Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 08:32, реферат

Краткое описание

Қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiн ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 31.62 Кб (Скачать документ)

Қауiптi қалдықтарды  трансшекаралық тасымалдауды  
және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы  

 
      Қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiн ескере отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;  
      сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны осындай құралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi әдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн және/немесе олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылатынын сезiне отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiстi eкендігіне сене отырып;  
      мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете отырып;  
      әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы бар екенiн толық тани отырып;  
      сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, әсiресе дамушы елдердегi қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және оларды аулаққа шығаруға тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн тани отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтардың осы қалдықтар өндiрiлген мемлекетте аулаққа шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға қандай дәрежеде, қаншалықты сәйкес келетiнiне көз жеткiзе отырып;  
      сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды өндiрген мемлекеттен кез келген басқа мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға Конвенция ережелерiне сәйкес адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп туғызбайтын жағдайда жүзеге асырылған кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн сезiне отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту оларды экологиялық негiзделген пайдалануға және мұндай трансшекаралық тасымалдаудың көлемiн қысқартуға ынталандырады деп есептей отырып;  
      мемлекеттердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды осы мемлекеттерден әкелу немесе олардан әкету және осындай тасымалды бақылау трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен тиiсiнше алмасуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз жеткiзе отырып;  
      бiрқатар халықаралық және аймақтық келiсiмдерде транзиттік қауiптi жүктерге байланысты қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы мәселе қарастырылатынын атап көрсете отырып;  
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 14/30 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы құрылған және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулердi назарға ала отырып;  
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн ескере отырып;  
      Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте болатынын растай отырып;  
      осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi қолданылатынын тани отырып;  
      экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;  
      сондай-ақ, қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн, сондай-ақ, осындай тасымалды мүмкiндiгiнше ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн ескере отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтардың трансшекаралық заңсыз айналымының проблемаларына алаңдаушылық бiлдiре отырып,  
      сондай-ақ, дамушы елдердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды ұтымды пайдаланудағы шектеулi мүмкiндiктерiн назарға ала отырып,  
      елдiң iшiнде өндiрiлген қауiптi және басқа да қалдықтарды негiзделген пайдалану мақсатында, әсiресе дамушы елдерге табиғат қорғау технологиясын берудi кеңейту туралы Каирдiң басшылыққа алатын ережелерi мен ЮНЕП Басқарушылар Кеңесiнiң 14/16 шешiмi рухындағы қажеттілiктi тани отырып;  
      сондай-ақ, қауiпті және басқа да қалдықтардың тиiстi халықаралық Конвенциялар мен ұсыныстарға сәйкес тасымалдануға тиiс екендiгiн тани отырып;  
      қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мұндай қалдықтарды тасымалдау экологиялық негiзделген әдiспен және соңғы аулаққа шығару жүзеге асырылғанда ғана рұқсат етілуге тиiс екендігіне көз жеткiзе отырып; және  
      адам денсаулығын және қоршаған ортаны қауіпті және басқа да қалдықтарды өндiруден және пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты әсерден қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiре отырып; 

 

 

 

 

 

 

