Биологияны оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Биологияны оқыту әдістемесі (БОӘ) екі бөліктен тұрады: жалпы және жеке немесе арнаулы әдістемелерінен: табиғаттану, өсімдік, жануартану, адам және оның денсаулығы және жалпы биология. Жалпы биологиялық әдістеме студенттерге ұсынылған дәрістер, барлық биология тарауларын оқыту тәсілдерін қарастырады. Ол жеке оқыту әдістемелерімен тығыз байланыста болады.
Биологияны оқыту әдістемесі бес блок - тараудан тұрады.
Блок биологиялық түсініктер (мазмұны)
Блок оқыту әдіс-тәсілдері
Блок оқытуды ұйымдастыру түрі
Блок материалдық базасы
Блок бақылау және білімін бағалау

Прикрепленные файлы: 1 файл

Биологияны оқыту әдістемесі.docx

— 37.85 Кб (Скачать документ)

  Биологияны оқыту  әдістемесі (БОӘ) екі бөліктен  тұрады: жалпы және жеке немесе  арнаулы әдістемелерінен: табиғаттану,  өсімдік, жануартану, адам және  оның денсаулығы және жалпы  биология. Жалпы биологиялық әдістеме  студенттерге ұсынылған дәрістер, барлық биология тарауларын оқыту  тәсілдерін қарастырады. Ол жеке  оқыту әдістемелерімен тығыз  байланыста болады.

Биологияны оқыту әдістемесі бес блок - тараудан тұрады.

  1. Блок биологиялық түсініктер (мазмұны)
  2. Блок оқыту әдіс-тәсілдері
  3. Блок оқытуды ұйымдастыру түрі
  4. Блок материалдық базасы
  5. Блок бақылау және білімін бағалау

Осы көрсетілген блоктарды  тиімді іске асыра отырып биологияны оқыту әдістемесінен жоғары сапалы білім беруге болады.

  Биологияны оқытудың  мақсаты мен міндеттері әртүрлі.  Солардың ішінен ең маңыздылары  мынадай:

  • Студенттерді білім берудің тәрбиелеудің, оны дамытудың теориялық негізімен қатар практикалық ерекшеліктерімен қарастыру.
  • Ғылымдағы қаралған оқу мазмұндарына шығармашылық талдау және тиімді, ұтымды пайдаланумен қатар, алдыңғы жаңашыл  мұғалімдердің тәжірбиелеріне тұжырымдар жасау.
  • Сабақ өткізу үшін оқу материалын саралап, өңдеп оның мазмұнын, көлемін рет ретімен орналастырып, оқушыларға түсінікті тілмен баяндау.
  • Сабақтың тақырыбына сәйкес тиісті көрнекі құралдарды саралай, дайындай, тиімді әдіс-тәсілдерін, формаларын пайдалану.
  • Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген нұсқауларды іске асыру үшін студент оқыту әдістемесінен биология пәнін терең білуі тиіс.

Оқулықтың мазмұны, құрылымын  зерттеп, бағдарламалармен салыстырып қарастыру керек.

  • Әртүрлі типтегі сабақтарды жоспарлап, ұйымдастырып өткізу және лабораториялық сабақтар табиғатқа саяхат т.б. әртүрлі сыныптан тыс, сабақтан тыс (рольдік ойындар, конференция).
  1. Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің басқа пәндермен байланысы.

 

БОӘ басқада көптеген пәнднрмен  тығыз байланысты. Оны мына сызбадан бақылауғы болады.

БОӘ

 


 

 Биология

           Педагогика    Дидактика    Психология 

 

                                                                    Филология  Химия    География

Тәрбие - қоғамның негізгі  қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді  жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. 
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. 
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. 
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбиелік қызметі дегеніміздің мәні жастарды диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастырумен бірге қайырымдылыққа, адалдыққа, өзбетінше ойлауға, тірі табиғаттағы тірі ағзаларға аяушылық көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелік қасиетін дамытады. Экологиялық сауаттылығын, белсенді тіршіліктегі поезиясын тәрбиелеуді  мектеп қабырғасынан үйрету әрбір ұстаздың міндеті.

Тәрбие жүйесін құру біршене  кезеңдерді болжайды: 
- жүйенің қалыптасуы; 
- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау; 
- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару 
және жаңалықтарды ендіру; 
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. 
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды. 
Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін. 
Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік  жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған. 
Цитоплазма Термин «цитоплазма» ввёл Эдуард Страсбургер в 1882 год    (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.

