Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы. Фармакологиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және сыртқы ортаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2014 в 22:38, реферат

Краткое описание

Дәрілік заттарға сезімталдылық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың iштегi нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін перинаталдык деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдылығы бойынша iштегі нәресте сонғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдык тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы баскаша болады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Дәрілік заттардың әсер көрінicтepi ушін ағзаның және оныңжағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы
2.Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
3. Фармакологиялық өзара әсерлесу
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фарма Балнур.ppt

— 951.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы. Фармакологиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және сыртқы ортаның факторларына байланыстылығы

 

Орындаған: Шатқал Б.Ә

Тексерген: Уаисова  Д.С

 

 

 “Астана медицина  университеті”  АҚ 

 

Кафедра: Жалпы және клиникалық фармакология

 

                  2014ж

 

 

 

 

І   Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1.Дәрілік заттардың әсер көрінicтepi ушін ағзаның және оныңжағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы

2.Дәрілік заттардың  өзара әсерлесуі

3. Фармакологиялық өзара  әсерлесу

ІІІ Қорытынды

ІV Қолданылған әдебиеттер

 

Жоспар:

 Дәрілік заттардың әсер көрінicтepi ушін ағзаның және оның жағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы  

 

1.  Жасы

2. Жынысы

3.Генетикалық факторлар

4.Ағзаның жағдайы

5.Тәуліктік ырғақтың  маңызы

 

Жасы 

 

  • Дәрілік заттарға сезімталдылық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың  iштегi нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін  перинаталдык деп аталатын  фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдылығы бойынша  iштегі  нәресте сонғы үш айда және  жаңа туылған нәресте  өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай  ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдык тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің  толық  дамымағандығына байланысты.  Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы баскаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) өте сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты, ол тіпті өлімге әкелуі мумкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Кішкентай жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхиалдық, мұрынның шырышты кабығын)  кушейтетін заттарды тағайындауға болмайды, ce6e6i бұл тыныс алу урдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының ce6e6i болуы мүмкін.
  •  Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын  фармакология саласын педиатриялык фармакология деп атайды.
  • Мемлекеттік фармакопеяда, әртүрлі  жастағы  балалар үшін уытты және күшті ә сер ететін  заттардың  жоғары  6ip  реттік және тәуліктік  мелшердің  кестесі  келтірілген.  Басқа заттар үшін  баланың  әр бір жыл өміріне  ересектерге арналған мөлшердің  1/20 кабылдап,  жеңілдетуге  болады.
  • Жасы егде және кәрі  адамдарда дәрілік заттардың ciңyi баяулаған,  олардың  метаболизмінің  тиімділігiнің аздау, препараттардың  буйрекпен шығу  жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік  дәрілік заттарға сезімталдылық  жоғары, осыған байланысты олардың  мөлшері төмен болу кажет.  Бұл кезде препараттардың көп турлілігін,  уыттылығы аз заттармен шектеу керек.
  • Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың  әсерін және  колданылу (гериатриялық деп аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда, ce6e6i бұл жастағы топтардың үлесі  жалпы адамдар саны ішінде өсіп  кеткен.

 

 

Жынысы 

 

  • Жануарларға зерттеу жүргізгенде керсетілгендей, оның аналығына қарағанда, аталық  түрлерінде бірқатар заттарға (никотин, стрихнин) сезімталдылық  аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың  метаболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын. Сонымен қатар, клиникалық  бақылаулар да бар. Мысалы, парацетамолдың клиренсі  әйелдерге Карағанда, еркектерде тезірек журеді. Эйелдерде менопауза кезінде шекте кальций ионының абсорбциясы баяулайды. Еркектерге Карағанда, әйелдерде верапамилдің  биожеткіліктігі жоғары. Әйелдерде диазепамның тотығуы тезірек жүреді. Әйелдерде аритмияға қарсы заттар аритмогенді әсерді («пируэт» деп аталатын) жиі туғызады. Операциядан кейінгі ауыру сезімді басу ушін, әйелдерге Карағанда, еркектерге морфиннің  жоғарғы мөлшері қажет болады.
  • Бipaқ, жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Әp6ip жағдайда, дәрілік заттардың  фармакокинетикасындағы және  фармакодинамика-сындагы  жыныстық айырмашылықтардың себептерін анықтау маңызды.

