Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 18:34, реферат
Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау,өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Асқорыту бездері
1.1 Асқорыту ферменттері
1.2 Сілекей
2. Асқорыту мушелері
3. Ауыз қуысы.
4. Жұтқыншақ
5. Өңеш
6. Қарын
7. Аш ішек
8. Тоқ ішек
9. Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі
10. Қарында астың қорытылуы
11. Ішекте астың қорытылуы және сіңуі
12. Астың сіңуі
13. Тоқ ішекте астың қорытылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Асқорту жүйесінің диаграммасы
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Асқорыту бездері
1.1 Асқорыту ферменттері
1.2 Сілекей
2. Асқорыту мушелері
3. Ауыз қуысы.
4. Жұтқыншақ
5. Өңеш
6. Қарын
7. Аш ішек
8. Тоқ ішек
9. Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі
10. Қарында астың қорытылуы
11. Ішекте астың қорытылуы және сіңуі
12. Астың сіңуі
13. Тоқ ішекте астың қорытылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Асқорыту мүшелері Асорыту мүшелері мен
асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін.
құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр
түрлі механикалық және химиялы
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмд
Асқорыту бездері
Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге
бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту
бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін
құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер
деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына
байланысты асқорыту бездері екі топқа
бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында
орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту
мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі
(экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының
кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында)
орналасады. Олардың жіңішке келген шығару
өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады.
Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұр
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі
өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр
өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын
жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады.
Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер
астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық
заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар),
олардың қарапайым мономерлеріне ьщыратады.
Қорытьиған заттардың мономерлері — амин
қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырлар
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқысекреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
Асқорыту бездерінің қызметін фистула
әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс
ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның
бұл саладағы еңбегінефизиологияғылымындағы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
Асқорыту сөлдері |
Тәуліктік бөлінетін мәлшері |
рН |
Құрамы |
1. Сілекей |
50-2 000 мл |
5,6-7,6 |
Су және амилаза |
2. Қарын сөлі |
2,0-3,0 л |
1,49-1,8 |
Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин |
3. Панкреатин сөлі |
600-700 мл |
8,6-9,0 |
Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер |
4. Өт |
500-1200 мл |
5,6-8,5 |
Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б. |
5. Аш ішек сөлі |
1 000 мл |
5,05-7,07 |
Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б. |
6. Тоқ ішек сөлі |
270-1 550 мл |
6,1-7,31 |
Су |
Асқорыту ферменттері
Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық
заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың
барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретінреакциялардың белсенділ
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.
Сілекей
Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.
Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.
Асқорыту мушелері
Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
Ауыз қуысы.
Жұтқыншақ
Жұтқыншақ
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықетұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш
Өңеш
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.
Қарын
Адамның асқазаны, «Анатомия человеческого тела Грея» кітабынан иллюстрация
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар.) Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі кабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .
Аш ішек
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті
мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда
5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған
25—30 сантиметрдей бөлімі - улта-бар (он
екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан
келетін от қабының өзегі және үйқыбездің
де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан.
Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина
пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге
ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық
әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай
бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер
ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады.
Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағ
Тоқ ішек
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш
ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш
ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Ол он жақтағы мықын
тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі
шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді
түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх» - қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан
болатын ауру - сокырішек (аппендицит)
деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі
- тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты
қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында
жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар
көптеп кездеседі. Тоқ ішекте суқайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс
калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар
ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік
жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейд
Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі
Ішек-қарын жолы
Ауыз қуысына түскен тағам шайналып,
ұсақталып, сілекеймен шыланады
Қарында астың қорытылуы
Ересек адамдар қарынының сыйымдылығы 1,5-2 литр. Қарынның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады. Қарында тағам 3 - 6 сағаттай уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың сұйық жентекке айналады. Жартылай сұйықжентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын аш ішекке өтіп тұрады.
Ішекте астың қорытылуы және сіңуі
Қарында жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарғ
Астың сіңуі
Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында
өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің
сырты бір кабатты эпителий жасушаларынан
түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі
қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы
әбден қорытылған аминқышқылдары мен
қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады.Аминқышқылдары мен қа
Пайдаланған әдебиеттер
1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
Информация о работе Ас қорту жүйесі. Ас қорту мүшелері жіне қызметі