РЕТТЕУГЕ  ЖАТАТЫН ЗАТТАРДЫҢ САНАТЫ     

 Қалдықтар тобы  
      У1 Ауруханалардағы, емханалар мен клиникалардағы емделушiлердi дәрiгерлiк күту нәтижесiнде алынған медициналық қалдықтар.  
      У2 Фармацевтикалық өнiмдердi өндiру және өңдеу қалдықтары.  
      У3 Қажетсiз фармацевтикалық тауарлар, дәрi-дәрмектер, препараттаp.  
      У4 Биосидтер мен питофармацевтикалық препараттарды өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У5 Ағаш консерванттарын өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У6 Шектеулi ерiтiндiлердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У7 Жылумен өңдеу және құрамында цианидтер бар материалдарды жақсарту қалдықтары.  
      У8 Қажетсiз, алғаш жоспарланған қолдануға жарамсыз минералдық май.  
      У9 Май/су, көмiрсутектep/cу қоспалары мен эмульсия жөнiндегі қалдықтар.  
      У10 Құрамында жартылай хлорланған биофенилдер (ЖХБ) және/немесе жартылай хлорланған терфенилдер (ЖХТ), және/немесе жартылай бромдалған биофенилдер (ЖББ) немесе олардың қоспалары бар қажетсiз заттар мен өнiмдер.  
      У11 Айырудың, тазартудың немесе кез келген пиротикалық өңдеудiң қажетсiз шайырлы қалдықтары.  
      У12 Сияны, бояғышты, пигменттердi, бояуларды, лактарды, олифтердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У13 Синтетикалық шайырды, латекстi, пластификаторларды, материалдарды жапсырғыш/желiмдердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У14 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының немесе оқу процесiнiң барысында алынған қажетсiз химиялық заттар, әлi айқындалмаған және/немесе адамға, және/немесе қоршаған ортаға тигiзер әсерi әлi белгiсiз, жаңа деп саналатын заттар.  
      У15 Өзгедей заңға кiрмейтiн қауiптi жарылғыш сипаттағы қалдықтар.  
      У16 Фотоматериалдарды өңдеуге арналған фотохимикаттар материалдарды өндiру, алу және қолдану қалдықтары.  
      У17 Металдың және пластмассаның сыртын өңдеу қалдықтары.  
      У18 Өнеркәсiп қалдықтарын аулаққа шығару жөнiндегi операциядан қалғандары.  
      У19 Металл карбонилдері.  
      У20 Берилий, берилийдiң қосындысы.  
      У21 Алты валенттi хромның қосындысы.  
      У22 Мыстың қосындысы.  
      У23 Мырыштың қосындысы.  
      У24 Мышьяк, мышьяктiң қосындысы.  
      У25 Селен, селеннiң қосындысы.  
      У26 Кадмий, кадмийдiң қосындысы.  
      У27 Сурьма, сурьманың қосындысы.  
      У28 Теллур, теллурдың қосындысы.  
      У29 Сынап, сынаптың қосындысы.  
      У30 Талий, талийдiң қосындысы.  
      У31 Қорғасын, қорғасынның қосындысы.  
      У32 Фтористiк кальцийдi қоспағанда, фтордың шексiз қосындысы.  
      У33 Шексiз цианидтер.  
      У34 Қышқыл ерiтiндiсi немесе қатты түрдегi қышқылдар.  
      У35 Негiзгi қосындылар немесе қатты негiздер.  
      У36 Aсбec (ұнтақ және талшық).  
      У37 Фосфордың органикалық қосындысы.  
      У38 Органикалық цианидтер.  
      У39 Фенолдар, фенолды қосындылар, хлорлы фенолды қоса.  
      У40 Эфирлер.  
      У41 Галогендi органикалық ерiтiнділер.  
      У42 Галогендi органикалық ерiтiнділерден басқа органикалық ерітінділер.  
      У43 Жартылай хлорланған дибензофуран түрiндегi кез келген материалдар. 
      У44 Жартылай хлорланған дибензопидиоксин түрiндегi кез келген материалдар.  
      У45 Осы қосымшада көрсетiлген заттардан өзге органикалық галогенді қосындылар (Мысалы, У39, У41, У44).

II-ҚОСЫМША 

АЙРЫҚША ҚАРАУДЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ҚАЛДЫҚТАР СИПАТЫ      

 У46 Тұрғын үйлерден жиналған қалдықтар.  
      У47 Тұрмыстық қалдықтарды жағу нәтижесiндегi қалдықтар.

