Enterobacteriaceae

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 20:45, лекция

Краткое описание

Адамға патогенді түрі Klebsiella pneumoniae, үш түрастына бөледі: Klebsiella pneumoniae subsp.pneumoniae, Klebsiella pneumoniae subsp.ozaenae , Klebsiella pneumoniae subsp.rhinoscleromatis. соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған, олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

klebsiellalar (1).docx

— 439.54 Кб (Скачать документ)

Бактерияның аталуы 1875 жылы алғаш рет неміс бактериологы Э.Клебс атымен байланысты.  

Тұқымдастығы:Enterobacteriaceae

Туыстастығы:Klebsiella

Түрі:Klebsiella pneumoniae, K.oxytoca, K.mobilis,K.planticola, K.terrigena.

Адамға патогенді түрі Klebsiella pneumoniae, үш түрастына бөледі: Klebsiella pneumoniae subsp.pneumoniae,  Klebsiella pneumoniae subsp.ozaenae , Klebsiella pneumoniae subsp.rhinoscleromatis. соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған, олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

 

Морфологиясы. Клебсиеллалар – грам теріс, шеттері жұмырланған, қысқа таяқшалар, мөлшері өте құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі – капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе қалың полисахаридті капсуласын көруге болады. Жағындыда бір – біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады

.

Дақылды өсіру. Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37*С, рН 7.2-7.4. Симмонс  қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде пайдаланады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр. Кілегейлі колониялар түзеді, сонымен қатар, ет – пептонды сорпада клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлй қабықша пайда болады; жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көбейеді.

Антигендік құрылымы. Клебсиеллалардың О-  және К -антигендері бар. О-  антигендері бойынша 11 серологиялық топтары анықталған. К-  антигендері бойынша  - 82. Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын анықтауы К-  антигендерін ажыратумен шектеледі. Кейбір клебсиеллалардың К-  антигендері эшерихиялардың және салмонеллалардың К-  антигендеріне туыстас болып келеді.

Патогенділік факторлары. Клебсиеллалардың негізгі патогенділік факторлары К-  антиген (фагоцитозды тежейді) және эндотоксин. Сонымен қатар, термолабилді және термостабилді энтеротоксин түзеді, әсер ету механизмі мен ақуыздар құрылысы бойынша энтеротоксинді ішек таяқшасының токсиніне құсас келеді. Клебсиеллалардың адгезивтік қасиеті жоғары (маннозаресзистентті фимбриялар). Вируленттік ферменттер түзеді: ДНҚ –аза, нейраминидаза, фосфатаза.

Экологиясы мен эпидемиологиясы. Ішек, жоғары тыныс жолдары, қынаптың факультативті микрофлорасының құрамына кіреді. Капсуласына байланысты қоршаған орта факторларына тұрақты және топырақта, суда, бөлмелерде көп уақыт сақталуы мүмкін.

Клебсиеллалық инфекция көбінесе ауруханаішілік ауру. Инфекция көзі- науқас адам мен бактерия тасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жұқтырулар кездеседі. Жұғу жолдары – тағам, ауа- тамшы және тұрмыстық қарым- қатынас арқылы. Негізгі жұқтыру факторлары- тағамдар(әсіресе, ет және сүт тағамдары), су, ауа. Соңғы жылдары қоздырғыштың патогенділік қасиеттерінің күшеюіне және адам ағзасының резистенттілігінің төмендеуіне байланысты клебсиеллез өсуде. Сонымен қатар, клебсиеллалар антибиотиктерге сезімталдығының төмен болуымен сипатталады.

Клебсиеллалар түрлі дезинфектанттар әсеріне сезімтал, 65*С қыздырғанда бір сағат ішінде өледі. Қоршаған ортаға төзімді; кілегейлі капсула қоздырғышты құрғаудан сақтайды, сондықтан клебсиеллалар топырақта, аурухана бөлмелерінің шаңында, жиһаздарда көптеген апта және айлап сақталады.

 

 

 

 

Биохимиялық белсенділігі. Клебсиеллалар көмірсуларды ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді ыдыратпайды, индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалық белсенділігі бар, сүтті ірітпейд.