 

Генетикалық  факторлар 

 

  • Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл сандық қалай болса, сапалық та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің  әсер  ету  узактығы кенеттен жоғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жетүі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 мин. бойы әсер етеді).
  • Туберкулезге қарсы зат изониазидтің  ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарды тез және баяу метаболизмдік белсенділігі  бар деп бөледі.  Изониазид  баяу инактивацияланатын  адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін,  ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіспеушілігі бар деп есептейді.

 

  • Заттарға  тән емес реакциялардың (идиосинкразия) мысалдары белгілі. Мысалы, 8-аминохинолин тобының  безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мумкін  (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа фepмeнтiнiң жетіспеушілігі хинонның тузілуіне әкеледі, ол гемолитикалық әсер керсетеді). Потенциалды гемолитикалық  әcepi бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорихин), сульфондар (дапсон), сульфаниламидтер (стрептоцид, сульфацил-натрий, сульфапиридазин), нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), опиоидты емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) және әртүрлі басқа заттар  (налидикс қышқьылы, хинин, хинидин, левомицетин) жатады.
  • Ағзаның  дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың рөлі  фармакологияның арнайы саласы - фармакогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.

 

Ағзаның жағдайы.   

 

  • Препараттардың әcepi  ағзаның жағдайына,  соның  ішінде оларды  тағайындайтын  патологияға  байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты  түсіретін  заттар  дене температурасын  тек қызба кезінде  түсіреді (олар қалыпты температурада  әсер етпейді). Журек гликозидтерінің  қан айналымына  әсері тек журек жетіспеушілігі кезінде көрінеді.  Симпатикалық  иннервацияның тонусы жоғары болған сайын, ганглиоблокаторлардың  гипотензивтік  әcepi  көп болады. Гипертиреоз кезінде миокардтың  адреналинге  сезімталдығы жоғарылайды.
  • Бүйрек немесе бауыр қызметінің  бұзылуымен қатар журетін   аурулар  заттардың  экскрециясын және  биотрансформациясын өзгертеді.  Бұл  кезде басқа параметрлер  де -  белокпен байланысуы,  биожеткіліктік,  таралуы  өзгруі мүмкін.
  • Дәрілік заттардың  фармакокинетикасы  жуктілікте, семіздікте өзгереді.

 

 

 

Тәуліктік  ырғақтың маңызы

 

  • Физиологиялық  қызмет үшін тәуліктік ырғактың маңызды мәні бар. Сергектік пен уйкының ауысуы жуйке жуйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға ceзiмтaлдығымeн көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге тәуелділігін зерттеу, хронофармако-логия деп аталган жаңа бағыттың  негізгі мәселелерінің 6ipi.  Соңғыға хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы да жаткызады.
  • Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық  өзгеріп қана қоймай,  сондай-ақ  сапалық та өзгереді  Көпшілік  жағдайларда олардың  айқындығы басым  әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда –күндізгі  уақытта, тунгі жануарларда - тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертенге немесе тунге қарағанда  куннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады.

 

  • Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.

 

  •  Сонымен, заттардың  фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге тәуелді болады. Буған  тәуліктік ырғақтың фазасына және амплитудасына дәрілік заттардың ө3i ықпал ететінін қосу керек. Әртүрлі патологиялық  жағдайлар мен аурулар кезінде тәуліктің әрбір уақытында олардың  ағзамен өзара әсерлесуінің  нәтижесі  өзгеретіндігін де ескерген жөн.
  •     Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі  болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препараттарды рационалды мөлшерлеу үшін бұл мәліметтердің маңыздылығы кудік тұғызбайды. Физиологиялық  қызмет үшін,  сондай-ақ мезгілдік ырғақтың  да белгілі  6ip мәні бар, бұл сірә  фармакологиялық  заттардың  әсеріне де ықпал ететін болуы керек.

 

Дәрілік заттардың  өзара әсерлесуі 

 

  • Медицина практикасында бірнешe дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады. Бұл кезде, олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және онын ұзақтығын өзгерте отырып, сонымен катар жанама және уытты ықпалдарын күшейте немесе әлсірете отырып, бір-бірімен өзара әсерлесуі мүмкін.

