Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 19:29, реферат
Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.
Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық К. (Н. annuus).
Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.
Күнбағыс майы
Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б.
Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты
Американы ашқан кезде
Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.
Шекілдеуік(Шемекі)
Үй тұрмысында ол дәнін шағып
жейтін шекілдеуік болып қалып отыр.
Бірақ күнбағыстың беретін
Жалбыз (шалфей…) |
22:25 |
Жалбыз-ерінгүлділер тұқымдас, бұта тәрізді
сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт
қырлы жапырақтары мен бұтақтары көп.
Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге
жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті,
аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы
мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін
гүл қуашақтары бар. Жемісі-шар тәріздес
төрт жаңғақ. Биіктігі-20-50 сантиметр. |
BROOKESIA MICRA
Жақында Мадагаскардағы зерттеу барысында ғалымдар әлемдегі ең кішкене құбылғыны тапты. Тапқан жануардың мөлшері 29 мм аспайды. Құбылғыға- Brookesia Micra деп ат қойыпта үлгерді. Тағы бір ескертетіні Германиядан келген ғалымдар осы уақытқа дейін қазіргі ғылымға белгісіз жануарлардың үш жаңа түрін тапты. Барлық жануарларды Африка жағалауына жақын орналасқан аралдың солтүстік бөлігінен тапты. Бұл жаңалық аяқ астынан болды. Ғалымдар жануарлар әлемінің түнгі өкілдеріне бақылау жасаған. Бұл зерттеу МЮНЪХЕНДЕГІ зоологиялық толықтыру мақсатында жүргізілген болатын.Зерттеушілердің айтуына қарағанда күндіз құбылғылар ормандағы орнынан қозғалмайтындықтан осы уақытқа дейін оларды байқау мүмкін болмады. Қараңғы болысымен бұл жануарлар белсенді күйге көшеді, себебі жауларынан қорғану үшін жоғарыға көтерілуге мәжбүр болады. Сондықтан зоологтар жаңа түрдің түнейтін орнын табу мақсатында тіршілік мекенін зерттеуге шешім қабылдады.
Brookesia Micra құбылғысын зерттеп болған соң ғалымдар бұл ергежейліктің ең ақырғы шегі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Мұндай метаморфозалар эволюция үрдісінде жүзеге асатыны белгілі. Мұндай бейімделу түр шектеулі тіршілік аралында мекендегенде ғана мүмкін болатын жағдай. Оған кіші аралдар мысал бола алады. Ізбестасты аралдан тура осындай ергежейлі құбылғының белгісіз түрі табылған болатын.
Мақта .
Мақта - биіктігі 1,5-2 метрге дейін жететін
кіндік тамырлы, шөптекті өсімдік немесе
шала бұта. Біздегі өсірілетін мақта
- біржылдық өсімдік. Көпжылдық бұталы
түрлері тропиктік елдерде
Мақтаның жемісі - қауашақ. Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді. Қауашақ 3-5 жақтауға ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады. Талшықтардың ұзындығы кейбір мақта іріктемелерінде 50-60 миллиметрге дейін жетеді. Шит талшықтары таза жасунықтан (клетчатка) тұрады. Олар өте ширатылғыш, сондықтан тоқыма материалы (хлопок) ретінде пайдаланылады. Шитті мақтадан таза мақта өндіріледі. Мақта тұқымынан мақта майы, күнжара, мақта мамығы, басқа да құнды өнімдер алынады. Мақта тұқымының 24-26%-ы майдан тұрады. Мақта жайы тағамға, сондай-ақ техникалық мақсатта қолданылады.
Мақта шаруашылығы өте ертеден дамып келеді. Жыл санауға дейін 3000 жылдан бері мақта шаруашылығымен Үндістан шұғылданып келеді. Шитті мақта біздің республикадан басқа Өзбекстанда, Түрікменстанда өсірілуде. Өйткені мақта - жылу, жарық сүйетін өсімдік. Мақтадан мол түсім алу үшін 15-170С температура қажет. Көлеңке түспейтін, топырағы тыңайтылған жерде өскен қоза қауашақтарының әрқайсысынан 7 грамға дейін таза мақта алуға болады. Мақтаны бір үлескіде жылма-жыл екпей, жоңышқа егістігімен алмастырудың маңызы зор.
Құлқайыргүлділер тұқымдас өсімдіктер құрамында нәруыз мол. Сондықтан мал азығына пайдаланылады. Медицинада дәрі ретінде де қолданылатын түрлері (жалбызтікен) бар. Айдарша (штокроза) және құлқайырдың басқа түрлері (бөлмедегі қытай раушаны) сәндік үшін өсіріледі. Құлқайыр тұқымдастардың талшықтары арқан есіп, мата, қап тоқуға (бұйдакендір, кенеп, мақта) қолданылады.
Баобаб .
Баобаб - түспежапырақты өсімдік. Жапырағы түскен кезде бұтақтары сидиып, тамыры жоғары қарап тұрғандай болып байқалады. Тұқымнан талшықты бөліп алғанда 100 кг шитті мақтадан 25-42 килоға жуық таза талшық алынады. Дәрілік жалбызтікеннен алынған тұндырма, шәрбат - жөтелге пайдаланылатын тамаша дәрі.
Баобаб - құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік. Ол 18-25 метрге, діңінің орамы 4-10 метрге дейін жетелі. Баобабтардың кейбіреуінің 5000 жылға дейін тіршілік ететіні белгілі. Саваннаның құрғақ, ылғалды маусымдары мезгіл-мезгіл ауысуы кезінде баобаб жапырақтарын түсіреді. Сөйтіп бұтақтары сидиып қалады. Осы кезде асқабаққа ұқсас ұзын жемісі де пісіп үлгіреді. Сидиған бұтақтарда ірі жемістің ілініп тұруы ерекше көрініс. Баобабтың қышқылтым, шырынды, жұмсақ жемісі мен тұқымдары жеуге жарамды. Баобабтың қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады.[1]