Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 11:36, реферат
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Ақуыз компоненті
Балалар ағзасына ақуыздың маңызы.
Балалар тағамындағы ақуыздың мөлшері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
Тақырыбы: Балалар тағамындағы ақуыз компонентінің маңызы.
Шымкент 2015 жыл
Жоспар:
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
1. Ақуыз компоненті
Я. Беккори 1736 жылы
тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген
ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек
жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың
тәжірибелері негізінде анықталды. Оны
анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды
ыдырату анықталды. Егер ақуызды күшті
қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра
отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге
ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде
олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының
қышқылдық және амин (NH2) тобының негіздік
қасиет көрсететіндігі дәлелденді. Кейіннен
осы топтарды аминқышқылдары деп атады.
Ақуыз молекуласының құрамына кіретін
аминқышқылдарының саны – 20, олар молекуласының
құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Осы 20 түрлі аминқышқылын ашуда қажымас
қайрат, көп уақыт қажет болды. Мәселен,
1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздың
ыдырауынан пайда болған аминқышқылын
аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп
алып, аспарагин деген ат берді.
1820 жылы француз
ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы
аминқышқылы – глицинді алды, осыдан кейін
аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу
басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы
– треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан
алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына
кіретін 20 түрлі аминқышқылын ашуға 130
жыл уақыт кетті.
Биополимерлердің ішіндегі
мөлшері мен маңызы жөнінен ерекше орын
алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға
жатады.
Ақуыз молекуласы органикалық
заттардың ішіндегі алыбы екенін мына
сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық
зат этил спиртінің молекулалық массасы
– 60, ал жұмыртқа ақуызы – альбуминдікі
– 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері)
– 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы
заңды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан
тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері
мономерлерінің рөлін аминқышқылдары
атқарады.
Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге
(грекше «hetezos» - әр түрлі) жатады.
Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының
түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына
кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде
реакция аралық қосылыстар түрінде пайда
болып, кейбір ерекше бактериялар үшін
қоректік зат ретінде жұмсалады.
Ақуыз құрамына молекуласының
кіретін аминқышқылда-
рының ерекшелігі неде? Басқа
аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының
құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз
туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай
мағлұматтар негізінде түсіндіріледі.
Жоғарыда айтып кеткендей, табиғатта
200-ден астам аминқышқылдары болады, бірақ,
ақуыз молекуласының құрамына соның 20
түрлі аминқышқылы ғана кіреді. Себебі
бұл аминқышқылдарының амин тобы да, карбоксил
тобы да бір көміртегі атомымен байланысқан
және ол көміртегі атомы аминқышқылының
молекуласындағы бірінші тұрған көміртегі
болып саналады. Ол көміртегі атомы α-
жағдайдағы деп аталады. Аминқышқылы молекуласындағы
тізбектің құрамына кіретін екінші көміртегі
– β, үшіншісі – γ, төртіншісі – δ, т.б
болып белгіленеді..
Ақуыздар мен қанттар
Ақуыздар амин қышқылдарынан тұрады, олардың түрлері:
• алмастырылатын –организмде басқа амин қышқылдарынан түзіледі;
• алмастырылмайтын –басқа амин қышқылдарынан түзілмейді.
Барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар ақуыздар толыққұнды деп аталады. Күнделікті адам организміне толыққұнды ақуыздар тусуі қажет. Мұндай ақуыздар мысалдары: ет, құс, балық. Соңғы жылдары ақуыздарды тəуліктік тұтыну бойынша ұсыныстар азайту жағына қарай қайта қарастырылған. Ол адам салмағының 0,8 г/кг құрауы тиіс. Тəулігіне 80 г аса ет ақуызын тұтыну жуан ішектің қатерлі ісігінің жоғары қаупімен қосарланады.
Жануар тектес жəне өсімдік тектес ақуыздардың организмдегі сіңуі бірдей емес. Мысалы, сүттің, сүт өнімдерінің, жұмыртқаның ақуыздары 96%, ет пен балықтың - 93-95%, нан ақуыздары - 62-86%, көкөністердің - 80%, картоп пен кейбір бұршақ тұқымдастардың - 70% сіңеді. Тағам өнімдерін, əсіресе, өсімдік тектес, қыздырумен орташа өңдеуде ақуыздар сіңуі арта түседі. Қарқынды қыздыруда сіңуі төмендейді.
Ақуыздар жеткіліксіздігінде ақуыздық ашығу дамиды, бұл дене салмағының азаюымен, иммундық қорғаныстың төмендеуімен, ісінулер пайда болуымен сипатталады. Ақуыздардың артық мөлшері ішектегі шіру үрдістерінің дамуына апарады.
2. Балалар ағзасына ақуыздың маңызы.
Қазақстанда белок жетіспеушіліктің ауыр түрлері іс жүзінде кездеспейді. Алайда, түрлі жастағы балалардың 10-15% -ызына жуығында белок-калория жетіспеушілігінің жеңіл түрі кездесіңкіреп қалуы сирек құбылыс емес. Жануар тектес белоктар физиологиялық жағынан толыққұнды протеиндердің қайнар көзі. Жануар тектес белоктар көздерін əрбір негізгі тамақтану кезінде қабылдағанға тырысып бағу керек. Ас бұршақтар құрамы жақсы амин қышқылдарына бай келеді. Ет жəне балық өнімдерімен қатар, белоктарға аса бай өнімдерге ірімшіктің қатты түрлері, ақ ірімшік жəне ұлттық тағамдарға жататын сүзбе, қатық, құрт жəне кепкен ірімшік жатады.
