қанның құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 08:06, курсовая работа

Краткое описание

Қанның қызметі:1)адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен- бірін өзара байланыстырыды.
2) оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.
3) қорек заттарды ас қорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.
4) ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.
5) дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.
6) ағзаны зиянды микробтардан қорғайды
7) ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормонды тасымалдайды
8) жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді.
9) қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қанның құрамы.doc

— 38.50 Кб (Скачать документ)

Қанның құрамы, қан жасушалары.

Эритроциттер.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қанның қызметі:1)адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен- бірін өзара байланыстырыды.

2) оттегін өкпеден  ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.

3) қорек заттарды ас қорыту  мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.

4) ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін  бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.

5) дене температурасының тұрақтылығын  сақтайды.

6) ағзаны зиянды микробтардан  қорғайды

7) ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормонды тасымалдайды

8) жасушаларда қышқылдың, судың  деңгейін реттейді.

9) қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Қанның құрамы:қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның салмағына байланысты 4,5- 5 литр. Қанның құрамы –плазмадан(55%) және Қан жасушаларынан (45%) тұрады.

Қан плазмасы (қан сарысуы)- қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат анық бөлінеді. Соның ең үстінгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты- плазма. Ал астынғы қызыл түсті қабаты- қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 7- 8% нәруыз(белок), 0,12% глюкоза, 0,7- 0,8% май, 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттер мен гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар 3 топқа бөлінеді:альбуминдер, глобулиндер және фибриногендер. Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруізі болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады. Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қанның сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық. Альбумин глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денелегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний тұздары болады.Нәруыздар қанның ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді. 

Қан жасушалары: Қан жасушаларына- эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.

Эритроциттердің құрылысы:Олар қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейінжойлып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең тнбіне тұнады. Эритроциттердің пішін - ортасы қысыңқы тәрізді, жиегі қалын, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздегінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды.

Адам эритроциттерідің диаметрі 7,5 мкм, қалындығы  1 -2 мкм. Қанның 1 мм3 канында 6 – 7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге ( 5 млн ) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге ( грекше “гема” – кан) құрамында темір бар нәурызды қызыл пигментке байланысты. Өттекпен қосылған гемоглобинді оксигемоглабин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан  қан- алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан вена қаны. Молекуларының осы қасиеті гемоглабин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.    Гемоглабин – қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тысысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглабин болады.

Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда  жойылып, осынша мөлшері сүйек кемігінде  түзіліп отырады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ертіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді.

Қорыта келгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көміртек қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды(жеткізеді).

 

Лейкоциттер. Тромбоциттер. Қанның ұюы.

Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше “leukos”-ақ, “kytos”-жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1мм3 қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т.б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында көптеген ұсақ түйіршіктері бар, жасушада диаметрі 9 – 12 мкм ядросы болады;Эозинофилдер мен базофилдердің де цитоплазмасында ірі түйіршіктері  мен ядролары бар, барлығы да белсенді қозғалады. Адамның қаныда нейтрофилдер 60 - 70%, эозинофильдер 1 - 4%,  базофильдер 0,5 %. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер, моноциттер жатады. Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды.

  Лейкоциттердің қызметі: Олар амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады.Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырдың қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Әсіресе, дененін зақымданған жерлеріне көп жиналады. «Жалған аяқтары» бөгде заттарды (микроорганизмдар) қармап, цитоплазманың ішіне қарай енгізіп жібереді.Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» - фагоциттер, микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорыту фагоцитоз деп атады. Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер тез енеді, зақымданған жер қызарып, қызуы көтеріледі. Фагоцитоз – ағзаның қорғану реакциясы. Тіршілігін жойған бактериялар мен лейкоциттер жарадағы іріңге айналады.

Фагоцитоздық қабілет көбіне нейрофилдерге, моноциттерге және эозинофилдерге тән  қасиет. Олар жасушалық иммунитетті  қалыптастырады. Ал лимфоцит жасушалары гуморальдық иммунитетті қалыптастырып, иммундық жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Атқаратын қызметіне және түзілетін орнына сәйкес Т-лимфоциттер және В-лимфоциттер деп бөлінеді. Бұл лимфоциттердің екеуі де сүйектің кемігінде болатын бағаналы жасушалардан түзіледі. Т-лимфоцит айырша безде (тимуста) жеке топтарға жіктеледі. Ал В-лимфоциттердің жеке топтарға жіктелуі ішектің, апендикс өскінінің, бадамша бездердің лимфалық ұлпаларында жүреді.Лимфацит жасушаларында қорғаныштық қабілеті бар антиденелер түзіледі.

Тромбоциттер –қан пластинкасы. Сүйек кемігіндегі ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі.Олардың диаметірі 2-5 мкм, домалақ н/е сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1мм3-де 250-400 мың тромбоцит болады. Қанның ұюына қатысады. Қан тамырлары зақымдалғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қантамырлардың зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7-10 тәулік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әмілқұлова Р., Сәтімбеков Р. Биология: 8-сыныбына арналған оқулық- Алматы: Атамұра , 2008.- 320 бет.
  2. Мануилова Н. А. Гистология с основами эмбриологии. Москва., «Просвищение», 1973.-286 с.
  3. Антипчук Ю. П. Гистология с основами эмбриологии. Москва, «Просвищение»,1983.- 240 с.

Информация о работе қанның құрамы