 

Клебсиеллалар туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері

       Көрсеткіштері 

 

Klebsiella pneumoniae

ozaenae

pneumoniae

rhinoscleromatis

Индол түзілуі

+

-

-

          - 

Метил рот реакциясы

+/-

+

-

          -

Фогес-Порскауэр реакциясы

+

-

+

          -

Цитраттың утилизациясы

+

+/-

+

          -

Малонаттың утилизациясы

++

+/-

+

          -

Мочевинаны ыдыратуы

+

+/-

+

          -

Лизиндекарбоксилаза

+

+/-

+

          -

Лактозаны ыдыратуы

+

+/-

+

          -


 

Патогенезі және клиникасы. Klebsiella pneumoniae көптеген жағдайда ішек инфекциясына ұқсас даиды және жылдам бысталады, лоқсу, құсу, іштің ауырсынуы, диарея, қызба, жалпы әлсіздік байқалады. Ауру ұзақтығы –1-5 күн. Клебсиеллалар тыныс алу мүшелерін, буындарды, ми қабаттарын, коньюнктивваны, несеп шығару мүшелерін зақымдайды және сепсис пен іріңді асқынулар тудырады. Аурудың ауыр түрі генерализацияланған септико – пиемиялық үрдіс дамуы өлімге әкеледі.

Klebsiella pneumoniae subsp.pneumoniae көптеген  факторларға (дәрілерге) тұрақтылыққа  ие, сондықтан өазіргі уақытта  ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары  ішінде алдыңғы қатарында тұрады, тыныс және зәр шығару жолдарын  зақымдайды.

Klebsiella pneumoniae subsp.ozanae мұрынның  және мұрын қуыстарының кілегей  қабықтарын зақымдайды, олардың  атрофиясы дамиды, қабыну үрдіс  барысында жағымсыз иіс беретін  сұйықтық бөлінумен сипатталады.

Klebsiella pneumoniae subsp.rhinoscleromatis мұрынның  кілегей қабатын зақымдаумен  бірге, көмей, бронх,, жұтқыншақты да  зақымдайды, сонымен бірге зақымдалған  тіндерде арнайы гранулемалар  түзіледі, олар склерозданып шеміршек  тәрізді инфильтратқа айналады. Ауру созылмалы түрде өтеді.

К.oxytoca урологиялық клиникада ауруханаішілік инфекциялар тудырады.

   Иммунитеті. Инфекциядан кейін дамитын иммунитет тұрақты  емес, негізінде жасушалық. Инфекцияға қарсы тұрудың негізгі факторы – фагоцитоз. Созылмалы түрінде гиперсезімталдықтың баяу типі дамиды.

   Микробиологиялық диагностикасы. Негізгі диагностикалыұ әдіс –бактериологиялық. Тексеруге әртүрлі материалдар алынады: әрәі, қан, экссудат, жұлын сұйықтығы, нәжіс, зәр, жиһаздардан алынған жұғын, т.б. алынған материалды дифференциалды – диагностикалық К-2 қоректік ортаға (құрамында мочевина, рафиноза, бромтимол көгі бар), себеді бір тәулік инкубациялайды, түсті сары, жасыл – көк сарғыш немесе көгілдір, үлкен, жылтыр кілегейлі колониялар түзеді. Бактериялардың қозғалысын және орнитиндекарбоксилазасын анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларға тән емес. Келесі идентификациясы серологиялық әдіс қолданумен жүргізіледі, К – сарысуларымен агглютинация реакциясы қойылады, диагностикалық белгісі–антиденелер титрі төрт есе жоғарылауы байқалғанда оң нәтижелі деп есептеледі. Бөліп алынған таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

   Алдын алуы және емдеуі. Арнай сақтандыруы жоқ. Жалпы алдын алу шаралары: тағамдарды сақтаудың санитарлы – гигиеналық ережелерін қатал орындау ауруханаларда асептика мен антисептиканы қадағалау арқылы жүргізіледі.

Клибселлездің емдеуі стационар жағдайында жүргізіледі. Ішек зақымдалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды, диарея кезінде тұзды ерітінділер құю керек. Жайылған, әлсәз созылмалы түрінде антибиотиктер және аутовакцина тағайындалады. Иммунитетті жоғарылату үшін аутогемотерапия, пирогемотерапия т.б. шаралар  қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б.А. Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы.

Медициналық микробиология. Алматы, 2011.

  1. www.google.kz
  2. Ү.Т.Арықпаева, Г.Д.Асемова, К.Х.Алмағамбетова, Н.М.Бисенова, С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова, Қ.Б.Қойшыбаева, Н.В.Калина, Ғ.М.Сейтғалиев.

Микробиология және вирусология.

Астана,2005.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:                                                                                       

    1. Кіріспе

Клебсиелла токсономиясы.

    1. Негізгі бөлім

Морфологиясы.

Дақылды өсіру.Биохимиялық белсенділігі.

Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары.

Экологиясы және эпидемиологиясы.

Патогенезі және клиникасы.

Иммунитеті. Микробиологиялық диагностикасы.

    1. Қорытынды

Алдын алуы және емдеуі.

 


Информация о работе Enterobacteriaceae