Антропогенез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 23:56, реферат

Краткое описание

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Антропогенездің қозғаушы күштері
2. Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары
3. Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі
4. Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күші
5. Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады
III. Пайдаланған әдебиет
IV. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

антропогенез.docx

— 27.12 Кб (Скачать документ)

                                  Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

      1. Антропогенездің қозғаушы күштері

      2. Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары

      3. Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі

      4. Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күші

      5. Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады

      III.     Пайдаланған әдебиет

     IV.       Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның  шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат  қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын, эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.

Адам эволюциясындағы антропогенездің  биологиялық факторлары[өңдеу]

Адам — органикалық дүние  эволюциясында ең соңында пайда  болған биологиялық түр. Органикалық  дүниеде болатын тұқым қуалайтын  өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында  да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы  мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде  ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда  болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен  аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре  түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға  қамқорлық жасалуына колайлы  жағдай туғызды.

 

 

Фридрих Энгельс

Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде  жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ  антропогенезді тек қана биологиялық  заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің  де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын  атап көрсетті.

Еңбек — адам эволюциясының маңызды  факторларының бірі

Еңбек — адам эволюциясының маңызды  факторларының бірі[өңдеу]

Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек  құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның  қалыптасуындағы еңбектің рөлін  жоғары бағалады. Ол:

"Еңбек — адамзат өмірінің  бірінші негізгі шарты, адамды  адам еткен еңбек деген дәрежеде  айтуға тиістіміз",

— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің  басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар  қарапайым құралдарды пайдалана  алғанымен, еңбек құралдарын жасай  алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында  табиғатты өзгерте алады. Адамның  табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде  біздің ежелгі маймылға ұқсас ата  тегімізде морфологиялық және физиологиялық  өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз  деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне  де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында  өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс  бірте-бірте екі аяғының көмегімен  тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі  — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің  нәтижесінде адамның омыртқа  жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс  пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан  сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері  жалпайып, сегізкөзбен байланысы  артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене  түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.

Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күші[өңдеу]

 

Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті  рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек  табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп  отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан  Ф.Энгельс адамның арғы ата тегін  топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек  қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды  үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл  бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін  ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте  отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері  бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте  сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау  құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне  де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл — бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .

Адамның әлеуметтік эволюциясында  үш негізгі кезеңді ажыратады[өңдеу]

Адамның әлеуметтік эволюциясында  үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның

бірінші кезеңі — қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете  білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу.

Екінші кезең — жабайы жануарларды  қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай  әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп  отырған табиғи ортаға ықпал жасай  бастады.

Үшінші кезең — XV ғасырда қайта  өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып  отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш  кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфераға ұласып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қорытынды:

«Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде  Ч.Дарвин болашақта эволюцияның  ілім, адамның шығу тегін анықтауға  үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақ, «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблема емес деп ойлаймын. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамалардан шыққаны мойындалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қазақ Энциклопедиясы

2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

3. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.


Информация о работе Антропогенез