Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 10:34, реферат
Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгі зат алмасудың, тамақ тағамдардың арнайы-динамикалық әсері, дене және ой еңбегімен істейтін жұмысқа байланысты жұмсалған энергия қосындысынан тұрады.
Негізгі зат алмасу мен тағамдардың арнайы-динамикалық әсеріне жұмасалатын энергия адамның ырқымен реттелмейді, сондықтан оны реттеуге болмайтын энергия жоғалту деп те атайды.
І Кіріспе
а) ағзаның энергия жоғалтуы
ІІ Негізгі бөлім
а) ағзаның тәуліктік энергия шығындарын анықтау әдістері.
б) тамақ ішу тәртібі
ІІІ Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер
2.1
Жоспар
І Кіріспе
а) ағзаның энергия жоғалтуы
ІІ Негізгі бөлім
а) ағзаның тәуліктік энергия шығындарын анықтау әдістері.
б) тамақ ішу тәртібі
ІІІ Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгі зат алмасудың, тамақ тағамдардың арнайы-динамикалық әсері, дене және ой еңбегімен істейтін жұмысқа байланысты жұмсалған энергия қосындысынан тұрады.
Негізгі зат алмасу мен
тағамдардың арнайы-
Жұмыс істегенде, спортпен шұғылданғанда немесе басқа да бір жұмысты орындауға кеткен энергия адам ырқымен реттеледі, сондықтан адам өзінің жұмыс қабілетіне байланысты істейтін жұмысының көлемін көбейтіп немесе азайта алады.
Негізгі зат алмасу – ол ішкі органдардың және жүйелердің жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасу көлемі әр адамда әр түрлі болады. Негізгі зат алмасу – бұл адам ағзасынынң жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасудың энергия көлемі бұлшықет және жүйке жүйесінің тынығу кезі мен адамды ыңғайлы жағдайда жатқызып, ыңғайлы температурада(20С) және адам аш кезінде анықталады. Ол орташа салмақтағы ересек ер адам үшін 1700ккал, ересек әйел адамдар үшін – 1400ккал.
Негізгі зат алмасу адамның жынысына, жасына байланысты өзгеріп тұрады. Әйелдердің энергия жоғалтуы, еркектерге қарағанда 10-15% аз. Балалардыңкі үлкен адамдарға қарағанда 10 -15% көп.
Тамақ тағамдарының арнайы-динамикалық әсері – тағамдар организмде қоректік заттарға айналған кезде, ағзада тотығу процессінің күшейуіне байланысты энергия жоғалту көбейеді. Тамақ қабылдаған кезде энергия жоғалту негізгі зат алмасудың күшейуімен бірге жүріп отырады. Аралас түрде тамақтанған кезде ағзада негізгі зат алмасудың тәуліктік мөлшері 10-15% - ға артады. Тағамдық заттар негізгі зат алмасуға әр түрлі әсер етеді: мысалы, ақуыздар 30-40%, майлар 4-14%, көмірсулар 4-7% негізгі зат алмасуды көбейтеді.
Ауыр дене және ой еңбегі кезіндегі энергия жұмсалуы. Жұмасалатын энергияның мөлшері адамның істейтін жұмысына және оның ауырлығына байланысты. Қазіргі кезде өндіріс орындарының механизациялануына, автоматизациялануына байланысты адам жұмысқа көп энергия жоғалтпайды.
а) ағзаның тәуліктік энергия шығындарын анықтау әдістері.
Тәуліктік энергия шығынының мөлшері бойынша энергия қажетілігін анықтайды.
Энергия шығынын Шатерников-Молчанова,
тікелей калориметрия, жанама калориметрия,
алиментарлық калориметрия және әр түрлі
жұмыс орындау кезіндегі
Шатерников-Молчанова әдістері,
яғни газ алмасуды зерттеу – бұл
әдіс ең көп таралған әдіс. Ағзада жүретін
қышқылдану процессі: оттегін қолданып,
көмірқышқыл газын бөліп
Тағамдық заттар қышқылданған кезде шығарылған жылуды – «калориялық коэффициент» деп атайды. Калориялық коэффициенттің көмегімен және тағамдық заттардың мөлшерінің көмегімен адам тәулігіне қанша энергия мөлшерін қабылдағанын анықтауға болады.
