Биология. Эволюциялық процесті оқыту әдісінің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 12:58, статья

Краткое описание

Эволюциялық процесті оқыту әдісінің басты биологиялық даму сатыларын қарастырсақ келесі эволюциялық сатыларды жіктейміз: палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық, эмбриологиялық, систематикалық, генетикалық, биохимия және молекулярлық биология.Палеонтологиялық әдіс негізінен қазба жұмыстарын зерттейді. Палеонтологиялық әдіс қазба қалдықтардың белгілі формаларының шығуын, қазба қалдық түрлерінің филогенетикалық сатыларының дамуын тереңірек қарастырады.Қазба қалдықтарының өтпелі формасы ежелгі және қазіргі топтардың белгілері жөнінде қарастырады. Өтпелі формалардың басты түрі – қазып алынған организмдер формасы Jchyosega балыққа ұқсас жерасты омыртқаларға жатады. Ежелгі жерасты омыртқаларға стегоцефол және кейбір балық түрлері жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Биология.docx

— 82.89 Кб (Скачать документ)

Содан Құрама штаттары, Азия мен Еуропадағы ғалымдар эволюцияны тездететін әдістерді қолданып, зерттеу жұмыстарына кірісіп кетті. 40 жылдан астам уақыт бойы жасалған қыруар еңбек қандай нәтиже әкелді? “Соншама көп қаржы жұмсалғанмен,— дейді зерттеуші Петер фон Зенбух,— радиациялық сұрыптау арқылы асыл тұқымды дараларды алуға кеткен барлық еңбек зая кетті”21. Ал Лённиг былай дейді: “1980 жылдары дүниежүзі ғалымдарының бар үміті мен қуанышы су сепкендей басылды. Батыс елдерінде мутациялық сұрыптау ғылымның жеке саласы ретінде жойылды. Мутанттардың барлығы дерлік... не өліп кетті, не бастапқы тұқымдарынан әлсіздеу болып шықты”*.

Мутация саласындағы  ғасырға жуық және мутациялық сұрыптау саласындағы 70 жылдық зерттеулерге қарап, көптеген ғалымдар мутацияның жаңа түр жасай алу қабілетіне қатысты бір тоқтамға келді. Барлық айғақтарды қарастыра келе, Лённиг былай деп қорытындылады: “Мутация [өсімдік пен жануарлардың] бастапқы тұқымынан мүлдем жаңа түр жасай алмайды. Бұл тұжырым XX ғасырда жүргізілген барлық зерттеу нәтижелерімен және ықтималдылық заңдарымен толық үйлеседі”.

Сонымен мутация  бір түрден мүлдем басқа түр жасай  ала ма? Айғақтарға қарағанда, олай емес. Зерттеулер жүргізе келе, Лённиг “әрбір оқшау түрдің кездейсоқ мутация  бұза алмайтын шектеулері болады”  деген қорытындыға келді22.

Жоғарыда келтірілген  айғақтарды былай түйіндеуге болады: тәжірибелі ғалымдар қолдан сұрыптау арқылы мүлдем жаңа түр жасай алмаса, мұны ой-санасы жоқ процесс жасай  алды деу қисынды ма? Зерттеулер көрсеткендей, мутация бастапқы түрден мүлдем жаңа түр жасай алмаса, макроэволюцияның орын алуы мүмкін бе?

2-болжам. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде  жаңа түрлер пайда болды. Дарвин табиғи сұрыпталу процесі кезінде мекен ету ортасына бейімделе алған даралар тірі қалып, қалғандары ақырында жойылып кетті деп сенген. Бүгінде эволюционистер мұны былай түсіндіреді: түрлер жер бетіне тарап, бір-бірінен оқшауланған соң, гендік мутацияға ұшыраған. Ал табиғи сұрыпталу нәтижесінде жаңа ортаға бейімделе алғандары аман қалған. Осы даралардың ұрпақтары бірте-бірте өзгеріп, мүлдем басқа түрлерге айналған.

Айғақтар. Бұрынырақта айтылып кеткендей, зерттеулер мутацияға ұшыраған өсімдіктер мен жануарлардан мүлдем жаңа түр пайда болмайтынын анық көрсетеді. Табиғи сұрыпталу сәтті мутацияларды сақтап қалып, жаңа түр жасап шығарады дегенге эволюционистер қандай дәлел келтіреді? 1999 жылы Құрама Штаттардың Ұлттық ғылым академиясы басып шығарған брошюрада “Дарвин зерттеген Галапагосс аралдарындағы таушымшықтың 13 түріне” назар аударылады23.

1970 жылдары Розмери  мен Питер Гранттардың басшылығымен  Принстон университетінің бір  топ зерттеушілері осы таушымшықтарды  зерттеп, мынаны байқады: аралдардағы  бір жылға созылған құрғақшылықтан  кейін тұмсықтары кішкентай таушымшықтардың  саны азая бастады, ал тұмсықтары  үлкендері төзімдірек болып шықты.  Таушымшықтың 13 түрін тұмсықтарының  пішініне қарай ажырататындықтан, осы анықталған жайт маңызды  болып көрінді. Аталмыш брошюрада  әрі қарай былай делінген: “Гранттардың  есептеуінше, құрғақшылық он жылда  бір рет болып тұрса, таушымшықтардың  жаңа түрі шамамен 200 жылдан  кейін ғана пайда болуы мүмкін”24.

Алайда брошюрада  құрғақшылықтан кейінгі жылдары  тұмсықтары кішкентай таушымшықтардың  саны қайтадан басым болып кеткені  сөз етілмеді. Зерттеушілер байқағандай, аралдардағы климат өзгерген соң, тұмсықтары үлкен таушымшықтардың саны бір  жыл ғана басым болған, ал содан  кейінгі жылдары тұмсықтары кішкентай  таушымшықтар қайтадан көбейіп кетті. Сондай-ақ зерттеушілер таушымшықтардың  әртүрлі “түрлері” өзара шағылысып, бастапқы тұқымға қарағанда әлдеқайда  өсімтал ұрпақ бергенін байқады. Зерттеушілер осы өзара шағылысу жалғаса берсе, ақырында екі “түрден” бір түр пайда болуы ықтимал деп қорытындылады25.

Сонымен, табиғи сұрыпталу  нәтижесінде мүлдем жаңа түр пайда  бола ма? Осыдан ондаған жыл бұрын  биолог-эволюционист Джордж Кристофер  Уильямс табиғи сұрыпталудың осы  қабілетіне күмән келтіре бастады26. 1999 жылы эволюционист Джеффри Шварц табиғи сұрыпталу даралардың қоршаған ортаға бейімделуіне көмектескенмен, жаңа ештеңе жасап шығара алмайтынын атап өтті27.

Расында да, Галапагосс таушымшықтарынан “жаңа ештеңе”  пайда болған жоқ. Таушымшықтар таушымшық  күйінде қалды. Ал әртүрлі түрге  жататын даралардың өзара шағылыспайтынын  ескерсек, кейбір эволюционистердің  бұл таушымшықтарды 13 түрге ажыратқаны күмән тудырады. Бұған қоса, осы  құстардың мысалынан беделді  ғылыми зерттеу орындарының өзі  шындықты жарым-жартылай жариялайтыны көрінеді.

3-болжам. Палеонтологиялық деректер макроэволюцияны  дәлелдейді. Аталмыш брошюра палеонтологиялық деректер макроэволюцияны толық дәлелдейді деп сендіреді. Онда былай делінген: “Аралық формалардың — балық пен қосмекенділердің, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың, бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің, сондай-ақ приматтардың аралық формаларының — көптеп табылғаны соншалық, тіпті бір түрдің екінші түрге нақты қай сатыда ауысқанын анықтау қиын”28.

Айғақтар. Алайда осылай деуге негіз бар ма? Эволюция ілімін берік ұстанушы Найлз Элдридждің айтуынша, палеонтологиялық деректер тірі ағзалардың ұзақ уақыт аралығында бірте-бірте өзгергенін емес, керісінше, “басым көпшілігінің сәл ғана өзгергенін не мүлдем өзгермегенін” көрсетеді*29.

Бүгінгі таңға дейін  шамамен 200 миллион ірі және миллиардтаған  ұсақ палеонтологиялық қалдықтар табылып, дерекқорға енгізілді. Осы орайда көптеген зерттеушілер мына бір жайттың растығымен келіседі: егжей-тегжейлі жазылған осы  палеонтологиялық деректер жануарлардың негізгі топтарының бірден пайда  болып, аса өзгере қоймағанын, ал көптеген түрлердің қалай кенеттен пайда  болса, дәл солай кенеттен жойылып  кеткенін көрсетеді.