Дәрілік заттардың  өзара әсерлесуін келесі  түрде  жіктеуге болады:

Фармакологиялық  өзара әсерлесу: 

 

 

  • Фармакологиялық өзара әсерлесу 6ip заттың, коспаның басқа компоненттерінің  фармакокинетикасын және фармакодинамикасын өзгертуіне байланысты болады. Фармакокинетикалық  өзара әсерлесу түpi сіңудің, биотрансформацияның, тасымалданудың, қорға жиналудың және заттардың бipeyiнiң шығарылуының бузылуына байланысты болуы мүмкін. Фармакодинамикалық  өзара  әсерлесу тypi рецепторлар, жасушалар, ферменттер, мушелер немесе физиологиялық жуйелер денгейінде заттардың тікелей немесе жанама өзара әсерлеуінің нәтижесі болып табылады. Бұл кезде негізгі әсер сандық (кушеюі,aлcipeyi) немесе сапалық өзгеруі мумкін. Бұдан басқа, заттарды қосып қолданғанда химиялық  және  физико-химиялық  өзара әсерлесу болуы мумкін.
  • Ферменттер белсенділігінің  тежелуі  де сіңірілуге  әсер етуі  мумкін. Эпилепсияға қарсы препарат дифенин фолатдеконъюгазаны тежейді  және  ас  тағамдарынан фолий қышқылының  ciңyiн бұзады. Нәтижесінде  фолий қышқылының жетіспеушілігі  дамиды.
  • Keй6ip заттар (алмагель, вазелин майы) ас қорыту жолының шырышты қабатының  бетінде қабат  түзеді,  ол дәрілік заттың  сіңуін  біршама қиындатуы  мүмкін.

 

  • Заттардың  өзара  әсерлесуі  олардың  қан  белоктарымен тасымалдану (байланысуы) кезеңінде болуы мумкін. Бұл кезде 6ip зат,  қанның сарысу  белогымен 6ipiккeн басқасын  ығыстыруы мумкін. Мысалы, қабынуға  қарсы препараттар  индометацин  және  бутадион қан сарысу белогымен  біріккен  кешеннен тікелей емес антикоагулянттарды (кумарин тобын) босатады. Бұл бос антикоагулянттардың  концентрациясын жоғарылатады және  қан  кетуіне әкелуі  мүмкін. Осы ұксас принцип бойынша  бутадион  және  салицилаттар қанда  бос гипогликемиялық  заттардың  (бутамид  сияқты) концентрациясын жоғарылатады және  гипогликемиялық кома шақыруы мүмкін.
  • Заттар  өзара  әсерлескен кезде, олардың фармакокинетикасының  6ip уақытта 6ipнeшe  кезеңдерінің  өзгеру  мүмкіндігін  ескерген  жөн  (мысалы, барбитураттар неодикумариннің  сіңуіне, тасымалдануына  және  биотрансформациясына  әсер етеді).

 

Фармацевтикалық өзара  әсерлесу: 

 

  • Фармацевтикалық уйлеспеушілік жағдайлары  болуы  мумкін, бұл кезде препараттарды дайындау және (немесе) оларды сақтау барысында, сонымен қатар 6ip шприцте араластырғанда, қоспалар компонентінің  өзара  әсерлесуі болады және  өзгерістің  болатындығы соншама, нәтижесінде препарат практикада қолдануға жарамсыз болып қалады. Бұл кезде бастапқы компонентте бар болған  фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады. Keйбip жағдайларда жаңа, ал кейде (уытты) жағымсыз қасиеттер пайда болады.
  • Фармацевтикалық үйлеспеушілік заттардың химиялық, физикалық және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болуы мумкін. Мысалы, үйлеспеушілік заттың  еріткіште жеткіліксіз немесе толық ерімеушілігімен, дәрілік қалыптардың  коагулациялануымен, эмульсияның қабатқа бөлінуімен, ұнтақтардың суды сіңіруіне байланысты ылғалдануымен  және epyiмeн жүзеге асырылуы мүмкін; белсенді заттардың  жағымсыз  адсорбциясы болуы мүмкін. Рецепт  дұрыс  жазылмағанда  заттардың  химиялық өзара әсерлесуі  нәтижесінде, кейде тұнба түзіледі  немесе дәрілік қалыптардың тyci, дәмі, иici және консистенциясы өзгереді.

Қолданылған әдебиеттер.

 

  1.  Д.А. Харкевич
  2. WWW:Google.kz

 

Назарларыңызға рахмет!!!

 

1


Информация о работе Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы. Фармакологиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және сыртқы ортаны