Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:09, реферат
Фермент дегеніміз — белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші. Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны белгілі. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды, өйткені, олар тірі материяда әрекет жасайды. Фермент (латынның тілінде fermentum — ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде — enzym, en — ішкі, zyme — ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.