«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 14:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұл оқу жұмыс бағдарламасы 0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау», 0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы», 0704000 – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік стандартының негізінде, оны гуманитарлық білімнің негізгі және ортақ мақсатын – рухани-адамгершіл, еркін, өзін-өзі дамытатын тұлға ретінде адамның қалыптасуына, оның әлеуметтенуіне қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалану мақсатында жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc

— 896.00 Кб (Скачать документ)

 

Тақырып 4.2   Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Аймақты большевиктендірудің басталуы. 1921ж. аштық және оның салдары. Жер-су реформасы. Қателер мен ауытқулар. Қоғамдық-саяси жағдай. Социализмге  қарай дамудың жолдары туралы 20-шы жылдардағы пікірталас. ЖЭС жетістіктері мен кемшіліктері және оны қысқарту.

Орта Азия мен Қазақстандағы  ұлттық-мемлекеттік межелей бөлу.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларын сақтау.

Кәсіптік:

- ЖЭС мәнісі мен оның себептері, жетісткітері мен қайшылықтары; Қазақстанды индустриализациялау ерекшеліктері: жетістіктері, қателері мен қайшылықтары.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • 1921ж. аштықты және оның салдарын;
  • ЖЭС қиындықтары мен жетістіктерін;
  • Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік межелей бөлінуін білу керек.
  • Қазақстандағы ЖЭС жетістіктері мен нәтижелерін объективті бағалауды;
  • берілген кезеңнің құжаттық дереккөздері бойынша Қазастанның ЖЭС сипаттауды меңгеру керек.

 

Тақырып 4.3   Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақстанды индустриализациялау  ерекшеліктері (1926-40жж.): жетістіктері, қателері, қиындықтары. Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу. Қ.И.Сәтпаев. Түрксіб  құрылысы. Н.Нұрмақов, с.Садуақасов, Т.Рысқұлов. Индустриализациялаудың біржақтылығы. Қазақстан – шикізат қоры. Ұлттық жұмыс классының қалыптасуы мен оның ерекшеліктері. КССР индустриалды даму аймақтарымен Қазақстанның экономикалық және мәдени байланысы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.

Кәсіптік:

- Қазақстан индустриализациясының ерекшеліктері: жетістіктері, қателері, қайшылықтары.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстандағы индустриализацияның себептері мен жүзеге асырылуын;
  • Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктерін;
  • Қазақстандағы индустриализацияның жағымсыз салдарын білу керек.
  • Қазақстандағы индустриализация мәселесі тақырыбындағы бастыны ажыратуды;
  • Ынтымақтастық педагогикасы жүйесінде жұмыс жасауды меңгеру керек.

 

Тақырып 4.4   Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақстанның ауыл шаруашылығын қайта  жаңартудың сталиндік-голощекиндік үлгісі. Күштеп ұжымдастыру мен оның салдары. Класс ретінде бай мен кулактарды тәркілеу мен жою. Ф.И.Голощекин және оныі «Кіші Қазаны». Ұжымдастыру  кезіндегі кеңестерге қарсы сөз  сөйлеулер. Тақтакөпір, Созақ, Адай, Ырғыз, Абралы және басқалары. Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1931-1932жж. аштық. Қазақтардың жаппай көшуі. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Қазақстандағы апат және оның салдары. Аштықпен күрес.ұжымдық шаруашылық қозғалысын нығайту шаралары.

           Сталинизм  мен казармалық социализмнің  орнығуы. 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргіндер.  Тоталитарлық жүйе және ұлт  мәселесі. КАССР ҚазССР ауысуы. ҚазССР 20-жылдық мерейтойы. Уақыттың  тарихи сабақтары.

           Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Кәсіптік білім берудің дамуы мен қазақ ұлтыныңы интеллигенциясының қалыптасуы. Қазақ кеңес өнері. Жеке билік тәртібінің тоталитаризм иделогиясының салдары. Ұлттық мәденитті, тарихты және өткен мұраны жоққа шығару ретіндегі мәңгүрттік. Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдай.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.

