Қазіргі сабақ - ағыны күшті өзен сияқты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 23:14, доклад

Краткое описание

өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде сындарлы оқыту Бағдарламасының түйінді идеяларын қолдану
Тәуелсіз мемлекетімізде білім және ғылымның дамуы үшін дүние жүзі білім кеңістігіне ену - бүгінгі күннің басты міндеті. Мұғалімдер қауымы жаңашылдыққа талпынып, озық тәжірибе мен жаңа стратегияларды орынды пайдаланып, өзінде бар білім мен тәжірибесін оқушы игілігі үшін пайдалану да бүгінгі күннің басты міндеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

каз сабак басылым.docx

— 184.66 Кб (Скачать документ)


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы                                     Ишангалиева Жазира Наурзбаевна                                                     №30 орта жалпы білім беретін мектебінің жоғары кәсіби білімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

     Ерте заманнан «мектеп» бала қуанышының орны деген ұғымды білдіріп, латын тілінен «уақыт өткізу» деп аударылған.

  Я.А.Коменский: «Латын тілінде «лудус» деп аталған, яғни  «ойын»; ол тән мен ақылды жеңіл және жағымды түрде жаттықтыруға арналған, шаршатпайтын, қинамайтын арнайы ғылыми білімдерге арналған тыныш бекет сияқты», - деп атап көрсеткен.

     Олай болса,  қазіргі сабақ оқушының жас  ерекшелігі мен қызығушылығын  ескере отырып, мұғалім мен оқушы  өзара  іс-әрекет нәтижесінен  қанағаттану сезімін ала алатындай  етіп құрылуы тиіс. Сондай-ақ , қазіргі сабақ - шетелдік педагогикалық технологияларды қазақстандық технологиямен ұштастырған заман ағымына сай болуы керек.

      Қазіргі заман талабына сай  қазақ тілі пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру,  ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.

     Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың да мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

     Сондықтан қысқа мерзім жоспарын сындарлы оқыту бағдарламасының жеті модулін қамти отырып құрастырдым.

   Осы негіздерге сүйене отырып құрған қазақ тілі пәні бойынша 5 сыныпқа арналған қысқа мерзім жоспары:

Сабақтың  тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

 

 

Сабақтың  мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.

Күтілетін нәтиже:

Сабақтың  түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың  әдісі: сөз, дәлелдеу,  талдау, іздендіру, қайталау, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың  көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар,кестелер.

Сабақтың   барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Амандасу. Сыныпты қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру:

320, 323, 324-жаттығулар. 2 сөзге  фонология- лық талдау жасау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Дауыстылар» мен «Дауыссыздар»  тобы  бүгінгі сабағымызды қайталауға  қатысады.

Тапсырма: Екі топқа да  Фонетика ғылымы нені зерттейді? Кесте арқылы беру

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Тақтаға топ басшылары шығып,   үндестік, дыбыстар сөздеріне фонологиялық  талдау жасайды. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.

Тапсырма. Жұмбақтарды шешу арқылы  сергіту сәтін ұйымдастыру.

1.Бір-бірімен сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс, әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті  алма.

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы  тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып  өтеді.

                         (дауысты, дауыссыз дыбыстар)

 

 

3.Дыбыс емес таңба,

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді.

Ойлап көрші,есіңде бар ма?  (ъ,ь)

Тапсырма:

«Дауыстылар» тобына:

1.тасымалдауға болмайтын  10 сөз жаз. 

/10 секунд/

2.Тек ашық буыннан тұратын  10 сөз жаз.

 «Дауыссыздар» тобына:

1.Үндестік заңына бағынбайтын  10 сөз жаз.

     /10 секунд/

2. Тек бітеу буыннан  тұратын  10 сөз жаз.

 

Тапсырма: «Дауыстылар» тобына: интербел- сенді тақтаның көмегімен орындалады.

   Өкпенің  үстіне  тек дауысты дыбыстарды қою.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дауыссыздар» тобына: Дастарқан  үстіне тек дауыссыздан басталатын тағамдарды қойыңдар


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма: Екі топқа да.  Екінші буынымды тап.


 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау

  1. Қайсысы тіл білімі саласына жатады?

А) фонема;

В) фонология;

С) фонетика;

D) фонетист

  1. Фонетика нені зерттейді?

А) тіл байылығын;

В) тіл жүйесін;

С) тіл тарихын;

D) тіл дыбыстарын.

  1. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

А) тек тілдің қатысуымен;

В) сөз арқылы;

С) сөйлеу мүшелері арқылы;

D) екі заттың соқтығысуы арқылы.

  1. Адамның тілі қандай тіл?

А) дыбыстық тіл;

В) ым тілі;

С) ишара тілі;

D) сазды тіл.

  1. Тіл дыбысы – сөздің несі?

А)  ішкі мағынасы;

В) сыртқы жамылғысы;

С) түпкі мазмұны;

D) көне мағынасы.

Ү.Рефлексия 

Бес жол өлең шығару

1. Фонетика

2.Дауысты, дауыссыз

3.Айтамыз, естиміз, жазамыз

4.Тіл дыбыстары сөз  құрайды

5. Дыбыс

ҮІ. Үй тапсырмасы: Фонетика тарауынан өткен тақырыптарды қайталау.

     10 сұрақтан  тұратын тест  тапсырмаларын дайындау.

     Сөзжұмбақ,  ребус жасау.

ҮІІ. Бағалау.

 

Оқушының аты-жөні

өзін-өзі бағалау

Топ басшысы-ның бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытын-ды баға

           

 

 

 

 

   «Өрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалы «БҚОПҚБАИ» - да ІІІ деңгейлі біліктілік арттыру курсында өз білімімді жетілдірмес бұрын:мұғалім мен оқушы өзара іс-әрекет нәтижесінен  қанағаттану сезімін алу үшін сабағымды қалай өткізуге болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?-деп қиналатынмын. Курста білімімді жетілдіргеннен соң, осы сұрақтарды шешудің бір жолы  - оқытуда бағдарлама идеяларын белсенді қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде бағдарламаның жеті модуль идеяларын оқу- тәрбие жұмысында тиімді  пайдалану керек екенін түсіндім. Олай болса, өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы оқушыны қалыптастыруға бағытталған- сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілдің берері мол екені даусыз.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

  Үшінші  (негізгі) деңгей.

  «Назарбаев зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.

2. «Әдебиет» - жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық.

Ә.Дайыр; Қ.Айтқалиев; Ш.Беркімбаева; Г.Құрманбай.

Алматы.Атамұра,2005.

3. «Қазақ әдебиеті» - жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау.

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі  ұсынған

Қ.Әбдезұлы; Г.Д.Рыскелдиева; С.Ч.Тұрсынғалиева.

 «Арман – ПВ» баспасы,2010.

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» - республикалық ғылыми педагогикалық, әдістемелік жұрнал, 2012.

5. Интернеттен mikegershon@hotmail.com сайт материалдары.


Информация о работе Қазіргі сабақ - ағыны күшті өзен сияқты