III-ҚОСЫМША 

ҚАУIПТI ҚАСИЕТТЕРДIҢ ТIЗБЕСI

Топ  Кодтың ерекшелігі  
БҰҰ* нөмiрi:  
-------------------------  
      * Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi БҰҰ ұсынымдарында баяндалған қауiптi жүктердi жiктеу жүйесiне сәйкес келедi (ST/S6/AC. 10/1 Rеv.5, БҰҰ Нью-Йорк, 1988 ж.).  
      1. H1 Жарылғыш заттар  
      Жарылғыш заттаp немесе қалдықтаp - бұл қатты немесе сұйық заттаp немесе қалдықтар (не болмаса қоспа заттар немесе қалдықтар), олар өз бетiнше температура кезiнде газ бөле отырып, химиялық peакцияға және аса жылдамдықпен қысым жасауға қабiлеттi, қоршаған заттарға зақым келтiредi.  
      3. Н3 Тез тұтанғыш сұйықтықтар  
      "Тез тұтанғыш" терминi "оңай жанатын" терминiмен мәндес, құрамында қатты заттар немесе суспензиялар бар сұйықтықтар (мысалы: бояулар, политурлар, лактар, олардың қауiптi қасиеттерiне сәйкес жiктелген заттардан немесе қалдықтардан басқа) және т.б. 60,5 С градустан жоғары емес температурада жабық ыдыста немесе 65,6 С градустан жоғары емес температурада ашық ыдыста тұтанғыш булар бөлiп шығаратын сұйықтықтар, сұйықтық қоспалары немесе ерiтiндiлер тұтанғыштар болып табылады, (Демек, ашық және жабық ыдыстардан алынған нәтижелердi дәл салыстырылды деп айтуға болмайды және сондай бiр әдiспен алынған жекелеген нәтижелердiң бiр бipiнeн айырмашылығы бар екенi жиi кездеседi, онда жоғарыда келтiрiлгендерден сандардың айырмашылығы болу ережесi аталуға айқындаулар pухында қалады).  
      4.1 Н4.1 Тұтанғыш қатты заттар  
      Тасымалдау процесiнде кездесетiн жағдайларда, жарылғыш ретiнде жiктелгендерден басқа қатты заттар немесе қатты қалдықтар оңай тұтануға, не болмаса үйкелген кезде от шығаруға немесе қатты лап ете түсуге бейiм.  
      4.2 H4.2 Өздiгiнен жануға бейiм заттар немесе қалдықтар өздiгiнен жануға бейiм заттар мен қалдықтар қалыпты тасымал кезiнде қызып кетуге немесе желге шаққан кезде қызып кетуге бейiм, содан кейiн өз өзiнен жалын шығаруға бейiм.  
      4.3 Н4.3 Су тиген кезде тұтанғыш газ бөлетiн заттар немесе қалдықтар  
      Заттар мен қалдықтар су тиген кезде өз өзiнен жануға немесе қауiптi мөлшерде оңай тұтанатын газ бөлуге бейiм.  
      5.1 H5.1 Тотыққыш заттар  
      Заттар өз өзiнен жанбайды, ол, әдетте, тотық бөлудiң салдарынан басқа материалдардың тұтануына әкеп соғады немесе әсер етедi.  
      5.2 H5.2 Органикалық пероксидтер  
      (Термикалық тұрақсыз заттар болып табылатын құрамында - О-О-биваленттi топтар бар органикалық заттар өзiнен өзi экзотермикалық жылдам шiруге ұшырайды).  
      6.1 H6.1 Уытты (улы) заттар  
      Тыныс алу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар адамдардың өлуiне әкеп соғады немесе оған қатты керi әсерiн тигiзедi.  
      6.2 H6.2 Жұқтырғыш заттар  
      Құрамында тiрi микроорганизмдер немесе олардың уыты бар заттардың немесе қалдықтардың адамдарды ауруға шалдықтыратыны белгілi немесе түсiнiктi.  
      8. Н8 Коррозиялық заттар  
      Тiкелей қарым-қатынас кезiнде химиялық әсер ету жолымен ықпал ететiн заттар немесе қалдықтар тiрi тканьдi әжептәуiр зақымдайды немесе мұндай заттар мен қалдықтардың ағып шығуы немесе себiлуi басқа жүктердi немесе көлiк құралдарын зақымдайды және тiптi бүлiнуге дейiн әкеп соғады; сондай-ақ басқа да қауiп түрлерiн қамтуы мүмкiн.  
      9. H10 Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған кезде уыттыгаз бөлу  
      Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған заттар немесе қалдықтар қауiптi мөлшерде уытты газ бөледi.  
      9. H11 Уытты заттар (ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруға шалдықтыратын)  
      Тыныс aлу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруларға, рак ауруын қоса, едәуiр шалдықтырады.  
      9. H12 Аса уытты заттар  
      Заттар немесе қалдықтар қоршаған ортаға тап болған жағдайда қоршаған ортаны биотоптау нәтижесiнде қоршаған ортаға бiрден қауіп төндiредi немесе бiртiндеп төндiредi және/немесе биотикалық жүйелерге уытты әсер eтедi.  
      9. H13 Заттар, аулаққа шығарылғаннан кейiн қандайда бiр түрде басқа материалдар түзуге бейiм, мысалы,  
      сiлтiсiздендiру жолымен, оның үстiне бұл материалдар жоғарыда аталғандардың iшiнен қандай да бiр қасиеттi иеленедi.

