Биологиялық сағат
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті.
Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық
процестердің белгілі бір уақытта қайталанып
отыруына (биологиялық
ырғақ) негізделген. Мұндай қабілеттілік
бір жасушалылардан бастап адамға дейін
– тірі ағзалардың барлығында болады.
Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат»
организмнің геофизикалық факторлардың
(жердің электр және магнит өрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық
қайталануының) өзгеруін қабылдау қабілетіне
негізделген деп есептейді. «Биологиялық
сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс
тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Ғылымда
«Биологиялық сағаттың» сыры әлі толықтай
ашылған жоқ.
Био сағат сипаттары
Орта есеппен ғалымдардың
айтуынша:
- Сағат 1-де адам денесі ауру-сырқауға өте сезімтал келеді.
Адам физиологиясы мен
биоритмінің өзара байланыстарына
шолу
- Сағат 2-де дененің температурасы ең төмен болады. Осы кезде бауыр улы заттарды бір жақтылы етуді тездетіп, тазарту жүргізеді.
- Сағат 3-те тамырдың соғуы, тыныс алу рет саны азайып, бұлшық еттер босайды .
- Сағат 4-те денедегі барлық органдардың қызметі баяулап, қан қысымы төмендейді. (жалпы таңғы сағат 4 те өлу мөлшері мен туылу мөлшері жоғары болады. Себебі ми бөлімінің қанмен қамдалу мөлшері азаяды).
- Сағат 5-те адамның ұйқысы негізінен қанады. Осы кезде қатерлі ісік және басқа сырқат жасушалары бөлінуі біршама тездейді.
- Сағат 6-да адамның есте сақтау қабылеті ең жоғарғы шекте болады.
- Сағат 7-де бүйрек үсті без гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы өреге жетеді. Қан айналымы тездейді.
- Сағат 8-де жыныс гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы шекке жетеді. Сағат 8-10 аралығы бір тәуліктегі есте сақтау қабілетінің жоғарғы шегі.
- Сағат 9-да жүректің толық қызметі басталады. Рух көтеріңкі болады. Адамның жұмысқа белсенділігі артады.
- Сағат 10-да адамның зейін шоғырландыру қуаты мен есте сақтау қуаты ең жоғары шекте болады. Бұл сәт қызмет істеудің ең өнімді кезі саналады.
- Сағат 11-де көздің көру қуаты ерекше жақсарып, жарыққа өте сезімтал келеді.
- Сағат 12-де ой қорту қабілеті біртіндеп төмендейді. Сағат 12-13 аралығы түскі ұйқының ең жақсы мезгілі.
- Сағат 13-те бауыр тынығып, адам қалжырап шаршағандай сезініп, демалуды қажет етеді.
- Сағат 14-те дененің қалыпты гормон бөліп шығаруының салдарынан сезім баяулап, рух салғырттайды.
- Сағат 15-18 аралығында дененің температурасы, қан қысымы ерекше өрлейді. Иіс, дәм сезу түйсігінің ең сезгір мезгілі.
- Cағат 16-да қандағы қант құрамы көбейеді де, көбінесе өң қызғылт тартады. (Бұл мезгілді ғалымдар суға жүзу рекордын жасаудың тиімді мезгілі деп есептейді).
- Сағат 17-де қатерлі ісік жасушаларының бөлінуі ең баяу бөлінетін мезгілі. (Бұл мезгілде спортшылар машықтану мөлшерін еселеп арттыруына болады).
- Сағат 18-19 аралығы ұзақ уақыттық есте сақтаудың ең жақсы мезгілі. Сағат 18-20 аралығында есте сақтау қабілеті ең жоғарғы шекке жетеді.
- Сағат 20-да дене салмақтың ауырлайтын, сезгірліктің әдеттегіден жоғары болатын мезгілі.
- Сағат 21-де күндіз естіп, көрген нәрселер қайталай еске түседі. Ол нәрселерді осы кезде есте сақтауға болады. Оқушылардың сабақ жаттауына тиімді мезгілдерді бірі.
- Сағат 22-де талма ауруы жиі қозады.
- Cағат 23-24 аралығы зат алмасудың баяу жүрілетін мезгілі. Бұл мезгіл ұйқының тамаша мезгілі