишембаеваның айтуынша,
бізде қазір ГМА (гені модификацияланған
ағза) бағдарламасы енгізілген. Тіпті,
ғалымдар алғашқы жоба бойынша трансгенді
өсімдік өсіріп те көріпті. Ол бірақ өндіріске
енгізілген жоқ. Өйткені, гендік модификациядан
өткен өнім әбден тексеріліп, ұрығы алынып,
көбейтіліп болғанша біраз уақыт өтеді.
Мәлім болғаны, қазірде ғалымдарымыз күріш,
мақта, соя, картоп, т.б. өнімдер бойынша
ғылыми жұмыстарын жалғастыруда. Мұнымен
1993 жылы құрылған Биотехнология орталығы
айналысады.
Сонымен, Қазақстан ГМА бағдарламасы қабылдаған.
Алайда, әлемде болып жатқан гендік модификацияланған
өнімдердің адам ағзасына әсері деген
мәселе бойынша қазақ ғалымдары енді ғана
үн қоса бастайды.
2010 жылы қабылданған «Тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы» заң бойынша, бізде
қазір трансгенді өнім нарыққа енгізілмесін
деген тыйым жоқ. Алайда, бүгінгі күні
Парламент «Гендік инженерия қызметін
мемлекеттік бақылау туралы» заң жобасымен
жұмыс жасап келеді. Қазіргі бет алыс бойынша,
депутаттардың мақсаты – гендік өзгеріске
ұшыраған өнімдердің отанымызда кіргізілуіне,
сатылуына шек қою. Мұндағы мақсат, әрине,
халықтың денсаулығына төнуі мүмкін қауіптің
алдын алу.[7]
Қорытынды
Биотехнологияның тағы бір өрісі,
ол биоинженерия әдістерін қолданып медицинада
арзан әрі қол жетімді, экономикалық жағынан
тиімді дәрілік препараттар мен вакциналар
алу болып табылады. .
Гендік инженерия ол функционалдық активті
генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық
ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру.
Гендік иженерияның мәні жеке гендерді
бір организмнен алып басқа организмге
көшіру.
Биотехнология ғылыми-техникалық
прогресстің қуатты қозғаушы күші болып
келе жатыр. Биология ғылымының сонғы
жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық
биология мен клеткалық биология саласында,
биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының
теориялық және әдістемелік негіздері
болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық
процестермен объектілерді пайдаланып
экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер,
витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары,
белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар,
интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық
антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.)
шығаратын өндірістің ерекше бір саласы
болып қалыптасты. Демек, азық-түлік, фармацевтикалық,
химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының
болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз
мүмкін емес.
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың
ең басты міндеттерінің бірі.
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық
конференцияда (Асиломар, Колифорния)
рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің
негізгі қағидасы қабылданды.
Биологиялық және физиологиялық қауіпсіздікті
таңдау нақты бір гендік инженерлік экспериментке
байланысты. Клондалушы ДНҚ тазалығы,
сипаттамасы, ұзындығы және т.б. қасиеттеріне
қарай анықталады.
Бүгінде жер бетінде күн
сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр
дейді статистика. Жантүршігерлік осы
жағдайды ойлағанда, гендік инженерия
арқылы өнім өндіру, әрине, қажет. Ол –
уақыт мәжбүрлігі.
Ал енді қазаққа гендік модификациядан
өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық?
Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы,
мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда
тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға
зар болып отыр ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған
тартасың» деген екен. Адамның қандай
малдың етін көбірек жесе, мінезі соған
ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп
баққан. Ал, расында, доңыздың гені қосылып,
пішіні өзгерген, үлкен-үлкен шие мен қауынмен
бірдей қытай қиярларын жеу бізді жылқымінезімізден
алыстатып жібермей ме?..
Жан-жануардың гені қосылып өндірілген
өнімді тұтыну ертеңге ұрпағымыздың да
геніне, мінезі мен болмысына әсер етіп
жүрмей ме?
Қытай көкөністері, әрине, арзан. Бірақ,
байқап қараңыз: біз не жеп, қандай болып
бара жатырмыз?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Медициналық және ветеринарлық
биотехнология. ОӘК.
2. Ж.Ж. Жатқанбаев. «Биотехнология» Алматы 2009ж.
3. ОӘК «Молекулалық биотехнология» Алматы-2009ж.
4. WWW.TEMAKOSAN.NET САЙТЫ
5. С. Ж. Стамбеков, В. Л. Петухов.
«Молекулалық биология»
6. А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий.
«Биологиялық химия» Алматы «
7. www.google.kz- сайты
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Тақырыбы: Гендік инженерия ғылымы және біз
Орындаған: ТППЖ мамандығы
І курс магистрантары
ЖалгасоваЛ.
Тексерген: Омарова Г.С