Цитоплазма ішінде белок синтезі — негізінен белок пен рибонуклеин кышқылдарына бай рибосомаларда болып, мезасомаларда органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті энергияға бай аденозин-үшфосфор қышқы-лынық (АТФ) синтезі жүреді. 
Цитоплазма — тірі материя. Оньщ қүрамы өне бойы өзгеріп, жаңарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция қүбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта әсеріне өте сезімтал. 60° және одан да жоғары температурада цитоплазма үйиды. Қышқылдар мен сілтілер және түрлі улы заттар оған өте зиянды әсер етеді.

Гиалоплазма[өңдеу]


Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады.

Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты.

Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25% құрайды. Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер түзіледі.

Органелла[өңдеу]


Органеллалар (органеллы); (organellae, гр. organon — құрал, мүше, ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар: жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі. Өз кезеңінде жалпы органеллалар: жарғақты (мембраналы) және жарғақсыз органеллалар болып екі топқа бөлінді. Жарғақты органеллаларға: митохондриялар, гранулалы эндоплазмалық тор, агранулалы (тегіс) эндоплазмалық тор, пластинкалық кешен (Гольджи кешені), лизосомалар, ал жарғақсыз органеллаларға: бос рибосомалар, полисомалар, центросома (центриольдер), микротүтікшелер, кірпікшелер, талшықтар және микрофиламенттер жатады. Арнайы органеллалар тек кейбір жасушаларда ғана болады. Оларға миофибриллалар (ет жасушаларында, ет талшықтарында — миосимпласттарда), тонофибриллалар (эпителиоциттерде), нейрофибриллалар (нейроциттерде), кірпікшелер, талшықтар жатады. Өсімдіктер жасушаларында аталған жалпы органеллалардан басқа пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) болады.

Органеллалар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы органеллалар — жануарлар мен өсімдіктер жасушаларында болатын және тұрақты қызметтер атқаратын құрылымдар. Арнайы органеллалар — тек кейбір маманданған жасушаларға тән (биожіпше, тоножіпше, нейрожіпше, кірпікшелер, микробүрлер). Бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметтері бар. Органелла жасушасының қаңқасын түзетін және оның митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла — центросоманы құрайды. Жоғары сатыдағы өсімдік жасушалары Гиалоплазмасында центросома центриольдері болмайды, оларда арнайы органоидтар — пластидтер (лейкопластар, хлоропластар, хромопластар) болады, ал Гольджи кешені Органеллада шашырап жатқан диктиосома түрінде берілген. Қосындылар — Органелланың тұрақсыз құрылымдары. Бұған: трофик. (ақуыздар, майлар, көмірсулар), секреторлық (биол. белсенді заттар), пигменттік (каротин, гемоглобин, билирубин, меланин, т.б.) заттар жатады. Өсімдік жасушасының Органелласында өсімдік шырынына толған, арнайы жарғақпен (тонопластпен) қапталған қосынды — вакуольдер болады; қ. Клетка.[1]

Цитоплазма мембраналары[өңдеу]


Клеткада кездесетін барлық мембраналар (плазматикалық органоидтардың мембраналары.

Мембраналардың құрылыстарын анықтайтын көптеген модельдер ұсынылды. Олар негізінде ақуыздар мен фосфолипидтердің байланысын көрсетеді. Кейбір модельде мембрана үзілмейтін қатпарлы құрылым, кейбіреуінде мицелла түрінде көрсетіледі. Мембрананың ішкі глобулярлы түйіршіктері ашылғаннан кейін мембраналарды ақуыздар кіретін сұйық құрылым ретінде қарайды және ішкі жасуша мембраналары құрылысы және химиялық құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Электронды микроскоптан мембрананың үш қабаттан тұратынын анық көруге болады. Ортаңғы ашық қабат бимолекулалы май қабатынан, ал шеткі күңгірт қабаттары ақуыз молекулаларынан түзіледі. Клетканың сыртқы қабаты (плазматикалық) оны сыртқы ортадан бөліп тұрады, ал ішкі мембраналар көпіршік түрінде келіп, өзінің құрамындағы заттарды цитоплазмадан ажыратады.

