Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 16:29, реферат
Гангрена деп – ағзаның немесе оның бір бөлігінің өліеттенуін айтады. Ол қан айналымының біріншілік бұзылыстарында пайда болады. Гангрена көбінесе облитерациялық эндартериттің нәтижесінде дамиды.
Клиникалық ағымына қарай 2-ге бөлінеді: 1. Құрғақ 2. Ылғал.
Гангрена деп – ағзаның немесе оның бір бөлігінің өліеттенуін айтады. Ол қан айналымының біріншілік бұзылыстарында пайда болады. Гангрена көбінесе облитерациялық эндартериттің нәтижесінде дамиды.
Клиникалық ағымына қарай 2-ге бөлінеді: 1. Құрғақ 2. Ылғал.
Құрғақ гангрена – өліеттенген тіндердің тез кебуі және инфекция түспей мумификацияға ұшырауы. Көбінесе жүдеген және сусызданған науқастарда аяқ-қолдың қан айналымы үдемелі, баяу бұзылуының салдарынан дамиды. Мұнда тіндерде коагуляциялық өліеттену, жасуша ядроларының, эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауы және плазма белоктарының ұюы байқалады. Көбінесе құрғақ гангрена бір сегментпен ғана шектеледі және ары қарай үдемейді. Алғашқы клиникалық белгісі: тамырдың бітелу деңгейінен төменірек орналасқан ишемиялық ауыру сезімі болып табылады. Зақымдалған аяқ-қолдары бозарады, мрамор түстес болады, мұздайды, тамыр соғуы анықталмайды, сезімталдығы жоғалады және жансызданады. Ауыру сезімі ұзақ уақыт сақталады, ол өлген тіндердің арасында нерв жасушаларының сақталғандығын және өліеттену аймағынан жоғарырақ реактивті ісінудің пайда болуын білдіреді. Магистральды тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен қатар қосымша тамырлардың тарылуы да байқалады. Гангрена аяқ-қолдың шетінен басталып, тамырдың бітелу деңгейіне дейін немесе одан аздап төменірек – қосымша қан айналымы сақталған жеріне шейін таралады. Бұл процестің ағымы қолайлы болса, өліеттенген тіндер біртіндеп кеуіп, сау тін мен өлген тіндер арасында айқын демаркациялық жолақ пайда болады. Теріісі қараяды, интоксикация болмайды, науқастың жалпы жағдайы аздап қана өзгереді. Осы жағдайлар айқын демаркациялық аймақ пайда болғанша, ампутацияны немесе некроэктомия операциясын науқасқа ешқандай қауіп – қатер түсірмей кешіктіріп жасауға мүмкіндік береді.
Құрғақ гангрена
Ылғал гангрена – құрғақ гангренаны шақыратын себептерден пайда болады. Көбінесе ол қан айналымы тез бұзылғанда (эмболия, тамырдың жаралануы және т.б.) толық және ісінген науқастарда дамиды. Ылғал гангренада тіндердің шірікті ыдырауы мен оның өнімдерінің қанға сіңуінің нәтижесінде науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Өлген тіндер микробтарға жақсы қоректік орта болып табылады, сол себептен, олар тез өсіп өніп, гангренаны одан сайын күшейтеді, ал токсиндердің көп мөлшерде қанға сіңуі дененің жалпы интоксикациясын ұлғайтады. Дененің қызуы жоғарылайды, тамыр соғуы жиі және әлсіз болады, АҚ төмендейді, науқас есеңгірейді, әлсізденеді, қалтырау, шөлдеу, тері мен шырышты қабықтардың құрғауы байқалады. Өліеттену аймағында (көбінесе, ол
аяқтың ұшы мен сирақтың
төменгі 1/3 бөлігінде ) тері жамылғысы
көгеріп, қою қызыл дақтар геморрагиялық
сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда
болады. Аяқ-қолы ісінеді, көлемі ұлғаяды,
тіндер лас сұр түсті болады, шіріген
иіс шығады. Ауыр интоксикация дененің
төзімділігін төмендетеді, демарациялық
жолақ дамып үлгермейді, гангренаның
үдемелі дамуы науқастың
Қантты диабетпен ауыратын науқастағы ылғал гангрена:
Емі. Бүкіл ағзаның немесе тіндердің өліеттенуі бар науқастың жалпы жағдайын жақсартуға және жараланған тінге немесе ағзаға жергілікті әсер етуге бағытталған емдік шаралар жүргізіледі.
Жалпы ем – дезинтоксикациялық, антибактерияльді, инфузионды, симптоматикалық түзетуші ем, жүрек гликозидтері микроциркуляцияны және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын плазма алмастырушы ерітінділер, спазмолитиктер тағайындалады.
Жергілікті ем – некроэктомия орындалады. Оны скальпельдің немесе қайшының көмегімен (механикалық некроэктомия), протеолиттік ферменттермен (химиялық), және ультрадыбыс немесе лазер сәулесін (физикалық) пайдаланып жасауға болады. Үдемелі ылғал гангренада тез арада жоғары ампутация жасау керек, ал құрғақ гангренада – демаркациялық сызық түзілгенше күтеді, ампутацияны зақымдалған жерден жоғарырақ сау тіндердің аралығында орындайды.
Құрғақ гангренада ең алдымен консервативті ем: асептикалық таңулар, қан айналымын және науқастың жалпы жағдайын жақсартатын шараларды жасайды. Демаркациялық сызық анық көрінгенде өліеттенген аймақты кесіп алып тастайды.
Ылғал гангренада тек бастапқы
кезеңінде ғана консетвативті ем:
асептикалық, құрғататын таңғыштар, антибиотиктер,
сульфаниламидті препараттар
Некроэктомия жасалғаннан кейінгі аяқтың көрінісі:
Пирогов әдісі бойынша ампутацияның түрі:
Жоспар:
Пайдаланылған әдебиеттер: