Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 01:17, реферат

Краткое описание

Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

№ 57 жорғалаушы жазу керек.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

Биология  пәнінен сабақ жоспары:

Сынып: 7

Күні: 20.04.2013ж       

Сабақ тақырыбы: Жорғалаушылар класы.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға   жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті   туралы түсінік беру.

Дамытушылық:   Оқушылардың ойлау , есте сақтау , синтездеу, қортындылай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:    Дұрыс білім бере отырып  тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: кестелер.

Сабақ барысы: 

І .Ұйымдастыру  кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды  түгендеу,даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын  аудару

ІІ.Үй жұмысын сұрау кезеңі:

Балықтар

Қосмекенділер

2, 3, 5, 8, 9, 10, 13

1, 4, 6, 7, 11, 12


                                                                                                                                                                                                                             

  1. Тері жабынында мүйізді қабыршақтар болмайды.
  2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.
  3. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.
  4. Жүрегі үш қуысты.
  5. Бір ғана қанайналым  шеңбері бар.
  6. Мишығы нашар дамыған.
  7. Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.
  8. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.
  9. Жүрегі екі қуысты.
  10. Қантарату жүйесі – тұйық.
  11. Терісі арқылы тыныс алады.
  12. Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.
  13. Екі қанайналым шеңбері бар.

 

ІІІ. Жаңа тақырып:

Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты. Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Дүние жүзінде 8000-нан астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 отряды (тасбақалар, қабыршақтылар), 2 отряд тармағы (кесірткелер, жыландар), 13 тұқымдасы (тұщы су тасбақасы, құрлық тасбақасы, геккондар, ешкіемер, келес, ұршықсап, сцинктер, кесірткелер, соқыр жыландар, су жыландар, құм айдаһары, сұр жыландар, қалқан тұмсықтылар), 24 туысы, 51 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Денесінің ұз. бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы). Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады). Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жорғалаушыларды зерттейтін ғылымды герпетология деп атайды. Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда , аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған. Терісі құрғақ және онда бездері өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен қапталған. Қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Бассүйек , омыртқа жотасы, иық белдеуі, алдыңғы аяқтары , кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы дамыған. Омыртқа жотасы- мойын, арқа-бел, сегізкөз, құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға бейімделген. Жорғалаушылар тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жыланның тілі жіңішке , ұшы айыр екіге бөлінген. Ол сипап сезу қызметін атқарады. Жүрегі үш қуысты екі құлақшадан, бір қарыншадан тұрады.

Жаңа тақырыпты  бекіту:  Сұрақ –жауап арқылы.

Үйге тапсырма: Жорғалаушылар. Кестені толтыру.

 


Информация о работе Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар