Биологиялық ырғақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 13:09, реферат

Краткое описание

биологиялық ырғақ- психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),

Прикрепленные файлы: 1 файл

биологиялық ырғақ.docx

— 21.12 Кб (Скачать документ)

биологиялық ырғақ- психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:

  • ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
  • ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
  • екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
  • барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.

Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде болып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялық ырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар,жүрек-қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс.

 

Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады.

 

Ырғақтылық


Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (гр. «сһronos» - уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология («bіоs» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық) деп те атайды. Ырғақтылық - тірі ағзаларға төн касиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық аркылы ағзалар сырткы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғактылықтың үйлесімділігі жүйке жөне эндокриндік жүйелер аркылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы кызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс төртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.

Ұрықтың құрсақта дамуы кезінің өзінде-ақ биологиялық ырғақ калыптаса бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі биологиялык ырғақтың қалыптасуында ерекше рөл аткарады. Қанайналымға, тынысалуға, ұйқы мен сергектікке байланысты ырғактар калыптаса бастайды. Ырғақтың қалыптасуында төрбиенің де рөлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, бала ағзасындағы ырғактылыктың онтайлы калыптасуьша өсерін тигізеді. Жасөспірімдік кезеңінде ырғактылыктыд едөуір ауыткуы байқалады. Бұл негізінен жыныстык жетілуге тікелей байланысты. 20-30 жаста адам ағзасындағы ырғақтылық тұрақталып, жұмыс істеу әрекеті артады, өзін жақсы сезінеді. Адам ағзасында ұзақ мерзімді ырғакка кейбір аурулардың бірнеше жылдан соң кайталануын атауға болады. Жылдык ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл аткарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу кабілеттері өзгереді. Күз бен кыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы түру өрекеті төмендейді.

Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу кабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5 - 7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіні анықталды. Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы үйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуга ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей төуліктік ырғактың бүзылуынан пайда болады. Төуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.


Информация о работе Биологиялық ырғақ