Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 16:18, реферат
Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік
«Биология және экология» кафедрасы
Реферат
«Балықтар»
Орындаған: 01304 топ студенті
Утебаева М. К.
Тексерген: аға оқытушы Усиев Е. Т.
Орал 2012
Жоспары
Кіріспе....................... |
3 |
|
5 |
|
6 |
|
6 |
|
7 |
|
8 |
Қорытынды..................... |
10 |
Пайдаланған әдебиеттер.................... |
11 |
Кіріспе
Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.[1]
Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.
Карась балығы.
Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды.
Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ – тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді.
Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.
Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады.
Балық аулау құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар. Оған трал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ, жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғылары жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун (ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза (қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен, түнде – буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне сай жасалынады. Мысалы, трал конус қалта пішінінде жасалып, оны сүйретіп жүру, көтеріп алу үшін кемеге арнайы қондырғылар орнатылады. Трал үйір-үйір боп жүретін треска, камбала, майшабақ аулауға қажет. Осындай шоғырланып жүретін балықтарды сүзекі және қалталы жылымдармен де аулайды. Сүзекі-жылымды суға тастап, кемемен біраз сүйретіп барғаннан кейін, табандық арқанын лебедкамен тартқанда, астыңғы жағы бүріліп қалталанады да, балық ішінде қалады. Оны кемеге тартып алу, көтеру, трюмге төгу жұмыстарының бәрі механикаландырылған. Ағынды суларда ығызбай аулар пайдаланылады. Ағын судың еніне қарай әрқайсысы 25 м болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап, өзенге көлденең салады. Бір жақ шетінің арқалығына қалтқы-бояқ, табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы адам ұстап отырады. Мөлшерлі жерге дейін ығып барған соң, балығымен қоса тез суырып алады. Қос қанатында балық кірсе қайтып шыға алмастай етіп, бір-бірінің ішіне кигізіле бекітілген, конус тәрізді бірнеше қалтадан тұратын (әр қалтаның ауыз жағында оны керіп тұратын шеңбер шыбықтары бар) құрал түрлерін құрма тор, қабадан (не нәрете) деп атайды. Мұндай құралдар жағалауда өскен қамыс жиегіне, өзекшелерге құрылады. Электр жарығын су астына жіберіп, шоғырланған балықтарды сумен қоса кеме үстіне шығару үшін қуатты сорғылар орнатылған конус тәрізді шағын жылымдарды қолдану да жиі кездеседі. Шағын көлдер мен теңіз қолтықтарынан жарық түсіру тәсілімен аулағанда, электр жарығының орнына буылған қамысты жағады. Оның жарығына жиналған балықтарды ұзын сапты, жеңіл де ауқымды сүзекімен сүзіп не шанышқымен шаншып алады. Мұны жаққы жағу дейді. Ірі балық шоғырларын іздестіру үшін гидроакустикалық локатор қолданылады.
Балық өңдеу – балықты
сақтау және балықтан дайын өнім алу
жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың
дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады,
сақтау мерзімі ұзарады әрі
Балық өсіру – балық
шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін,
олардың жаңа тұқымын шығаратын,
қоректендіретін, судағы қорын молайтып,
сапасын арттыратын саласы. Балық
негізінен табиғи сулар мен тоғандарда
өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру
– өзен, көл, су қоймалары мен
теңіздердегі балық түрлерінің сапасын
арттыруға және оның қорын молайтуға
бағытталған. Адамның іс-әрекетінің
нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының
салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи
сулардағы балықтардың өсіп-
Қорытынды
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл - ауқатының жақсаруы олардың балық оөнімдеріне деген талабын әрқашанда артыратына күмәнбіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.
Эпителий ұлпасы (лат - ұлпа, грек - үстінде)- адам және жануарлар денесін сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердің кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әр түрлі бездер парен химасын түзететін ұлпа. Эпителий ұлпасы жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпа организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасын астарлайды. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий клеткалары - эпителиоциттерден құралған. Ол негізгі жарғақта орналасқан. Бұнда қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке ұштары мол. Эпителлиоциттер де атицольді және базольды өрістер болады, қалпына келу (регенрация) қаблеті жақсы жетілген. Эпителий ұлпа бір қабатты және көпқабатты болып екі топқа бөлінеді. Бір қабатты эпителий ұлпасында базольды жарғақпен (мембронаней) оның тек төменгі қабатта орналасқан клеткалар жасалады. Безді эпителий ұлпа ішкі және сыртқы секреция бездері химосын құрайды. Эпителий ұлпа қорғаныш қызметін атқарады, зат алмасу процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.
Пайдаланған әдебиеттер