Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 22:46, доклад
БАКТЕРИЯЛАР
Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топка бөлінеді: шар тәрізділер — коккалар, таякша тәрізділер — бак-териялар, бацилалар және спирал тәрізділер — бибриондар, спириллалар (1-сурет).
Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке турлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері — диплококкалар, өз ара тіркескен, моншақ тәрізделгендері — стрептококкалар, төрт-төрттен тіркескендері—тетракоккалар делінеді де, сегіз-сегізден текшеленгендері — сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне үқсайды.
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралардың түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын — бациллалар, ал түзбейтіндерін— бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобацилалар немесе дипло-бактериялар — екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар — моншақ тәрізді ті- , зіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұксас, таяқша тәрізді бактерия-
ларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалары тізбектеле орналасқандарын стрептобацилдар деп атайды.
Бактериялардың спирал тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі бибриондар — үтір тәріздес, екіншісі — спириллалар — бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру коздырғыш спирохета бактериялары жатады.