Клетка цитоплазмасындағы  мембраналар қуыстар, түтікшелер немесе көпіршіктер жасап, өздерінің ішіндегі заттарды гиалоплазмадан бөліп, күрделі тор құрайды. Мұндай мембраналарға митохондрия, пластидтер, эндоплазмалық торлардың мембраналары жатады.[2]

Плазмалемма


Клетканың ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестерипке бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың,иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты әр түрлі өсінділер болады.

Плазмалемманың  тасымалдаушы қызметі[өңдеу]


Үлкен молекулалар жай өтеді де, кіші молекулалар жылдам өтеді. Ең жылдам өтетін су және оның құрамындағы ерітінділер екен. Егер эритроцитті өзінің цитоплазмасынан гөрі шоғырлануы аз тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортадан су жасушаға көп енеді де жасушаның көлемі өсіп, оның сыртқы мембранасы жарылып кетеді. Керісінше, егер эритроцитті шоғырлануы көп тұзды суға салсақ, онда жасушадағы су бөлініп шығады да, ол қабысып, жиырылып қалады. Клетканың сыртқы мембранасында линопротеин қабатында «порлар» болады, олар арқылы иондар және сулар өтеді. Осы мембрана арқылы К+, Nкатиондары аса жылдамдықпен жүреді. Мембрананың тасымалдау қызметі: иондар мен судың шоғырлануы көп ортадан шоғырлануы аз ортаға (пассивті тасымалдау), және керісінше, шоғырлануы аз заттың Шоғырлануы көп ортаға енуін (активті тасымалдау) реттеп отырады. Активті тасымалдау энергия жұмсау арқылы өтеді (АТФ), К+, Na-иондарының шоғырлануын реттеп тұратын К+, Na+—«насосы» плазмалеммаға орналасады. Осы «насостардың» жұмыстарын зерттеу үшін эритроцитті алуға болады. Бұл жасушада К+, Naиондарының шоғырлануы қанның плазмасына қарағанда өзгеше болады (бірақ концентрациясының жиынтығы шамалас, жасушаның сыртында және ішінде изотониялы). Белоктар, нуклеин қышқылдары, майлар, ыдырап барып мономерлер түрінде ғана плазмалеммадан өте алады.

Кейбір жағдайларда макромолекулалар немесе ірі түйіршіктер жасушаға эндоцитоз процесі арқылы өтуі мүмкін. Эндоцитозды фагоцитоз жәме пиноцитоз деп екі түрге бөлуге болады: фагоцитоз процесі дегеніміз жасушалардың ірі түйіршіктерді қабылдап цитоплазмасына өткізуі. Бұл процесті бірінші рет зерттеген орыс ғалымы — И. И. Мечников. Пиноцитоз процесінде жасуша цитоплазмасына ерітінділерді қабылдайды. Плазмалемма арқылы ішінде сұйық заттары бар көпіршіктердің жасушаға өтуін пиноцинтоз деп атаймыз. Эндоцитоздың бірінші кезеңінде (адсобция) энергия жұмсалмайды. Сырттан келген көпіршіктер плазмалемманы итеріп, ойыс жасап барып өтеді немесе плазмалемма өсінділері біртіндеп жасушаға енеді, жасушаға енген көпіршіктер плазмалеммадан жеке бөлініп барып орналасады. Клеткаға түскен түйіршікті заттар лизосомадағы гидролаза ферменттер арқылы қорытылады. Пиноцинтозпроцесін көптеген жасушалардан, яғни өзіне қоректік заттарды сіңіретін, мысалы ішек жасушаларынан (энтороциттер) байқауға болады. Энтороциттердің жоғарғы (апикальді) бөлімінде пиноцитоз көпіршіктері орналасады, олар жасушаға ыдырап майларды, көмірсуларды т. б. өткізіп отырады.

Тамыр жүйесі – бір өсімдікте  болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен  кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр  жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан - жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т. б.(қос жарнақты өсімдіктердің  барлығында болады). Шашақ тамыр  жүйесінде ерекшеленіп білінетін  негізгі тамыр болмайды. Қосалқы  тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта  шашақталып жан - жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады. 
ІV. Бекіту: Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды. 
 
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады. Тамырды жіктеу. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан - жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т. б.). Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста). 
Тамырдың қызметтері: Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т. б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.

Информация о работе Биологияны оқыту әдістемесі