Балалар мен жасоспиримдер гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жалпы гигиена срс.docx

— 33.48 Кб (Скачать документ)

Жылдық динамикада баланың  жеке басының және ұжымның денсаулық  көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне  байланысты қолдануға мүмкіндік  береді.

Дәрігерлік бақылаудың негізгі  формалары:

  1. Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;
  2. Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;
  3. Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;
  4. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызмет-керлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Денешынықтыру тәрбиесін  дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.

Мектептегі оқу сабақтары  әрбір сыныпқа арналып жасалған сабақ кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың қызмет қабілетінің  дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дұрыс жасалған сабақ кестесіне  байланысты болады. Бірақ, сабақ кестесін құрастыруда негізге алынатын мектептегі пәндердің қиындық дәрежесі, оларды өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауға келе бермейтін, көптеген нақты факторлаға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін дұрыс жасау оңай емес.

Сабақ кестесін жасауға қойылатын  негізгі гигиеналық талаптар:

  1. Әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;
  2. Оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу;

Оқу үрдісін қалыптастырған кезде, міндетті түрде оқушылардың  әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын рационалды кезектестіруді және қызмет қабілетінің қалыпына келуінің классикалық  қисық сызығын (25 сурет) ескеру қажет.

Оқу пәндері, іс-әрекеттің  қиындығының сипатына, бірінші және екінші сигналдық жүйеге түсетін  жүктемелердің дәрежесіне және осы  жүктемелердің статикалық және динамикалық  компоненттерінің қатынасына байланысты әртүрлі болып келеді. Оқу күнінің  басында, оқушылардың қызмет қабілеті жоғары болып тұрған кезде, негізінен  екінші сигналдық жүйеге жүктеме  түсіретін (әдебиет, математика, шет  тілдері т.б.), яғни, сөзбен айтуға, ойлануға арналған сабақтарды қойған дұрыс. Оқу  күнінің соңына қарай, яғни, жұмыс  өнімділігі азайған кезде сабақ  кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан көрі жеңілірек қабылданатын (сурет салу, сызу, бастауыш сыныптарда аппликация, жапсыру т.б.) сабақтар қойылғаны  дұрыс.

Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын сабақтарды дағдылану қалыптасатын бірінші сабақтарға және қажу басталатын соңғы сабақтарға қоюға болмайды.

Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қаблетін жоғарылатып, олардың  ден-саулықтарын сақтап, нығайту  үшін ұтымды құрастырылған күнделікті және апталық сабақ кестесі ең тиімдірек гигиеналық шаралардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, іс жүзінде  әртүрлі себеп-сылтаулармен бұл  принцип сақтала бермейді.

Сабақ кестесін ұтымды құрастыруға  кедергі келтіретін себептерді объективті және субъективті себептер деп екіге  бөлуге болады. Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады. Субъективті  кемшіліктерге, оларды жою үшін материалдық  шығын қажет етпейтін: сабақ кестесін құрастырушы адамның білімінің  аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің  сабақтан бос күндері болуы; оқу  жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп  бермеу сияқты жедел түзетуге болатын  себептерді жатқызуға болады.

Оқу үрдісінің ұйымдастырылуында  сабақ арасындағы үзілістердің регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының  регламенті ерекше маңыз атқарады. Сабақ арасындағы үзілістер арқылы организмге берілетін демалыстың ұзақтығы, оның «функционалдық потенциалдарынң қалыпына келтіру және қызмет қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да қамтамасыз ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы жеткіліксіз болатын болса және жаңадан түсетін жүктеме 1 фазаға келетін болса, онда қызмет қабілеті күрт төмендеп, қажу жоғарылай бастайды. Сабақ арасындағы үзілістер балалардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге, яғни, организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса ғана өзінің міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалыпына келтіретін ең жақсы демалыс, жақсы көңіл-күйде, таза ауада жасалатын қимыл-қозғалысты ойындар. Мұндай үзілістерді жыл мезгіліне қарамастан, ашық ауада өткізу, балалар организмнің шынығуына ықпал етеді, олардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, оқу жылындағы, тоқсандағы, аптадағы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен болатын қажудың дамуын төмендетеді (болғызбайды). Жалпы білім беру мектептерінде бірінші сынып оқушыларына сабақ арасында ұзақтығы 20 минуттан үзілістер беріледі. 2-11 сынып оқушылары үшін 10 минуттан кіші үзілістер және 2 немесе 3 сабақтардан соң 30 минуттық бір үлкен үзіліс немесе мұндай үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтардан соң әрбіреуі 20 минуттан 2 үзіліс беріледі.

Салауатты өмір салты - белгілі  популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек  медициналық емес, сонымен қатар  өндіріс пен өндірістік қатынастардың  дамуына байланысты болып келетін  әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты  өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы  қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді. Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке  әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік  ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан  және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен  дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы  бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады. Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады. Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

  • - Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;
  • - Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;
  • - Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;
  • - Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;
  • - Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;
  • - Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;
  • - Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.
  • - Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін  зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер  үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың  жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы  орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс. Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.

 

 

 

                                   Әдебиеттер

 

  1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

 

  1. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               “Астана медицина университеті” АҚ

                                     Жалпы гигиена кафедрасы                                           

 

 

      СӨЖ

         Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесі мен шынғуының гигеналық негіздері.

 

 

                                                               

                                                                     Орындаған:  Таутеева Айнур  

                                                                     Топ:             302 ҚДС                                                                                           

 

 

 

 

 

                                       Астана 2013 жыл

 

Жоспар 

 

I. Кіріспе :

          1.Балалар гигенасы

II. Негізгі бөлім :

          1. Балалр және жасөспірімдер гигенасы

          2. Денешынықтыру тәрбиесі мен шынығуының гигеналық негіздері

          3. Салауатты өмір сүрі гигиенасы

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиет тізімі.


Информация о работе Балалар мен жасоспиримдер гигиенасы