Аяқ сүйегінің құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды.

Содержание

Сүйектің құрамы.
Сүйектердің байланысы.
2.1 Қозғалмайтын байланысқа
2.2 Шамалы қозғалатындар
2.3 Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа
Буындар
Жамбас сүйек
Ортан жілік
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

аяк суйегинин курылысы.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

Аяқ сүйегінің  құрылысы

Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы.

  1. Буындар
  2. өзекшелер;
  3. борпылдак қабат;
  4. қыртысты қабат;
  5. жілік майы;
  6. остеоциттер (сүйек жасушалары);
  7. қантамырлар.

Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

  1. Сүйектің құрамы.
  2. Сүйектердің байланысы.

2.1 Қозғалмайтын байланысқа

2.2 Шамалы қозғалатындар

2.3 Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа

  1. Буындар
  2. Жамбас сүйек
  3. Ортан жілік
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар аткаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді.

Қозғалмайтын  байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.

Шамалы қозеалатындарға - омыртқалардың бірімен-бірі шемір-шектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.

Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы т.б. жатады.

Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тьныз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйықтык үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.

Сүйектің бірімен-бірі байланысатын шеті жылтыр, тегіс шемір-шекпенқкапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) өлсіретеді.

 Жамбас сүйек — адам аяғы мен жануарлардың артқы аяғы жамбас белдеуінің қаңқасы. Жамбас сүйек бір-бірімен сүйектене байланысқан мықын, шонданай және шат сүйектерінен құралған. Осы сүйектердің өзара байланысқан жерінде, ортан жіліктің ұршық басымен буынды байланысатын ұршық шұңқыры болады. Оң және сол аяқтың жамбас сүйектері бір-бірімен өзара байланысып, шеміршекті жамбас жігін жасайды. Жамбас сүйектері құйымшақпен буынды байланысып, жамбас қуысының қабырғасын құрайды.

Ортан жілік - асықты жілік буынын аталған жіліктердің айдаршықтары өзара латеральды және медиальды шеміршек тегіршектер арқылы байланысып құрайды. Аталған буын бірнеше байламдардан тұрады: ортанжілік тегіршік байлам, алдыңғы және артқы асықты жілік-тегіршік байламдар, латеральды және медиальды бүйір байлам.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008
  2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Жәрдем» медициналық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ________________________________________________

_______________________________

 

 

 

Орындаған:_______________________

Тексерген:________________________

 

 

 

 

 

 

Қаскелең 2013ж


Информация о работе Аяқ сүйегінің құрылысы