Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 18:43, реферат
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
І.Кіріспе бөлім.
1.1.Судың адам өміріндегі маңызы.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.ҚР аумағындағы сумен қамтамасыз ету.
2.2.Сулардың ластану жолдары.
2.3. Суды тазалаудың жаңа технологиялары.
2.4. . Су ресурстарының ластануы.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы ластанған» санаттан «ластанған» санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені мен Кеңгір су қоймасы «ластанған» санатқа ауыстырылды және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа жатқызылды.
Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы.
Республика аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс істейді. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша – 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің ұзындығы 9871,3 км. құрайды.
Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен дәрежеде. Су бұру жүйесінің құрылыстары мен желілерінің, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің басым көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 2/3-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың
деректері бойынша жалпы
Төгінділер қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту ғимараттарына келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту ғимараттардың көпшілігі өздерінің пайдалану ресурстарын толық сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет.
Тазарту құрылыстарының айтарлықтай тозып кетуіне байланысты су құбырлары құрылыстарындағы апаттық саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға құйылатын төгінділердің жалпы көлемі ұлғайып келеді.2010 жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі.
Атмосфераның,
ағынды сулардың, өсімдік пен жануар
тектес организмдердің ластануы, ішуге
және шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылатын
судың сапасының нашарлығы
2008
жылмен салыстырғанда 2010 жылы
тыныс алу мүшелері
Тыныс алу мүшелері ауруларының 2005-2010 жылдардағы динамикасы
4-диаграмма.
Бұл тек зақымдалған судың
адамның тек бір ғана мүшесіне
зияны.Салауатты өмір салтын сақтайтын,
білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін,
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6к
2.Интернет желісі www.google.kz
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лас сулар,оларды тазарту жолдары.