Биоресурсы Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 21:52, контрольная работа

Краткое описание

Тірі затты өліден айыратын ең бірінші беглі ол қозғалыс.Биокинетика-молекулалық деңгейде in vitro жүйелерінде,тірі мүшелер мен ұлпаларда,клеткалық популяцияларда биологиялық процестердің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Biokinetika_terminin_I (1).docx

— 16.53 Кб (Скачать документ)

Тірі затты өліден айыратын ең бірінші беглі ол қозғалыс.Биокинетика-молекулалық деңгейде in vitro жүйелерінде,тірі мүшелер мен ұлпаларда,клеткалық популяцияларда биологиялық процестердің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Қазіргі заманғы биокинетиканың үлкен және маңызды бөлімі өсу қинетикасының анализімен және клеткалық популяциялардың эволюциясымен байланысты.Клетка өмірдің ең қарапайым бірлігі ретінде жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан реактор болып табылады.Клеткалық өсудің динамикасын түсіну микробиология,биотехнология,медицина,онкология салаларының мәселелерін шешуде,қартаю механизмдерін түсіну мен бақылауда маңызды орын алады.

Клеткалардың қозғалсы:

Тірі жүйелерді зерттегенде олардың қозғалысы туралы:митоз кезінде клетканың полюстеріне хромосомалар қозғалады,клетканың  беті қозғалады деп айтылады.Сондай-сқ,өсімдіктер мен жануарларда цитоплазмалық ток байқалады(мысалы,өсімдік клеткалары,амеба).Кейбір клеткалардың қозғалуға мүмкіндік беретін арнайы  құрылымдары кірпікшелері,жалған аяқтары болады.Көпклеткалы жануарларда маманданған клеткалар болады,бұлшықеттің жұмысы мүшелердің оның жеке бөліктерінің,жалпы қозғалу аппаратының әртүрлі қимылын қамтамасыз етеді.Бұл көптеген қозғалыс реакцияларының негізінде ортақ молекулалық механизмдер жатыр.Сондай-ақ, қандайда бір қозғалыс аппараттары құрылымдық жағынан тірек-қаңқа жүйесімен сәйкес келу керек.Сондықтан клеткалар жүйесінің тірек-қимыл жүйесі туралы айтуымызға болады.

Цитоқаңқа туралы түсініктің негізін XX ғ басында орыс цитологы Н.К Кольцов қалаған.Бірақ бұл ашылулар ұмытылып,1950 ж соңында электронды микроскоптың көмегімен қайта ашылған.

Микротүтікшелер

1946 ж Джакус пен Холл кірпікшелі  кебісшенің кірпікшелерінде диметрі  жағынан бірдей түтікті құрылымның  бар екендігін көрсеткен.Кейіннен  микротүтікшелерді барлық дерлік  клеткалардан тапқан.Олар тек  эукариоттық деңгейге сәйкес  келеді деп есептелінген.Алайда  микротүтікшелер прокариот-спирохеттің  цитоплазмасында табылған.

Курылысы

Ұзын жартылай цилиндр тәрізді,сыртқы диаметрі 24 нм,ал ішкісі 15 нм.Микротүтікшенің қабырғасы  көлденеңінен тұратын протофибрилдерден тұрады.Протофибрилдер бір ғана белок тубулиннен тұратын глобулярлы суббөліктен құралады.Микротүтікшелер дің клетка қозғалысына тікелей қатысы бар

Микрофиламенттер: Ұзын жіп пішінді құрылым қалыңдығы 5-7 Нм.Цитоплазмада болады.Олар актиннен тұрады,сондықтан оларды жиі актинді филаменттер деп атайды.Олар кейде топ немесе шоғыр түзеді.Ал кейбір мамнданған клеткаларда,мысалы,бұлшықет талшықтарында олар тұрақты

 


Информация о работе Биоресурсы Казахстана