Қазақстан Республикасының
Денсаулық Сақтау Министрлігі
Семей Мемлекеттік Медицина
Университеті
Физиологиялық пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Ағзадағы қызметтік жүйелер
Пән: Физиология-1
СӨЖ
Орындаған: Турарова Сауле
218-топ ЖМФ
Тексерген: Утегенова Айгүл
Маратовна
Семей-2013
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. П.К. Анохин бойынша
қызметтік жүйелердің жіктелуі
2. Қызметтік жүйелер
түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
- П.К. Анохин өзінің әріптестері И. М. Сеченов, И. П. Павлов және А. А. Ухтомскийдің ғылыми еңбегіне сүйене отырып физиология мен медицина саласында интегративті теория болған «ағзаның қызметтік жүйелері» теориясын ашты. Функциональдық жүйе— белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. П.К. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор — әрекет нәтижесі.
Функциональдық жүйе ұғымын
ұсынып әрі - оның теориялық негізін
қалаған және дамытқан П.К. Анохин болатын.
Физиологиялық ғылымда ашылған
бір құнды жаңалық болып табылады.
Бұл теория организмнің әр түрлі
күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа
бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының
механизмін түсіндіруге қызмет етеді.
Қызметтік жүйелер - пайдалы нәтижеге жеткізетін әртүрлі жүйке орталықтары мен шеткі
ағзалардың іс-әрекетті қажетті ұйымдастыратын
бірыңғай бірлігі. Әрбір мақсатты іс-әрекет
қалыпты жағдайда тіршіліктік пайдалы,
яғни қандайда болса белгілі бір мұқтаждықты
өтеуге арналған.
Петр Кузьмич Анохин (1898-1974)
Қызметтік жүйелер
теориясы
ОРГАНИЗМНІҢ
қызметтік ЖҮЙЕСІ
- Қызметтік жүйелер деп әр текті құрылымды ағзалар, тіндер және олардың белгілі бір қызметін қамтамасыз ететін реттеуші тетіктер жинағын айтады. Басқаша айтқанда, әрекеттік жүйелер әртүрлі шектегі жауап беретін құрылымдар мен организмнің қызметін қамтамасыз ететін және оның белгілі бір жағдайға бейімделісін ұйымдастыратын жүйкелік және гуморальдық, тетіктерінен тұрады. Мысалы, бір әрекеттік жүйе қан қысымын, екіншісі — қандағы қант мөлшерін, үшіншісі - тұз бен су тұрақтылығын қамтамасыз етсе, төртіншісі -қозғалыс бейімділігін қадағалайды.
Қызметтік жүйелер
- Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кез келген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді.
Әрбір функциональдық
жүйе қызметінің құрылымына міндетті
түрде кіретін мынадай құрылымдарды
ажыратады:
1) афференттік талқылау;
2) шешім қабылдау;
3) әрекет нәтижесінің акцепторы;
4)эфференттік талқылау ( іс –
әрекет бағдарламасы);
5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері
(негізгі белгілері);
6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы
(соңғы афференттік импульстер).
Қызметтік жүйенің
жалпы құрылысы
Қызметтік
жүйелердің блок схемасы
Сенсорлы
блок
Шешім қабылдау
блогы
Әрекет бағдарламасы
блок
Стимул
Әрекет блогы
Нәтиже
Кері байланыс
Мотивизация блогы
Ес блогы
Іске қосушы
блогы
- Қызметтік жүйенің бірінші түрі – ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтауды, өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін, организмнің өз ішінен шықпайтын қызметтік жүйе.
- Қызметтік жүйенің бірінші түрі автоматты түрде пайда болған қан қысымының тербелісін, дене температурасын және басқа да параметрлерді қамтамасыз етеді.
- Қызметтік жүйенің екінші түрі
- Ағзаның сырқы
реттелісін,ағзаның әрекетті өзгерту
арқылы қоршаған ортамен байланысып, бейімделуін
қамтамасыз ететін қызметтік жүйе.
1. Афференттік
талқылау
Кез-келген
іс-әрекеттік реакцияның бастапқы бөлігі.
Мұнда нені, қалай, қашан атқару керек
дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік
талқылау іске асу үшін база ретінде төрт
компонент қызмет етеді:
- 1) доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция;
- 2) жағдайлық (нақты жағдай) афферентация;
- 3) іске қосушы афферентация;
- 4) ес аппараты.
Бұл
компоненттердің өзара әрекеттесуі үш
түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен
іске асады:
- а) бағдарлар-зерттеу реакциясы;
- б) қозудың нейронға конвергенциясы;
- в) қозудың қыртыс — қыртысасты реверберациясы. Осы механизмдер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сай келетін іс-әрекетті анықтауға яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, «шешім қабылданады».
2.Шешім
қабылдау сатысы
- Орталыққа жеткен барлық мәліметтерді талдау нәтижесінде, дәл осы сәтке сәйкес организмнің қазіргі кездегі мұктаждығы, бұрынғы тәжірибесіне байланысты мақсат-тілектің бағдарламасы кұрылады. Бағдарламаға сәйкес әкететін серпіністер шеткі ағзалар мен мүшелердің іс-әрекетін өзгертеді. Бағдарламамен бірге жүйке ортадықтарында жауапты әсерленістің болашақ нәтижесінің үлгісі жасалады. П.К. Анохин оны әрекет нәтижесін салыстырушы - акцептор деп атайды.
3.Әрекет
нәтижесінің акцепторы
- Шешім кабылдау негізінде болашақ әрекеттің болмысын сипаттайтын кескіндерін қалыптастырады. Бұл - нақтылы әрекеттің өзінен бұрын кұралады.
4. Эфференттік
талқылау
- Бұл пайдалы нәтижеге жеткізетін дене қимылы әрекеттерінің және оны вегетативтік жабдықтаудың бірлестірілген атқарушы бөлімі.
5) Әрекет
нәтижелері және оның параметрлері (негізгі
белгілері);
- Бұл – жүйе келесі болашақ әрекеттердің бастамасы. Ол әсерлік кері байланыс арқылы нәтиже көрсеткіштерін бастапқы мақсат-тілекпен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда, атқарушы әрекет тиылады, олай болмаса, сезімдік синтезде жаңа шешім қабылданып, қайтадан іске қосылады. Сонымен әрекеттік жүйенің ерекшелігі, оның өздігінен реттелуі және пайдалы нәтижеге жетудегі өзгергіштік қабілеті.
- Организмде, әдетте, барлық құбылыстар мен рефлекстік әрекеттер осы кері байланыс арқылы атқарылады. Ол адамның ерікті іс-әрекетінде, рефлекстік әсерленістерінде организм тіршілік ететін жағдайлардың (жылу реттеу, су-тұз алмасуы, кан қысымы және т. с. с.) тұрақтылығын сактауда өте манызды орын алады.
6. Нәтиже
параметрлерінің кері афферентациясы
(соңғы афференттік импульстер).
- Кері байланыс деп әрекеттің нәтижесі немесе қажеттілігі туралы кабылдағыштан басталатын ақпаратты орталық жүйке жүйесіне жеткізетін байланыс жолын айтады. Мұндай мәліметтер орталық жүйке жүйесіне, тек қана әсер етілген сезімтал кұрылымдарынан ғана келіп қоймай, әрекеттің негізінде тітіркендірілген басқа ағзаларда орналасқан бірқатар қабылдағыштардан да жетеді.
Мысал:
- Афференттік талқылау кезеңі: оқу орнын таңдауда мектеп бітіруші барлық оқу орындары туралы ақпаратты жинап, оларға талдау жасайды. Оқу орны мен мамандықты таңдауда барлық келісім және қарсы жақтарды ескереді. Ата-ананың көзқарастарын, достарының айтқандарын ой елегінен өткізеді. Оқу орны және мамандық туралы айтылғандарды есіне түсіреді.
- Шешім қабылдау: мектеп бітірушінің шешім қабылдауына өзінен үлкен сыйлы досының (университетте оқитын) немесе басқа да сыйлы адамдардың әңгімесі (оқу туралы, мамандық туралы, оның қажеттілігі, перспективасы туралы) «афференттік талқылау» таразысындағы «пусктік» стимул болады. Бұл нақты шешімнің қалыптасуына жағдай жасайды, яғни шешім қабылданды, мектеп бітіруші университеттің психология факультетіне түсуге шешім қабылдады.
- Қажетті әрекет бағдарламасы: шешім қабылдаумен бірге мектеп бітіруші қажетті әрекет бағдарламасын құрады да сол бойынша іс-әрекет жасай бастайды. «Әрекет бағдарламасымен» бір кезеңде «әрекет акцепторы» немесе келешек әрекет нәтижесінің моделі құрылады.
- Әрекет кезеңі: мектеп бітіруші әрекет бағдарламасы бойынша іс-әрекет жасай бастайды: құжаттарын тапсырады, емтиханға дайындалады. Бұл әрекет кезеңі. Әрекет кезеңі әрекет нәтижесін алумен аяқталады.
- Әрекет нәтижесін әрекет ақцепторында бағалау үшін кері афферентация жүру керек, яғни әрекет акцепторына әрекеттің ақырға нәтижелері туралы ақпарат түсуі қажет. Бұл мысалда мектеп бітіруші пайдалы нәтижеге қолы жетті, оның тиісті қажеті өтелді, қанағаттану іске асты. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды.
Қорытынды
- П.К. Анохинанің қызметтік жүйелер туралы концепциясы адам қоршаған ортадан бөлек өмір сүре алмайды деген ойға негізделген. Адам әрдайым қоршаған ортадан белгілі бір факторлардың әсерін сезінеді. Кейбір тітіпкендіргіштер адамға әсері болмаса ал екінші тітіркендіргіштер, ереже бойынша, жауап реакциясын тудырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
- «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ. Сатпаева, А.: «Білім», 2005. - 100-106, 113-116 б.
- Анохин П.К. «Идеи и факты в разработке теории функциональных систем».
- «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, А.: Қазақстан, 1992, 175-192 б.
- http://www.allbest.ru/
- www.wikipedia.com
- www.google.kz