Ботулизм қоздырғыштары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:33, реферат

Краткое описание

Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады.

Содержание

Кіріспе
Ботулизм туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
Ауру белгілері
Аурудың қоздырғыштары
Алдын-алу шаралары
Қорытынды
Профилактика емдік шаралары
Пайдаланылған әдебиттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 реферат гигиена.docx

— 27.09 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биотехнология және биология факультеті

 

 

 

 

Реферат

Ботулизм қоздырғыштары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Гайыпбаева Ә.Н Мбт109

Қабылдаған: Кирбаева Д.К

Алматы 2013

Жоспар:

Кіріспе

Ботулизм туралы жалпы  түсінік

Негізгі бөлім

Ауру белгілері

Аурудың қоздырғыштары

Алдын-алу шаралары

Қорытынды

Профилактика емдік шаралары

Пайдаланылған әдебиттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ботулизм  - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет. 

Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге  көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс  салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Белгілері – әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз  алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе  екеу болып көрінеді , ішкен асы  тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді.

Аурудың алдын алу мақсатында базар , сауда нысандарынан , белгіленбеген  сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған , қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ , көкөніс салат , ет , балық  өнімдерін сатып алуға болмайды. Консервіленген салаттарды пайдаланған  кезде  сақтайтын , пайдаланатын уақыт  мерзімін қараңыз , қақпағы күмпиген (бомбаж) салаттарды пайдалаңбаныз . Үй жағдайында ет , балық , саңырауқұлақ консервілемеген  дұрыс. Жеміс-жидек , көкөніс консервіленген кезде оларды жақсылап жуып , тазасын  , бүлінбегенін пайдаланыңыз.

 

Аурудың қоздырғышы (В. botulinus) А, В, С, Д, Е типті жіңішке таяқша, ол айрықша төзімділігімен ерекше көзге  түседі, қолайсыз жағдайда спораға  айналады. Спораның сырты 2 немесе 3 қабатты  қабыршақтан қапталған болады, 120 градус температурада ғана өледі. Тяқшалар өте төзімді, кептіруге, залалсыздандыруға, суыққа төзімді келеді.

Ботулизмнің таяқшасы жануарлар  мен балықтардың ішек-қарынында  тіршілікетеді, топырақтада ұзақ уақыт  сақталады. Консервленген жеміс-жидектің, саңырауқұлақтың, балықтың, еттің ішінде таяқшалар ауасыз өсіп-өнеді. Өсіп-өнгенде  өте улы экзотоксин түзеді.

Аурудың жасырын кезеңі бір  сағаттан бірнеше күнге дейін, орта есеппен алғанда 10-12 сағатқа созылады. Таяқшалардың енетін жолдары уланған  тамақ арқылы және дұрыс қайнатып жасалмаған консервлерден.

Аурудың белгісі: сырқат адамның  іші ауырады, шаншиді, бір мәрте  лоқсиды, жүрегі мұздайды, аузының іші  құрғайды, көз алдындағы нәрсе  қосарланып көрінеді (диплопия), дауысы сыбырлап шығады. Ауру көбіне сырқат адамның  өлімімен аяқталады.

Емдеу үшін ботулизмге қарсы  сыворотканы (сары суды) ертерек қолданылуының  маңызы өте зор, сырқаттың ішкен  тамақтан асқазанын жуйып тазартылады, келесі дәрі-дәрмектер қолданылады: антибиотиктер, сульфаниламидтер.

Алдын ала шаралары: инфекцияның  тамақ, әсіресе консервілер арқылы жұғынуына қарсы күресуге бағытталуы тиіс.

Ботулизм ауруы  ботулизм таяқшаларымен зақымдалған  тағамдардың  әсерінен туындайды. Олар көбіне ет, балық және саңырауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботулизм жер шарының кез келген аймағының консервіленген өнімдерді көп қолданатын халқы арасында көптеп кездеседі.

Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды. Олар көбіне ет, балық және саңырауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботулизм жер шарының кез келген аймағының консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтары арасында көптеп кездеседі. Соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанған жағдайда ботулизм қоздырғышымен зақымданып, сол арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін. Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді. Ботулизм адамнан адамға жұқпайды. У адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Ботулизм уы өте күшті, 0,3 микрограмм мөлшері адам өлімінің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің параличі (салдың) жұту мен тыныс мүшелерінің бұзылуына әкеледі. Ботулотоксинмен улану балалар, қарт адамдар және науқастар үшін жиі сәтсіздікпен аяқталады. Уланудың алғашқы белгілері: әлсіздік, бас ауруы, ауыздың құрғауы, көз алдының тұмандануы және заттардың көзге екеу болып көрінуі. Ботулотоксинмен уланғанда адамның көзі бұлдырайды, көзі көрмей қалуы мүмкін. Онан соң жұтынуы қиындап, мойны, дене бұлшық еттері әлсіреп, іші қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соқтыруы ықтимал. 
Сондықтан тамақтан уланудың алдын алу үшін базарлардан, сауда дүкендерінен сапасы белгісіз немесе сапасын куәландыратын құжатсыз сатылып жатқан, үй жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатып аларда мұқият қарап алған жөн. Үйде қолдан консервілеу, қақтау, сүрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде шикізаттың тасымалдануы, сақталуы, санитарлық-гигиеналық, термиялық өңдеу ережесінің қатаң қадағалануы тиіс.

 Clostridium botulinum-нiң микропрепаратын фотосуреті

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Аурудың қоздырғышын  1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды. Олар көбіне ет, балық және саңырауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботулизм жер шарының кез келген аймағының консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтары арасында көптеп кездеседі. Соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанған жағдайда ботулизм қоздырғышымен зақымданып, сол арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін. Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді. Ботулизм адамнан адамға жұқпайды. У адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Ботулизм уы өте күшті, 0,3 микрограмм мөлшері адам өлімінің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің параличі (салдың) жұту мен тыныс мүшелерінің бұзылуына әкеледі. Ботулотоксинмен улану балалар, қарт адамдар және науқастар үшін жиі сәтсіздікпен аяқталады. Уланудың алғашқы белгілері: әлсіздік, бас ауруы, ауыздың құрғауы, көз алдының тұмандануы және заттардың көзге екеу болып көрінуі. Ботулотоксинмен уланғанда адамның көзі бұлдырайды, көзі көрмей қалуы мүмкін. Онан соң жұтынуы қиындап, мойны, дене бұлшық еттері әлсіреп, іші қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соқтыруы ықтимал.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • https://www.google.kz/search?q=%D0%B1%D0%BE%D1%82%D1%83%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%BC+%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83%D1%8B+%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%B0&biw=1366&bih=667&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=81FOUqGvIrTW4QS7wYB4&ved=0CCoQsAQ
  • http://jylyoi.kz/?p=1960
  • http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D1%82%D1%83%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%BC

Информация о работе Ботулизм қоздырғыштары