МТIНДЕР     

 Қалдықтардың  жекелеген түрлерiнiң ауқымды  қаупі әлi аяғына дейiн құжатталмаған;  мұндай қауiптi сан жағынан бағалау  үшiн тест әдiстемелерi әлi жоқ.  Осы заттардың адамдары және  қоршаған ортаға тигiзетiн ауқымды қаупiн көрсететiн әдiстерiн әзiрлеу үшін одан әрi зерттеу қажет. Стандартты зерттеу әдiстерi таза заттар мен материалдар үшiн жасалған болатын. Көптеген мүше-мемлекеттер ұлттық тесттер әдiсi әзiрлендi, ол 1-қосымшада көрсетiлген материалдарға, бұл материалдар қандай да бiр қасиеттi иелене ме, жоқ па, соны анықтау үшiн осы қосымшада аталған материалдарға қолданылады.

IV ҚОСЫМША 

АУЛАҚҚА ШЫҒАРУ ЖӨНIНДЕГI ОПЕРАЦИЯ     

 А. Тiкелей қайталап немесе балама пайдалануда қайта куперациялауға, қайта циркуляциялауға, қайта өңдеуге болатын операциялар.  
      А бөлiмi тәжiрибеде кездесетiн аулаққа шығару жөнiндегi операция сияқтылардың барлығын қамтиды.  
      D1. Жерге көму немесе жерге тастау (мысалы, қоқыс тастайтын жерге және т.б.),  
      D2. Топырақты өңдеу (мысалы, сұйық немесе қоймалжың қалдықтарды топыраққа биохимиялық түрде жаймалау және т.б.),  
      D3. Yлкен тереңдiкке себу (мысалы, тиiстi консистенциядағы қалдықтарды скважиналарға, тұзды шұңқырларға немесе табиғи резервуарларға себу және т.б.),  
      D4. Суаттардың бетiне тастау (мысалы, сұйық немесе қоймалжың қалдықтарды шұңқырларға, тоғандарға немесе тұндырылған бассейндерге тастау және т.б.),  
      D5. Арнайы жабдықталған қоқыс тастайтын жерге тастау (мысалы, оларды бiр бiрiнен және қоршаған ортадан оқшаулауға кепiлдiк беретiн оқшаулайтын төсенiшпен және бетiн жауып жеке бөлiкпен тастау және т.б. ),  
      D6 Теңiздер/мұхиттардан басқа cуaттарға тастау,  
      D7 Теңiздер/мұхиттарға тастау, оның iшiнде теңiз түбiне көму,  
      D8 Осы қосымшаның басқа бөлiмдерiнде сөз болмаған биологиялық өңдеу түпкiлiктi қосындылар мен қоспалар түзуге әкеп соғады, содан кейiн А бөлiмiнде айтылған тәсiлдердiң бiрi қолданылып аулаққа шығарылады,  
      D9 Осы қосымшаның басқа бөлiмдерiнде сөз болмаған физико-химиялық өңдеу түпкіліктi қосындылар мен қоспалар түзуге әкеп соғады, содан кейiн А бөлiмiнде айтылған тәсiлдердiң бiрi қолданылып аулаққа шығарылады (мысалы, булау, кептiру, балқыту, нейтралдандыру, тұндыру және т.б.),  
