Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 18:35, реферат

Краткое описание

Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бұршақтар тұқымдасы.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae)

Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық  тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде  көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.     

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады.  Олардың сабаны мен мекені  де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары  өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін  бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің нәтижесінде  қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің  арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т.б.) жапырылғыш, тұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады.  Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады.  Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап.  Бұршақ дақылдарының  кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.

Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т.б.) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме бұршақ, т.б.) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа төзімділеу  (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады.  Бұл дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады.

Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәндібұршақ дақылдарының ішінде бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғаттық, т.б. орналасқан.

Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді  бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы  дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мың/га) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік  мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.

Биологиялық ерекшеліктері.  Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу кезеңдеріне барынша  оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену  мен дәннің толысу  кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін  шығындайтын ылғал мөлшері бойынша асбұршақ ылғал сүйгіш  өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына  байланысты, ол көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б. қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-гүлдену  кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі  топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады. Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті  300-600 аралығында. Гүлдену кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді.  Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б.  топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр , сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда да ол нашар өседі.

Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады.  Асбұршақ бір танапта  қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді.  Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады.  Себу алдындағы топырақ  өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда  өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында  түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын күшейтеді.Ауруларға қарсы нитрагинмен  дәрілейді.Асбұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млн/га өнгіш тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.

Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ  тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.

 

Бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс бар. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Бiрқатар түрлерiнiң жапырақтарының түп жағында бөбешiк жапырқтары болады. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох - Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде(клевер - Trifolium), жоңышқа(люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник - Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох - Pisum),  қытайбұршақ(соя - Glycine), үрмебұршақ(фасоль - Phaseolus),  ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния - Robinia), сиыржоңышқа (вика - Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин - Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.

Бұршақтар тұқымдасына шашақ (бөрiбұршақ, түйежоңышқа - донник - Melilotus) және шоқпарбас (беде - клевер – Trifolium) гүл шоғырлары тән. Бұршақтар тұқымдасының гүлдерi бұрыс гүлге жатады. Гүлсерiгi қосарланған: тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшалардан тұрады, күлтесiнiң саны 5. Оларың 2-уi бiрiгiп, 3-уi бос орналасады. Күлтесiнiң ең үлкенi — желкен, 2 бүйiрiндегi бос орналасқаны — ескекше, ал 2 төменгi бiрiккенi — қайықша деп аталады (29-сурет). Қайықшаның iшiнде 10 аталықпен қоршалған, бiр аналық орналасады. Көптеген өсiмдiктерде аталықтарының 9-ның жiпшелерi бiрiгiп кетедi де, 1-еуi бос қалады. Кейбiр бұршақтар тұкымдасының аталықтарының бәрi жiпшелерi арқылы бiрiгiп кетедi немесе аталықтарының барлығы бос орналасады.

Гүлiнiң формуласы:   % ♀♂    Т(5)К3+(2)А(9)+1 Ж1

Жемiсi — бұршақбас (боб). Бұршақбас бiр жемiс жапырақшасынан пайда болатын бiр ұялы жемiс. Бұршақбастың көпшiлiгiнiң тұқымдарының арасы көлденең перделермен бөлiнiп тұрады. Мұндай жемiстi бұнақұты немесе бөлшектi бұршақбас деп атайды. Бұршақтар тұқымдасының бiрқатарының жемiсi спиральтәрiздi ширатылған болып келедi (кәдiмгi жоңышқа). Қақырамайтын бiр тұқымды бұршақбаста кездеседi. Мысалы құнды малазықтық өсiмдiктiң бiрi эспарцеттiң жемiсiн дәл осындай бiр тұқымды бұршақбас.

Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң "симбиозис" — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады.

Мәдени жағдайда бұршақтар тұқымдасынан егiстiк және көкөнiс дақылдары ретiнде асбұршақ(горох - Pisum), үрембұршақ (фасоль - Рhaseolus), қытайбұршақ (соя - Glycine), бөрiбұршақ (люпин - Lupinus), ноқат (нут - Cicer), жасымық (чечевица - Lens),  т.б. өсiрiледi . Бұл өсiмдiктердiң  барлығында белок көп болады (31—61%). Сонымен бiрге, бұршақтар тұқымдасының iшiнде сәндiк үшiн отырғызылатын өсiмдiктер де көптеп кездеседi. Оларға ағаш қарған (карагана древовидная - Caragana arborescens), ақ акация (рабиния - Robinia), иiсбұршақ (чина Lathyrus) жатады. Бұл тұқымдасқа жататын көптеген өсiмдiктер шалғындарда, бұталар арасында және кiшкене тоғайларда өседi. Оларға жоңышқаның (люцерна - Medicado), түйежоңышқаның    (донник - Melilotus), беденiң (клевер - Trifolium), иiсбұршақтың (чина - Lathyrus) түрлерi және басқалары жатады.

Бұршақтар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка - Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Жоңышқа (люцерка - Medicado), түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет - Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.

 


Информация о работе Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae)