Балаларды қоршаған ортамен таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 19:42, реферат

Краткое описание

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіршілік иелерінің.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

«Тіршілік иелерінің өміріне  қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

Табиғатты бейнелеу әдісі  – экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.

Мектепке дейінгі  кезеңде  бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты  танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға қамқор болуға,  табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Табиғат әлеміне қамқорлық  жасау мақсатында таным білім  саласы, қоршаған орта бойынша:  1.«Судың маңызы» 2. «Құстар тіршілігі». 3. «Ағаштар неге ашуланды». 4. «Үй жануарлары». 5. «Жыл мезгілдері». тақырыптарында ұйымдасқан ойын іс –әрекеттері өткізу керек. 

 

    1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әлем бала өміріне біртіндеп  кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады.  Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар  өзінің айналасындағы қоршаған ортамен  танысуға өте құштар.

Мектепке дейінгі балаларды  қоршаған ортамен таныстыру –  бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім  қалыптастыру және оған деген дұрыс  қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.

Балалар  ересектердің әсері  арқылы адамгершілік қарым-қатынаста  бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат  құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі.   Қоршаған ортамен таныстыру  барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т.с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз.

Қоршаған ортамен  таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен – адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге, мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.), өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз.

Адам - тіршілік иесі. Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру.

Адамдардың бір-бірімен  айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді). Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.

Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен  ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық  қарым-қатынастар мен үлкендердің  еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну. 

Ересектердің еңбегі мен  олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен  салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.

Бөлме өсімдіктері мен  жануарлардың тіршілігі және олардың  өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын  туғызу қажеттілігі туралы нақты  ұғымдарын қалыптастыру.

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.

Тірі табиғат бұрышын  мекендеушілер мен өсімдіктердің  белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға  үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.

Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету. 

Ұлттық педагогика негіздеріне  сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті  дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету. Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру.  Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б. Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір бала  өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі. Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың  аты –жөнін тани бастайды.

Балабақшаның ішкі құрылысымен  таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер  бөлмесі, т.б. айырмашылықтарын ажырата  бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.

Балалар, әсіресе ұл балалар  жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін  жақсы біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы  көреді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады.

Таным білім беру саласының  базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде  қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.

Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу  кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін  айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер  барысында  жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық  шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады.  Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.   
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау  кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын  талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.      

 Қоршаған  ортамен таныстыру сабағын балалардың  бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы  тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:

  • Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай тамаша!

деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін  бір сергітіп тастайды.

Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп  баптау туралы жұмыс жүргізеді. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.

Балалар аулада құстардың  тіршілігін, жазды күндері жердегі  құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт–құмырсқаны  құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да  шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.     

 Ауа туралы  балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ  онымен біздің, басқа да тіршілік  иелерінің дем алатындығын айту қажет. Ауа таза болмаса ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез –келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтылып, ескеріп отырылады. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсету қажет. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.       

 Заттарды  қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың  тағайындалуын түсінуге қалыптастыру. Заттардың құрылысымен өздеріне  тән белгілері арқылы білу  және есте сақтауға үйрету: киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар,  құстар. Қоршаған ортадағы құбылыстар, заттар мен нысандарды зерттеуде,  ойыншықтарды жуу және жинаумен  айналысқанды баланың өзіндік  тілегін қолдау қажет. 

Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.


Информация о работе Балаларды қоршаған ортамен таныстыру