      D10 Құрлықта өртеу,  
      D11 Теңiзде өртеу,  
      D12 Көму (мысалы, шахтадағы контейнерлердi көму және т.б.),  
      D13 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi басталғанға дейiн қашықтатуға дайындау және қайталап пайдалану үшiн бiртектес немесе тектес емес қоспаларды алу,  
      D14 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi басталғанға дейiн қайта орау,  
      D15 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi жасалғанша сақтау.  
      В. Қайта куперациялауға, қайта циркуляциялауға, қайта өңдеуге, тiкелей қайталап немесе балама пайдалануға сәйкес келетiн операциялар.  
      В бөлiмi қауiптi қалдықтар ретiнде заңды түрде анықталған немесе олай болмаған жағдайда А бөлiмiнде көзделген операцияларға арналған деп саналған материалдармен жасалатын барлық операцияларды қамтиды.  
      R1 Энергия алу үшiн отын ретiнде (тiкелей өртеуден басқа) немесе өзге түрде пайдалану,  
      R2 Ерiтiндiлердi қайта өңдеу/қалпына келтiру,  
      R3 Ерiткiштер ретiнде пайдаланылмайтын органикалық заттарды қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,  
      R4 Металдарды және оның қосындыларын қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,  
      R5 Басқа да органикалық емес материалдарды қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,  
      R6 Қышқылдар мен негiздердi қалпына келтiру,  
      R7 Ластаумен күрес жүргiзуге пайдаланылатын құрамдас бөлiктердiң қайта куперациясы,  
      R8 Катализаторлар құрамдас бөлiктерiнiң қайта куперациясы,  
      R9 Мұнай өнiмдерiн қайтарып айдау немесе мұнай өнiмдерiне бұрын пайдаланғанды тағы да қайталап қолдану,  
      R10 Егiн шаруашылығына пайдалы әсер ететiн немесе экологиялық жағдайды жақсартатын топырақты өңдеу,  
      R11 Қалдықтарды R1 - R10 нөмiрлерiндегi кез келген операцияларға пайдалану,  
      R12 Қалдықтарды R1 - R10 нөмірлеріндегі операциялар жолымен аулаққа шығару үшін айырбастау,  
      R13 В бөлімінде мазмұндалған кез келген операцияның көмегімен кейіннен аулаққа шығарылатын материалды жинақтау.

V.A ҚОСЫМША 

ХАБАРЛАМА-ХАТ  БАЯНДАЛҒАН АҚПАРАТ     

1. Қалдықтарды экспорттау  себебi  
      2. Қалдықтарды экспорттаушы  
      3. Қалдықтарды өндiрушi(лер)  
      4. Қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты адам  
      5. Қалдықтарды тасымалдауға, ұйғарылған тасымалдаушы немесе оның (олардың) агенттерi, егер белгiлi болса  
      6. Қалдықтарды экспорттаушы ел, құзыретті өкiмет  
      7. Транзит ұйғарылған ел, құзыретті өкiмет  
      8. Қалдықтарды импорттаушы ел, құзыретті өкiмет  
      9. Жалпы немесе бiржолғы хабарлама-хат  
      10. Қалдықтарды жүзеге асыру мерзiмi ішінде жеткiзiлiмнiң жоспарланған күнi(дерi) мен уақыт кезеңi және ұйғарылған маршрут (әкелу және әкету пункттерiн қоса)  
      11. Тасымалдаудың ұйғарылған түрлерi (автомобильмен, темiр жолмен, теңiз, әуе жолдарымен, iшкі су жолдарымен)  
      12. Сақтандыруға қатысты ақпарат  
      13. Қалдықтарды айқындау және нақты сипаты, У нөмiрлерi мен БҰҰ нөмiрлерiн қоса және олардың құрамы 5  және оның айналымын авария жағдайларына арналған төтенше ережелердi қоса, қойылатын қандай да бiр арнаулы талаптар туралы ақпарат  
      14. Ораудың ұйғарылған түрлерi (мысалы, бос тиеу, күбiмен, танкермен)  
      15. Салмағы/көлемi бойынша бағаланған мөлшерi  
      16. Нәтижесiнде қалдықтар алынған процесс  
      17. Конвенцияның II қосымшасына сәйкес 1-қосымшада аталған, қалдықтардың қауiптілік сыныптары; қауiп ерекшелiктерi, H нөмiрi; БҰҰ сыныбы 
      18. III қосымшаға сәйкес аулаққа шығару әдiсi  
      19. Ақпараттың растығы туралы өндiрушiлердiң және экспорттаушылардың мәлiмдемесi  
      20. Экспорттаушы немесе экологиялық жағынан негiзделген әдiспен және импортқа шығарушы елдердiң нормалары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн ұйғарылған аулаққа шығару туралы соңғы қорытынды жасайтын негiзде аулаққа шығаруға жауапты өндiрушi адамға жiберiлетiн ақпарат (кәсiпорындардың техникалық сипатын қоса)  
      21. Экспорттаушы мен аулаққа шығаруға жауапты адам арасында жасалған контракт туралы.

Ескерту       

1  Ұйымның толық атауы, мекен-жайы, телефоны мен телексiнiң немесе телефаксiнiң нөмiрi, сондай-ақ өтiнiшпен баратын адамның аты-жөнi, мекен-жайы, телефоны мен телексiнiң, телефаксiнiң нөмiрi,  
      2  Толық атауы, мекен-жайы, телефоны мен телексінің немесе телефаксiнiң нөмiрi,  
      3  Бiрнеше жеткiзілімдердi қамтитын жалпы хабарлама-хатқа әрбiр жеткiзілімнiң ұйғарылған күндерi туралы, не болмаса, ол белгілі болса, жеткiзiлiмдердiң ұйғарылған күндерi туралы ақпарат талап етiледi,  
      4  Сақтандыру талаптарына сәйкестiгi туралы және оны экспорттаушының, тасымалдаушының және аулаққа шығаруға жауапты адамның қалай қанағаттандырғаны туралы ақпарат берiлуге тиiс,  
      5  Қалдықтардың оны қолданған кезде, сондай-ақ аулаққа шығарудың ұйғарылған әдiсiне байланысты қарағанда, оның уыттылығы мен басқа қауiптi түрлерiнiң, оның барынша қауiптi құрамдас бөлiктерiнiң сипаты мен концентрациясы,  
      6  Бiрнеше жеткiзілімдердi қамтитын жалпы хабарлама-хатқа жеткiзілімнiң бағаланған жалпы көлемi туралы қалай болса, әрбiр жекелеген жеткiзiлiмдердiң бағаланған көлемi туралы да сондай ақпарат талап етiледi,  
      7  Демек, мұның аулаққа шығару жөнiнде ұсынылған операциялардың қауiптiлiгi мен айқындаудың орындылығын бағалау үшiн қаншалықты қажеттігі.

Информация о работе Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы