Атырау облысының топырак микроорганизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 21:07, лекция

Краткое описание

Топырақ органикалық және анорганикалық заттардан құралады. Оның минерал бөлшектеріне, көбінесе органикалық заттар жабысып, түйіршіктер құрайды. Міне бұл түйіршіктер микроорганизмдердің негізгі тіршілік ететін мекені. Топырақта микроорганизмдерге кажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей түскен күн сәулесінен оларды қорғап түрады.
Топырақта негізінен бактериялар, актиномицеттер, ашытқы саңырауқүлақтар, микроскоптық саңырауқүлақтар, балдырлар, қарапайым организмдер, түрлі насекомдар кездеседі. Сонымен қатар топыракта түрлі ультрамикроскоптық тіршілік иелері — фагтар, бактериофагтар және актинофагтар кездеседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

топырак.docx

— 321.35 Кб (Скачать документ)

Қарашірік топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші болып табылады. Қарашіріктің топырақтағы мөлшері пайызбен, ал 1 гектардағы қоры тоннамен есептеледі. Оның қара топырақтағы мөлшері 6-8%, ал сұр топырақтарда бұл көрсеткіш 1-3%-ға тең. Топырақта қарашіріктік заттардың аз ғана бөлігі бос күйде болады. Олар топырақтың минералдық бөлігімен әрекетке түсіп, органоминералдық қосылыстар түзеді, ол қарашіріктің топыраққа бекуінде маңызды рөл атқарады.

Қарашірік топырақтың барлық агрономиялық қасиетіне әсер етеді, оның физикалық-механикалық қасиетінің жақсаруында аса маңызды рөл атқарады және топырақтағы қоректік  элементтердің (N. P. K. Ca, микроэлементтер) көзі болып табылады.  Сондай-ақ , құрылымдық агрегаттардың түзілу материалы ретінде қызмет етеді, топырақтың байланысуын реттейді, өңдеу жұмысында кездесетін қиындықтарды азайтады, газ алмасуды жақсартады, микроағзалардың тіршілігін,  органикалық заттардың ыдырауын,  өсімдік тамырының тыныс алуын,  топырақтың су сіңіру қабілетін жақсартады. Қарашірік әр түрлі заттарды сіңіре және сақтай алады, баяу минералданады, өсімдіктерді қоректік заттармен бірте-бірте қамтамасыз етеді, топырақта жылу өткізуге әсер етеді, биологиялық белсенді заттардың (ферменттер, витаминдер), пестицидтердің тезірек ыдырауына әсер етеді.  Органикалық заттардың топырақта аз мөлшерде екендігіне қарамастан,  олар топырақтың құнарлылығын арттыруда, өсімдікті қоректендіруде маңызды рөл атқарады. Оның құрамында азоттың барлық қоры, фосфор мен күкірттің ауқымды бөлігі, аздап калий, кальций, магний және тағы басқа қоректік элементтер болады. Микроағзалардағы органикалық заттарды  ыдыратудың нәтижесінде  элементтердің бәрі өсімдіктер жеңіл сіңіретін  минералдық қосылыстарға айналады.  Топырақтың құрамындағы қарашірікті көбейтудің негізгі тәсілдері мыналар: топыраққа үнемі органикалық тыңайтқыштар беріп отыру, сидералды дақылдарды, көп жылдық шөптерді егу, қышқыл топырақтарды әктеу, топырақты дұрыс өңдеу, мелиоратингтік шекараларды жүзеге асыру.

Топырақтың құрылысы дегеніміз-топырақ кескінің құрайтын генетикалық қабаттарының үйлесімі. Әр түрлі топырақта бұл үйлесім әр түрлі.  Топырақтың басым көпшілігінде  қабаттар төмендегідей орналасады:

А-қабаты-шірік қабат. Ол топырақтың астыңғы қабатында органикалық заттардың көптігімен, түсінің қоңырлау болуымен ерекшеленеді. Бұл қабатта күл заттары мен қарашірік жиналады.  Қара топырақты жерлерде шірік қабаты қара түсті, орманның сұр топырағында ашық сұрдан күңгірт сұр түске дейін, ал қызыл қоңыр топырақтарда қоңыр сұр түсті болады. Қабат өз кезегінде А1,А2, т.б. қабатшаларға бөлінеді.

Н-қабаты-шайылатын, аналық тау жынысына өту қабаты,  оның үстіңгі қабаттан айырмашылығы-бұл қабатта қарашірік аз болады және бірлі- жарым шала тотықтар мен минералды тұздар жиналады. Сыртқы белгілеріне байланысты (түрі, құрылымы) оны бірнеше жанама қабаттарға (Н1,Н2, т.б.) бөлуге болады.

С-қабаты- топырақ түзілу процесі кезінде мүлде қозғалмаған немесе аздап қана қозғалған аналық тау жынысы қабаты. Әрбір қабаттың қалындығы әр түрлі және бірқатар морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Олардың басты морфологиялық белгілері-түсі, құрылымы, құ</sp


Информация о работе Атырау облысының топырак микроорганизмдері