Биоритмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:21, реферат

Краткое описание

Биологиялық ырғақ биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап  популяциялық,  биосфералық  құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Prezentatsia1.pptx

— 3.77 Мб (Скачать документ)

Биоритмология

 

Орындаған: Қапан  Гауһар

                          223 ЖМ

Мұғалім:  Жанқал Ж.А.

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Биоритмология(«bіоs» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық)  — белгілі бір уақыт аралығында биологиялық жүйелерде болатын ырғақты өзгерістерді зерттейтін саласы.

Биологиялық ырғақ  биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап  популяциялық,  биосфералық  құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. 

Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.

    • Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
    • Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі.

 Маңызына байланысты биологиялық ырғақ

    • физиологиялық - тыныс алу, қан айналу, т.б.

2.Экологиялық - организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін болып бөлінеді

Биологиялық ырғақ - психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: 1.Сыртқы биологиялық ырғақ - күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын

2.Ішкі биологиялық ырғақ - адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын. Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:

    • ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
    • ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
    • екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
    • барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.

Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына-биологиялық ырғаққа негізделген. Мұндай қабілеттілік бір жасушалылардан бастап адамға дейін – тірі ағзалардың барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат»организмнің геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит өрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық қайталануының) өзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді. «Биологиялық сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Ғылымда «Биологиялық сағаттың» сыры әлі толықтай ашылған жоқ.

Био сағат сипаттары

Орта есеппен ғалымдардың айтуынша:

    • Сағат 1-де адам денесі ауру-сырқауға өте сезімтал келеді.
    • Сағат 2-де дененің температурасы ең төмен болады. Осы кезде бауыр улы заттарды бір жақтылы етуді тездетіп, тазарту жүргізеді.
    • Сағат 3-те тамырдың соғуы, тыныс алу рет саны азайып, бұлшық еттер босайды .
    • Сағат 4-те денедегі барлық органдардың қызметі баяулап, қан қысымы төмендейді. (жалпы таңғы сағат 4 те өлу мөлшері мен туылу мөлшері жоғары болады. Себебі ми бөлімінің қанмен қамдалу мөлшері азаяды).
    • Сағат 5-те адамның ұйқысы негізінен қанады. Осы кезде қатерлі ісік және басқа сырқат жасушалары бөлінуі біршама тездейді.
    • Сағат 6-да адамның есте сақтау қабылеті ең жоғарғы шекте болады.
    • Сағат 7-де бүйрек үсті без гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы өреге жетеді. Қан айналымы тездейді.
    • Сағат 8-де жыныс гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы шекке жетеді. Сағат 8-10 аралығы бір тәуліктегі есте сақтау қабілетінің жоғарғы шегі.
    • Сағат 9-да жүректің толық қызметі басталады. Рух көтеріңкі болады. Адамның жұмысқа белсенділігі артады.
    • Сағат 10-да адамның зейін шоғырландыру қуаты мен есте сақтау қуаты ең жоғары шекте болады. Бұл сәт қызмет істеудің ең өнімді кезі саналады.
    • Сағат 11-де көздің көру қуаты ерекше жақсарып, жарыққа өте сезімтал келеді.
    • Сағат 12-де ой қорту қабілеті біртіндеп төмендейді. Сағат 12-13 аралығы түскі ұйқының ең жақсы мезгілі.
    • Сағат 13-те бауыр тынығып, адам қалжырап шаршағандай сезініп, демалуды қажет етеді.
    • Сағат 14-те дененің қалыпты гормон бөліп шығаруының салдарынан сезім баяулап, рух салғырттайды.
    • Сағат 15-18 аралығында дененің температурасы, қан қысымы ерекше өрлейді. Иіс, дәм сезу түйсігінің ең сезгір мезгілі.
    • Cағат 16-да қандағы қант құрамы көбейеді де, көбінесе өң қызғылт тартады. (Бұл мезгілді ғалымдар суға жүзу рекордын жасаудың тиімді мезгілі деп есептейді).
    • Сағат 17-де қатерлі ісік жасушаларының бөлінуі ең баяу бөлінетін мезгілі. (Бұл мезгілде спортшылар машықтану мөлшерін еселеп арттыруына болады).
    • Сағат 18-19 аралығы ұзақ уақыттық есте сақтаудың ең жақсы мезгілі. Сағат 18-20 аралығында есте сақтау қабілеті ең жоғарғы шекке жетеді.
    • Сағат 20-да дене салмақтың ауырлайтын, сезгірліктің әдеттегіден жоғары болатын мезгілі.
    • Сағат 21-де күндіз естіп, көрген нәрселер қайталай еске түседі. Ол нәрселерді осы кезде есте сақтауға болады. Оқушылардың сабақ жаттауына тиімді мезгілдерді бірі.
    • Сағат 22-де талма ауруы жиі қозады.
    • Cағат 23-24 аралығы зат алмасудың баяу жүрілетін мезгілі. Бұл мезгіл ұйқының тамаша мезгілі. 

Биологиялық ырғақтар. Ұйқы

 

Биологиялық ырғақтардың  маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға тән ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады.

 

Адам ағзасындағы ырғактылықтың үйлесімділігі жүйке жөне эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы қызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс тәртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.

Ұйқы және оның маңызы

Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Ұйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды.

Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты ұйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.

Ұйқының бұзылуының кең тараған түрі - ұйқысыздық (орыс. бессонница). Бүл жүйкенің шектен тыс шаршауынан, ұзақ уақытқа созылған ауыр ой еңбегінің өсерінен болады. ішімдікті, есірткіні пайдалану, шылым шегу, зиянды әдеттер ұйқының бұзылуына негізгі себеп бола алады.

Ұйқысыздықтан құтылудың жолы:

    • 1) еңбек және тынығу ережесін қатаң сақтау;
    • 2) таза ауада серуендеу;
    • 3) ой еңбегі мен қимыл-әрекетке байланысты еңбектерді бірімен-бірін үйлестіре білу.

Кейде адам летаргия (гр. «lete» - «ұмыту», «argia» - «әрекетсіздік») - қимылсыз ұйқы ауруына душар болады. Оның бірнеше аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін. Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.

    • 1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
    • 2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
    • 3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1 , 5 - 2 сағат бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.
    • 4. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, радионы, теледидарды өшіру, кітап оқуды доғару және т. б.).

5. Таза ауада серуендеу, бөлмені желдету


Информация о работе Биоритмология