Эволюция  іліміне нану үшін зор “сенім”  қажет

Көптеген беделді  эволюционистердің макроэволюция  теориясын жақтап, бой бермеуінің себебі неде? Ықпалды эволюционист Ричард Левонтин көптеген ғалымдардың  дәлелденбеген ғылыми пайымдауларды  жөн көруіне “материализм теориясына деген адалдықтары” себепші екенін ашық мойындады*. Оның айтуынша, көптеген ғалымдар “әлем жаратылысына Құдайды еш қатыстырғысы келмейді”, сондықтан да Жаратушы жайлы мүлдем сөз қозғамайды30.

Осы орайда “Сайентифик  америкэн” журналында социолог Родни  Старктың сөздері келтірілген еді: “Саналарын діннің құрсауынан азат еткендер ғана ғалым бола алатыны 200 жыл бойы айтылып келді”. Сондай-ақ Старк  ғылыми зерттеу орындарында “дін жолындағы адамдардың әдетте ауыз ашпайтынын” да айтып өтті31.

Макроэволюция ілімін шындық ретінде қабылдағыңыз келсе, агностик не атеист ғалымдардың ғылыми деректерді түсіндіргенде өздерінің  жеке пікірін қоспағанына сенуіңіз керек. Сондай-ақ жүз жыл бойы жүргізілген  зерттеулер мутацияның әсерінен бірде-бір  оқшау түр мүлдем жаңа түрге айналмағанын көрсетсе де, мутация мен табиғи сұрыпталу барлық күрделі тіршілік формаларын тудырды дегенге сенуіңіз қажет. Палеонтологиялық деректер өсімдіктер мен жануарлардың барлық негізгі  топтары бірден пайда болғанын және миллиардтаған жыл ішінде басқасына  айналмағанын анық көрсетсе де, олардың  барлығы бір ғана ортақ ата  тектен шықты дегенге сенуіңіз керек. Осы нанымдар не нәрсеге негізделген  деп ойлайсыз: айғақтарға ма, әлде болжамға ма? Сірә, эволюцияға нану үшін зор “сенім” қажет болар.

[Сілтемелер]

Иттерді шағылыстыру  нәтижесінде пайда болған өзгерістер жиі ген қызметінің бұзылуымен байланысты. Мысалы, такса итінің кішкентай бойын  шеміршегінің дұрыс дамымағанымен  түсіндіруге болады.

Зерттеулер көрсеткендей, ағза ерекшеліктеріне жасуша цитоплазмасы, мембранасы не оның басқа бөліктері  де әсер етуі мүмкін.

Лённиг тіршіліктің  кездейсоқ пайда болғанына сенбейді. Бұл кітапшада ол Макс Планк атындағы Өсімдіктерді сұрыптау институтының емес, өз пікірін білдіреді.

Тәжірибе барысында  жиі байқалған жайт, жаңа мутанттар  барған сайын сиреп, ал ұқсас даралар  жүйелі түрде пайда болып отырған. Бұған қоса, өсімдік мутанттарының 1 пайыздан азы ғана әрі қарай зерттеуге таңдап алынды, солардың ішіндегі 1 пайыздан азы саудада қолдануға жарамды деп табылды. Алайда өсімдіктерден ешбір жаңа түр шықпағанын айта кету керек. Жануарлардың мутациялық сұрыпталуы өсімдіктердікінен де жаман нәтиже әкелді. Сондықтан зерттеушілер бұл әдістен толығымен бас тартты.

Зертеушілер эволюцияның  дәлелі ретінде келтіретін кейбір палеонтологиялық деректердің өзі сынға алынып жатыр. Ехоба куәгерлері басып шығарған “Өмірдің пайда болуы. Маңызды бес  сұрақ” деп аталатын кітапшаның 22—29 беттерін қараңыз.

Материализм теориясы бүкіл ғалам мен тіршілік тылсым күштің қатысуынсыз пайда болды  деп үйретеді.


Информация о работе Биология. Эволюциялық процесті оқыту әдісінің маңызы