Тікелей калориметрия әдісі – калориметриялық камерада ағзадағы барлық жылу өнімін есепке алудан тұрады, бірақ камера құрылысының күрделілігі және онда көп тәжірибе жүргізуге мүмкіншілік жоқтығы бұл әдістің қолданылуын шектейді.
Жанама калориметрия әдісінің принципітамақтық заттарды тотықтыруға кететін оттегінің саны бойынша энергияны анықтаудан тұрады.
Тұтынған оттегінің саны,
ағзадағы жүріп жатқан тотығу үрдістерінің
интенсивтілігі жөнінде ойлауға
және белгілі дәлдікте бөлінген жылуды
анықтауға, демек, шығын болған энергия
санын анықтауға мүмкіндік
Алиментарлық калориметрия әдісі 15 – 16 күн бойына адамның дене массасын өлшеуге және қабылдайтын тағамның энергиялық құндылығын анықтауға негізделген. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына тең болса дене массасы озгермейді. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына сәйкес келмесе онда дене массасы артады немесе кемиді. Бұл кезде дене массасының қосылуы негізінен май басуымен байланысты. Себебі май тінінің құрамында 25% су бар. Дені сау үлкен адамның дене массасының 1кг өсуі 6750ккал-ға сәйкес келеді.
Демек, нақтылы энергия шығынын дене массасына қосылған энергия құндылығын тағамның энергиялық құндылығынан алып тастау арқылы болады. Әдіс қарапайым және оңай орындалады, практикада жеңіл қолдануға болады.
Есептеу хронометраждық әдіс
әрбір жұмыс түрлерін орындау
кезіндегі энергич шығыны көрсетілегн
кестелердің көмегімен, тәуліктік
энергия шығынын анықтауға
Жұмыс күнінің хронометражын бір кәсіби топтағы бірнеше адамдарға жасау қажет, алдымен жаңа жұмыс түрін бастаған уақыттарын жазып отырған жөн, ал барлық материалдарды ретке келтіруді содан кейін жүргізеді. Егер ұйқыға, демалуына, тағам қабылдауға жалпы уақыт жиынтығы 24 сағатқа тең болса, хронометраж дұрыс жасалған болып есептеледі және оның мәліметтерін әр түрлі жұмыстарды орындау кезіндегі энергия шығыны 1кг массасына ккал/минут арқылы тәліктік энергия шығынын есептеу үшін пайдалануға болады.
Энергия шығынын, хронометраж мәліметі бойынша дене жұмысына активтілік коэффициентін пайдаланып, есептеуге болады. Дене жұмысына активтілік коэффициенті – қандайда бір жұмыс түрін орындауға кеткен энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы. Әрбір жұмыс түрінің дене жұмысына активтілік коэффициентін негізгі алмасу мөлшеріне және осы жұмыс түрін орындауға кеткен сағатпен берілген уақыт санына көбейтеді. Содан соң барлық жұмыс түрлерін орындауға кеткен энергия шығынын қосады.
Тәуліктік энергия шығыны есептеу үшін жасына және дене массасына тиісті негізгі алмасу мөлшерін халық топтарының дене жұмысына активтілік коэффициентіне көбейту қажет.
б) тамақ ішу тәртібі
Тиімді тамақтану – деп ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқа да сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтану ағзаның жағдайын нормада ұстап және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері болып мыналар саналады: үйлесімді тамақтану және тамақтану режимі. Тиімді тамақтану – тәуліктік тамақ тағамдарының калория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы.
Тамақ ішу тәртібі – тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керкетігі тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады.
Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды. Тамақты кеңірдектен шығара тойып ішуге, асығыс ішуге де болмайды. Тамақ ішу тәртібі бұзылған жағдайда адам ағзасында әр түрлі ішек-асқазан аурулары пайда болады.
Сонымен қатар әр тамақ ішу сәті 20-30 минуттан кем болмауы керек. Тағамды өте жай, асықпай шайнау керек. Ауыздағы тағам сілекеймен толық араласып болғанша шайнау керек. Әр тамақ ішу мезгілі арасындағы уақыт 5 сағаттан аспау керек. Тағамды белгілі бір уақытта ішудің өте маңызы зор.
Асқорыту органдары белгілі бір уақытта тағам қабылдауға дайын болады. Асқазанда асқорыту сөлі бөлінеді.
Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның калориясына қарай төмендегідей бөлінеді:
Немесе,
Ал егер күніне 3 рет тамақтану болса:
Бірақ, қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5 – 3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек.
Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Асқорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8 – 10 сағат түнгі уақытта демалуы тиіс.
Таңертеңгі аста міндетті түрде ыстық тамақ, мысалы: ет немесе балық етімен гарниріне көкөністер немесе жармалар болуы қажет, бутербурод және әртүрлі сусындар, ең жақсы ыстық шай, кофе, какао.
Егер мүмкіндік болса сәскеде тағыда бір жеңіл тамақтанған жөн, оның қуаты күні бойы ішеті тағамдардың қуатының 10 – 15% -ын құрауы керек.
Түскі астың қуаты тәуліктік ас қуатының 35-40% құрауы керек. Түскі ас 4 тамақтан тұрады. Көп көлемдегі түскен асты қорыту үшін өте көп асқорыту сөлдері бөлінуі қажет. Ол үшін тамақ алдында жаңа көкөністерден әртүрлі салаттар немесе тұздалған көкөністерді, селдь немесе тұздалған балық етін пайдаланған жөн. Бірінші ас міндетті түрде сұйық болуға тиіс, өйткені асқазан сөлінің жақсы бөлінуіне ыстық бірінші тағамдарды ішуде әсер етеді, әсіресе экстрактивті заттары мол ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы. Жазғы уақытта бірінші сұйық ас көкөністен болғаны жөн. Мысалы, борщ, ши, окорачка, свекольник арасында жармалардан дайындалған сорпалар енгізуге болады. Ал қысқы уақытта қуаты көптеу сұйық тағамдар қолданған жөн: фрикадельки, пельмен, әртүрлі жарма қосылған сорпалар. Екінші ыстық тамақ еттен, балықтан, құс етінен дайындалғаны жөн, олардың құрамында өте көп ақуыз болады және калориясы өте жоғары болады, сондықтан гарнирі көкөністен болғаны жөн, сонда тамақтың іште шіру процессі азаяды. Ақуыздардың асқазанда қорытылуына майлар кедергі келтірмес үшін, майлы тағамдарға көкөніс қосып жеген жөн. Түскі асты тәтті тағамдармен аяқтаған пайдалы, олар: кисель, компот, мусс, балмұздақ және т.б. олар асқазан сөлін тоқтатады және ішкен тағамнан қанағат алады.
Кешкі асқа бойға тез сіңетін тамақтар: сүт, жарма және көкөніс жеген пайдалы. Ұйықтауға жатар алдын бір стакан сүт немесе айран ішкен жөн.
Ал мына тағамдарды кешке жеуге тыйым салынады: еттен жасалған тағамдар, өйткені бұл тағамдар асқазанда ұзақ қорытылады және ащы шай, кофе, шоколад, бұл тағамдар жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді.
Қорытынды
Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. Зат алмасу бір-біріне қарама – қарсы екі түрлі процесспен аяқталады.
Ассимиляция және диссимиляция, бұл процесстер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады.
Ассимиляция дегеніміз – ағзаға қоректі заттардың синтезделуі. Олар ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады. Ассимиляция көзі тамақ болып табылады.
Диссимиляция дегеніміз – заттардың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үзіксіз жүріп тұрады және бір-бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе-теңдік бұзылады.
Өсіп жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процессі , диссимиляция процессіне қарағанда басым болады. Ал кәрі адамдарда және аурудан әлсіреген адамдарда диссимиляция процессі басым болады.
Энергия – калориямен немесе Джоульмен өлшенеді. Энергия көзі – тамақ болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер