Қақырық түсіретін заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Қақырық түсіретін заттар. Бұл заттардың тобы бронхиальды бездермен өндірілетін шырыштың ( қақырықтың ) бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген. Тыныс алу жолдарында шамамен тәулігіне 100мл шырыш бөлінеді, оның көбісі жұтылады. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезінде жасушалардың белсенділігі төмендейді, ал қақырық бөлетін шырыштар керісінше, белсене түседі. Сонымен қатар, қақырықтың қорғаныштық ісеріне өарамастан, оның көп бөлінуінен газ алмасу бұзылыстары пайда болады және ауру тудыратын микроптардың пайда болуына әкеледі.



МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ ПРАКТИЧЕСКИХ ЗАНЯТИЙ


ТЕМА: Средства, применяемые при синдроме нарушения бронхиальной проходимости. Особенности их применения у детей.

КУРС:3

Прикрепленные файлы: 1 файл

фарма Қақырық түсіретін заттар.doc

— 57.50 Кб (Скачать документ)

 

Қақырық түсіретін заттар. Бұл  заттардың  тобы  бронхиальды  бездермен  өндірілетін  шырыштың                   ( қақырықтың )  бөлінуін  жеңілдету  үшін  белгіленген. Тыныс алу жолдарында шамамен тәулігіне 100мл шырыш бөлінеді, оның көбісі жұтылады. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезінде жасушалардың белсенділігі төмендейді, ал қақырық бөлетін шырыштар керісінше, белсене түседі. Сонымен қатар, қақырықтың қорғаныштық ісеріне өарамастан, оның көп бөлінуінен газ алмасу бұзылыстары пайда болады және ауру тудыратын микроптардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан да тыныс жолдарының қабынуы кезінде, қақырық тұсіретін заттарды қабылдау керек. Осы препараттар қақырықтың әрі қарай өтуіне жағдай жасайды.                             

  Қақырық түсіретін заттардың екі  түрі  бар : 1) рефлекторлы  әсер  ететін , 2) тікелей  әсер  ететін.

 

 

Әсер  ету механизмі: Рефлекторлы әсер  ететін  -  ипекакуана  препараттары   және  термопсис шөбінің   препараттары  (сығынды).Олардың құрамындағы алколоидтар ( ал  термопсистегі  сапониндер  де )  ішке  енгізгенде  асқазан  рецепторларының  тітіркенуін  шақырады.  Осы  кезде  бронхиальды  бездердің  секрециясы  рефлекторлы   түрде  артады, кірпікшелі

 эпителийдің   белсенділігі  жоғарылайды,  бронх   бұлшық  еттерінің  жиырылуы   күшейеді.  Қақырық көбейеді,  тұтқырлығы  азаяды   және  оның  жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Тікелей  әсер  ететін  препараттар молекуласында  протеогликандардың  дисульфидті   байланыстарын  үзіп,  қақырықтың  деполиризациясын   шақыратын  және  тұтқырлығын  төмендететін  бос  сульфгидрильді  топтың  болуына  байланысты.   Қақырықтың  сұйылуы  және  көлемінің  көбеюі  оның  бөлінуін  жеңілдетеді.    

   

Рефлекторлы әсер ететін  препараттар:

  • Рефлекторлы  әсер  ететін  -  ипекакуана  препараттары   және  термопсис  шөбінің   препараттары  (сығынды ).
  • Қақырық  көбейеді,  тұтқырлығы  азаяды   және  оның  жөтелмен бөлінуі  жеңілдейді
  •      Аталған препараттар үлкен мөлшерде  рефлекторлы түрде құсу  шақырады,  бірақ олар  бұл мақсатта  қолданылмайды.

 

Тікелей  әсер  ететін  препараттар:

  • Тікелей  әсер  ететін   қақырық  түсіруші  заттарға  секретті  сұйылтатын  ( муколитикалық  заттар)  жатады.
  • Бұл топқа пртеолитикалық   ферменттердің препараттары  да   кристалдық   трипсин, кристалдық  химотрипсин,  дезоксирибонуклеаза   ( ДНҚаза )  жатады. Рикомбинантты   α – ДНҚаза  препараты  пульмозим  деген  атпен  шығарылады.  Муколитик  ретінде  муковисцидозда  қолданылады.   Ингаляциялық  жолмен  енгізеді.  Бронхтың   шырышты  қабатының  бездеріне  тікелей  әсер  көрсететін  және  олардың секрециясын күшейтетін   препараттар да  қолданылады,  мысалы  калий йодиді.
  • Ацетилцистеин  ( бронхолизин, мукосольвин )  белсенді  муколитикалық  зат. Әсері  молекуласында  протеогликандардың  дисульфидті   байланыстарын  үзіп,  қақырықтың  деполиризациясын   шақыратын  және  тұтқырлығын  төмендететін  бос  сульфгидрильді  топтың  болуына  байланысты.   Қақырықтың  сұйылуы  және  көлемінің  көбеюі  оның  бөлінуін  жеңілдетеді.  Ацетилцистеинді  ингаляциялық  жолмен,   кейде  парентералды  қолданады.  Ішке  енгізуге  арналған  әсері  ұзартылған  препараттар   да  алынған  ( АЦЦ -100,  АЦЦ – 200, АЦЦ - лонг).  Ацетилцистеин  ішектен  толық  сіңіріледі,  бірақ  оның  биожеткіліктігі  төмен  ( шамамен 10%),  себебі  препараттың  үлкен  бөлігі  бауырдан  біріншілік  өткенде  метаболизмге  ұшырайды.  Құрылысы  және  әсері  бойынша  ұқсас  препарат  карбоцистеин  ( бронхокод,  мукодин)  болып  табылады.

 

 

 

Қақырық түсіретін заттарға жатады: Амброгексал ,Амбросан (амброксол), Доктор Тайсс ,АЦЦ (ацетилцистеин) ,Бромгексин-Ферейн (бромгексин),   Бронкатар (карбоцистеин), Доктор МОМ Лазолван (амброксол), Мукодин (карбоцистеин), Протиазин Экспекторант (гвайфенезин+ипекакуаны экстракт+прометазин),  Синупрет ,Терпинкод (кодеин+натрия гидрокарбонат+терпингидрат),  Туссамаг (тимьяна экстракт),   Туссин (гвайфенезин),  Халиксол (амброксол),  Эвкабал бальзам С, Эвкабал-сироп от кашля ,Эвкалипт Доктор Тайсс және т. б. жатады. Олар мукалоидтты, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы заттар болып табылады.

 

Амброксол және бромгексин:

  • Тиімді   муколитикалық   және  қақырық  түсіретін  заттарға  химиялық  құрылыстары  ұқсас амброксол ( амбробене )   және  бромгексин  жатады.  Препараттардың  муколитикалық әсері қақырықтың   сұйылуына әкелетін,  оның  мукопротеиндері мен   мукополисахаридтерінің  деполимеризациясына   байланысты.  Екі препараттың фармакотерапиялық  әсері  альвеолярлық  жасушаларда  түзілетін,  эндогенді  беткейлік  белсенді  зат  ( сурфактанттың )  өндірілуінің  ынталануына  байланысты  деп  те  есептейді.  Бұл  кезде  бронхиалды  бездердің  секрециясы  қалыпқа  келеді,  қақырықтың  реологиялық

 қасиеті   жақсарады,  оның  тұтқырлығы  азаяды,  бронхтардан  қақырықтың  бөлінуі  жеңілдейді.  Әсері  30 минуттан  кейін  басталады   және  10 – 12 сағ.  сақталады.  Препараттарды  ішке  енгізеді.  Жанама  әсерлерінен  кейде   лоқсу,  құсу,  аллергиялық  реакциялар   байқалады

Натрий  гидрокарбонаты  да  қақырықты  сұйылтады,  бронхиальды  секрецияны  біршама  жоғарлатуы  да  мүмкін.  Калий  йодиді  мен  натрий  гидрокарбонатын  ішке  және  ингаляциялық  жолмен  ( аэрозоль  түрінде ),  ал  кристалдық  трипсин,  кристалдық  химотрипсин  ерітінділерін,  ДНҚаза – ны ингаляциялық  жолмен  ( аэрозоль  түрінде )  тағайындайды. 

 

 

Балаларда қолданылу көрсеткіш тері:

  • Тыныс  алу  жолдарының жоғарғы   бөлігінің аурулары;
  • 3 жастан  асқан балалардың төменгі тыныс жолдарының   инфекциялық, қабынулық  аурулары  кезінде;
  • Бронхоспазммен   бірге  жөтел  болғанда  ( бронхолитиктермен  және  қабынуға  қарсы  препараттармен  сәйкес).

Балаларда  қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • Продуктивті жөтел;
  • Баланың ерте кезеңінде;

 

  • Аспирацияның даму қаупі төнгенде;
  • Кез келген этиологиялы бронхорея;
  • Өкпе ісігінде.

 

Балаларда  қолданғандағы кері  әсерлер:

Педиатрияда  қақырық  түсіретін  препараттар  белгілі  шектеумен  қолданылады.  Мысалы,  ипекуан  және  термопсис  препараттары  бронхиалды  секреттің  көлемінің  жоғарлауына  алып  келеді,  ол   деген  құсуүрдісін  күшейтеді.  Кішкентай  балаларда  және  ОЖЖ  зақымдалған  балаларда  қақырық  түсіретін  заттарды  қолдануға  болмайды,  себебі бұл  заттар  секрет  мөлшерін  көбейтеді  және  құсу  рефлексін  күшейтеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қақырық түсіретін заттар