Белоктар организмнің алмасу процестерінде қалыпты ағымды қалыптастырады. Жеткіліксіз белокты тамақтануда әр түрлі биохимиялық ауытқулар мен адам организміндегі физиологиялық функциялардың бұзылуы байқалады. Белоктардың жеткіліксіз түсуі балалардың өсуі мен дамуының тежелуіне, ал ересек адамдарда еңбек қабілеттілігінің және организмінің токсикалық, жұқпалы ауруларға қарсылығының төмендеуіне алып келеді. Асқорыту, қан түзу, жыныс аппараттарының функциясы, психика бұзылады. Барлық бұзылыстардың нәтижесінде жалпы және арнайы аурулар дамиды. Белок жетіспеушілігімен байланысты аурулар: алиментарлы дистрофия, маразм және квашиоркор ауруы.
Белок жетіспеушілігі организмнің көптеген мүшелері мен жүйелерінің функцияларына қолайсыз әсер ету нәтижесінде дезинтоксикациялы және шығару жүйесіне күш түсіреді, ішектерде шіру процестері күшейеді. Ұлпаларда тотығып үлгермеген белоктық алмасу заттары (мочевина, бос аминқышқылдары ж.т.б.) жиналады, олар тұздармен бірге буындардың қалталарына, сіңірлерде және басқа ұлпаларда орналасады. Бұл подаграның (белоктың жоғарлауымен байланысты ауру) дамуына ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, денсаулық жағдайының күрделі өзгерістері белок жетіспеуішілігінен ғана емес, олардың көп мөлшерде болуымен де байланысты екендігін айта кету керек. Сондықтан, ұтымды белокты тамақтану тіршілікке маңызды процестердің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз етеді.
3. Балалар тағамындағы ақуыздың мөлшері
Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану — зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Нәресте кезіндегі сәби балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. Ясли жасындағы балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс.
Әрбір негізгі тамақтану
Нәруыздар ұлпалардың
тіршілік әрекеті процесінде жойылған
жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа
жасушалардың түзілуіне қатысады. Нәруыздар
тәуліктік рацион каллориялылығын 10-15%
қамтуы керек.
Күнделікті ас мәзірде
жеміс - жидектер (алма, жүзім, өрік, банан,
шабдалы, құлпынай, алмұрт т.б.), шырындар
және көкөністер болуы қажет. Олардың
құрамына энергетикалық қызмет атқаратын,
иммунитеттің жоғарылататын көмірсулар
кіреді және организмдегі мүшелердің
қалыпты жұмыс істеуі, тіршілік қабілеті
үшін қажетті, ақыл –ойдың дамуы, дененің
өсуі мен дамуын, ауыруға қарсы тұру қабілетін
қамтамасыз ететін дарумендер тобы болады.
Мысалы, С дәрумені организмнің түрлі
жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады,
сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады.
Жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс-жидектерді,
ашыған қырыққабатты тағамға көбірек
пайдаланған жөн.
Сүт
өнімдері ағзаның қалыпты өсуіне, сүйек
пен тіс құрамына кіретін, зат алмасуға
қажетті минералды заттектердің (кальций,
фосфор т.б.) көзі болып табылады. Содықтан
сүт өнімдері (сүт, айран, қатықтар, сүзбелер
және табиғи йогурттар, сонымен бірге,
жемісті йогурттар т.б.) түрлерін дастархан
мәзірінен қалдыруға болмайды.
Сүт
әдетте майсыздандырылған күйде ұсынылады,
ал балалар үшін майлылығы 3,2 %-ды құрауы
керек. Балаларды ақ ірімшік жеу-ге дағдыландыру
қажет, олардың құрамында майлар мен сода
аз. Бұл дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырудың
маңызды элементі болып табылады.
Қорытынды:
Астың құрамындағы
ақуыз ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпыны
келтіруге негіз болып табылады. Ақуыздан
жасушалар мен ұлпалар құралады және ферметтер
мен кейбіргормондар түзіледі. Жасушалардың
орнына басқа заттар (майлар, көмірсулар
) колдана алмайды. Ақуыз асқорту мүшелері
жүйесінде аминқышқылдарда дейін ыдырайды
және ол аш ішектен қанға өтеді.
Осы әр түрлі аминқышқылдарынан
жасушалар мен ұлпалардан адам ағзасына
тән ескі ақуыз ағзада ыдырап отырады.
Сөйтіп ағзада ақуыз үнемі жаңарып тұрады.
Мысалы, бұлшықет жасушаларында – миозин,
ал сүт бездерінде казеин деген ақуыз
түзіледі. 1г зат ыдрағанда 17,6 кДж энергия
бөлінеді және ақуыздың ыдырау заттары
–су, көміртегінің қостотығы, аммиак,
мочевина және т.б. пайда болады. Бұлар
қажетсіз заттар, олар сыртқы шығарылады.
Бір тәуліктегі бір адамға қажетті ақуыз
мөлшері 100-118г.
Балалар мен жас өспірімдерде
ақуыздың түзілуінен гөрі ыдырауы көп
болада. Сондықтан оларға тамақтану мөлшерінен
есептегенде мұны естен шығармаған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
3. Телемісова А.М., Қасмақасов С.Х. Қазақстан Республикасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік құралы. -Алматы 2008. -230 бет.
4. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред. В.Р.Кучма. - М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 480 с.
5. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.- М.: Медицина, 2000,- 160 с.
Информация о работе Балалар тағамындағы ақуыз компонентінің маңызы