Кәсіптік:

- Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың басталуы: «Кіші Қазан» курсы, 1931-33 жылдардағы аштық және антикеңестік пікірлер; сталинизм мен казармалық социализмнің орнығуы, 20-30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • басқарудың командалық-әкімшілік әдісін және оны республикада енгізуді, «Кіші Қазан» бағытын;
  • 20-шы жылдардағы жастар қозғалысын;
  • казармалық социализмді, 30-шы жылдардағы жаппай террорды, Қазақстандағы концлагерьлерді, әлеуметтік құрылымның өзгерістерін білу керек.
  • қоғамдық-саяси өмір саласында Қазақстандағы Кеңес билігінің жетістіктері мен шектен шығуларын объективті бағалауды;
  • бұл кезеңді әлеуметтік сипаттағы қайшылықтар мен реформалар уақыты ретінде қарастыруды меңгеру керек.

 

Тақырып 4.5  Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) және соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Соғыстың басталуы. Экономиканың әскери ыңғайға көшуі. Қазақстан территориясына кәсіпорындарды эвакуациялау. Қазақстан – майдан арсеналы. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің, соның ішінде ұлттық бөлімдердің қалыптасуы. Жаңа бірлестіктерді оқыту және оларды майданға аттандыру. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін». Поляктарды, Поволжье немістерін, қырым татарларын және Солтүстік Кавказ халықтарының жер аударылуы.

          Қазақстандықтар  соғыс майданында. Соғыстың барлық  майдандарындағы қазақстандықтардың  ерлігі. Олардың партизандық қозғалыстарға  қатысуы. Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар. Фашизмді жеңудің тарихи маңызы.

          Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан.  Қоғамдық-саяси жағдай. Қазақстан  экономикасы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- соғыстың себептері мен басталуы, соғыс кезіндегі Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық-саяси өмірі; соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның дамуы.

Арнайы:

- соғыс кезіндегі, ұлттық саясаттағы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси дамудағы Қазақстанның жағдайын сипаттау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Ұлы Отан соғысының себептері мен басталуын, «Үлкен Түркістан» жоспарын, әскери бөлімдердің қалыптасуын және халықтың еңбектегі ерліктерін;
  • соғыс майдандарындағы қазақстандықтарды, соғыс жылдарындағы ғылым мен өнерді білу керек.
  • картада жақсы бағдарлануды;
  • ҰОС мәселелі сәттерімен жұмыс жасағанда баспа көздерін пайдалануды меңгеру керек.

 

Тақырып 4.6  50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Республикадағы қоғамдық-саяси  өмір. Десталинизация. Тұлғаға табынуды сынға алу. Қоғамды демократизациялау  үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы. Тоталитарлы үлгіге қайта оралу. «Дамыған» социализм кезеңі.

           Қазақстанның  ауыл шаруашылығы. 1954-1956жж. тың игеру – шаруашылық, экологиялық, әлеуметтік-демографиялық салдары. 60-80жж. ауыл шаруашылығының дамуы.

           Өнеркәсіптің, көліктің, құрылыстың дамуы. 1957ж.  реформа. 1965ж. реформа. Шаруашылық  реформалар: маңызы, ғарыштық сипаты. 1960-80жж. ірі құрылыстар. Қазақстанның халық шаруашылығы дамуының экстенсивті сипаты. Республикадағы әлуметтік-экономикалық жағдай. Целиноградтағы 1979ж. оқиғалар. Басқарудың әкімшілік-командалық әдісінің жағымсыз сипаты және дағдарысы. Тежелу механизмінің қалыптасуы мен әрекеті.

    Республикадағы ұлттық-демографиялық саясат. Республиканың этникалық біртектілігін «ажырату» және оны этномәдени сипатта Ресейге жақындату. 50-ші және 70-ші жылдардағы көші-қон және кері көшу үрдістері.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім бойы тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- республикадағы қоғамдық-саяси өмір, демократизация үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы, 1954-56 жылдары тың игерудің себептері мен салдары; 60-80жж. Ауыл шаруашылығының дамуы; 70-80 жылдардың басында Қазақстан экономикасының экстенсивті сипаты; республикадағы ұлттық-демографиялық саясат.

Арнайы:

- 50-80жж. Кезеңдегі Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси дағдарысының сипатын анықтау; онжылдықтарға салыстырмалы талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстандағы тың жерлерді игеруді: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-демграфиялық салдарын;
  • 50-ші жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмі<span class="Normal__Char" sty

Информация о работе «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы