Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx

— 4.05 Мб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

Систематикалық орны .......................................................................................4

І Аквариум тритондарының  биологиясы.......................................................5

1.1Тритондардың құрылыс  ерекшеліктері....................................................5

1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың  түрлері..................................8

II Акватеррариум  тритондарының жағдайы................................................17

2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17

2.2 Тритондардың аурулары  және емдеу.....................................................22

Тәжірибелік бөлім

3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28

3.1 Акватеррариум тритондарының  қоректенуі..............................................28

3.2 Акватеррариум тритондарының  көбею жолдары..................................32

Қорытынды.....................................................................................................37

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді. Судан шыққан соң, көлеңкелі, дымқыл жерлерде тіршілік етеді. Күндіз құлаған ағаштардың, үйінді жапырақтар мен шыбықтардың астында, кеміргіштердің індерінде жасырынады. Түнде және сирек жаңбырлы  күндері құрлықта қоректенеді.Тритондар саны жағынан ең көп таралған қосмекенділер, ауланған қосмекенділердің 20-30% кәдімгі тритондар. Тритондардың суда және құрлықта тіршілік етуіне байланысты қоректері де әртүрлі. Маса және түрлі қоңыздардың личинкаларынан бастап, қырықаяқ, шаяндар, құрттар, құрлықтағы шағын омыртқасыздардың барлығы тритондарға қорек болады. Тритондар қосмекенділердің ішінде төменгі температураға тұрақты бірден-бір түр. Әдетте ауа температурасы 8-10°С-та  қыстауларынан шығады,  ал 4-7С° -та суға келеді. Қолайлы темература 23,5°С. Әсіресе, судан тыс, жоғары температураға аса сезімтал келеді. Тритондар көбейер алдында неке биін билейді. Неке биі сәтті орындалса, уылдырық шашу процесі басталады. Ересектеріне мүлде ұқсамайтын дернәсілдері шығады. Дернәсілдерінде тыныс алуға қытысатын сыртқы желбезектері болады, 3 айдан кейін метаморфоз процесі өткен соң сыртқы желбезектері жойылып, дернәсіл ересек тритонға айналады.

 Тритондардың  көпшілігін  акватеррариумда асырауға болады. Кәдімгі тритон, қызылқұрсақты тритон, иран тритоны, кішіазия тритоны, сүйелді тритон, қысқааяқты қызылқұрсақты тритон, қолтырауын тритон, испан тритонын акватеррариумда ұстау кең таралған. Қақпағы мықты жабылатын, көлденең пішінді, шыны әйнектен жасалған сапалы акватеррариум тритондар үшін қолайлы жасанды пана болмақ. Ең бастысы судың тазалығын қамтамасыз еткен дұрыс. Көлемі онда ұсталатын жануарлардың санына және дене мөлшеріне байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты: Акватеррариумда ұсталатын тритондардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1) Акватеррариумда ұсталатын  тритондардың түрлерімен танысу.

2) Акватеррариумдағы тритондардың  жағдайы мен тіршілігін зерттеу.

3) Қоректену тәсілін бақылау.

4) Көбею жолдарының ерекшеліктерін  бақылау.

Зерттеу обьектісі: Акватеррариумдағы тритондар.

Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру.

 

 

 

Систематикалық орны

 

Патшалық: Жануарлар – Animalia

Тип: Хордалылар – Сhordata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Бөлім: Жақтылар – Gnathostomata

Класс: Қосмекенділер – Amphibia

Кластармағы: Жұқаомыртқалылар – Lepospondyli

Отряды: Құйрықтылар – Urodela, seu Caudata

Тұқымдасы: Нағыз саламандралар – Salamandridae

Түрлері:

Кәдімгі тритон – Triturus vulgaris

Жалды тритон – Triturus cristatus

Испандық қылқанды  тритоны –   Pleurodeles waltli

Иран тритоны – Neurergus kaiseri

Кішіазия тритоны –  Ommatotriton vittatus

Қытайлық-қызылқұрсақты тритон – Cynops orientalis

Қытайлық сүйелді тритон –   Paramesotriton chinensis

Қысқааяқты қызылқұрсақты тритон –   Pachytriton labiatus

Қолтырауын тритон – Tylototriton

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. Аквариум тритондарының биологиясы

  1.1 Тритондардың құрылыс ерекшеліктері

Тритон (Triturus vulgaris)  нағыз саламандра тұқымдасына жататын, дене тұрқы 11см-ге жетеді, әдетте 8см оның жартысы құйрық болып есептелетін шағын амфибия. Терісі бір тегіс немесе майда дәнді.Арқа жағы сарғыш-қоңыр, бауыры сарғыштау келген. Басында көлденең сызықтары болады. Шағылысу кезінде еркектерінің түрі өзгереді де, арқасында құйрық бөліміне дейін жал пайда болады. Артқы аяқтарында бұл уақытта қосымша өсіндіні көруге болады. Ұрғашыларының түсі де айқындала түседі. Еркектерінің арқасындағы қанға толы жалы қосымша тыныс алу мүшесінің  рөлін атқарады.

Франция, Англия, Оңтүстік Швециядан бастап Батыс Сібірге дейін таралған. Жапырақты және аралас ормандарда, орманды далада , бұталардың арасында , дымқыл жерлерде , суда мекендейді.Ашық жерлерден, алаңдардан қашып жүреді. Көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін суға келеді. Суда болу ұзақтығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай қозғалысына байланысты. Батыс Сібірде жаз бойы суда болады.Тритондар су мекендері ретінде  шағын өзендер, ескі арналар, арықтар, бөгеттер, шалшық суларды таңдайды. Судан шыққан соң, көлеңкелі дымқыл жерлерде тіршілік етеді. Күндіз құлаған ағаштардың астында, үйінді жапырақтар мен шыбықтарда, кеміргіштердің індерінде жасырынады. Түнде және сирек жаңбырлы күндері құрлықта қоректенеді.Суда күні бойы белсенді. Мамыр-маусым айларында суда қызу жүзіп жүрген тритондарды көруге болады және олар ауаға шығу үшін су бетінде жүзеді. Шілденің жылы жаңбырынан кейін тритонды құрлықта кездестіру екіталай. Кәдімгі тритон сан жағынан да Европа жазықтарында көп таралған. Аулағыш торға түскен қосмекенділердің 20-30% кәдімгі тритондар және саны жағынан шөп бақасы мен біз тұмсық бақадан кейінгі орынды алады. Кейбір тритондар қыс аязды болғанда өздерінің қыстауларында қайтыс болады, сондықтан қыстан кейін тритондардың сандары біршама қысқарады. [1]

Тритондардың суда және құрлықта тіршілік етуіне байланысты қоректерінің құрамы әр түрлі. 1,5-3 ай суда болғанда олар маса, су қоңыздары мен  инелік личинкалары, ұсақ шаянтәрізділермен, ал су жағалауларында насекомдар, жауын құрттары және қырықаяқтармен қоректенеді. Қоректерінің ішінде маңыздысы ұсақ шаянтәрізділер-теңаяқтылар, тікенекмұртты және басқа шаяндар, бұлар асқазандағы қоректе 18-63% болады, ал қалғандары  инелік личинкалары 20-26%, қандала-тырнауыштар 24%, жүзгіш қоңыздардың личинкалары 20%, су ұлулары 11-15%, балық және бақа уылдырығы 35%. Құрлықта қысқа дайындалу мерзіміне дейін, яғни 2-4,5 ай бойы тритондар қырықаяқтармен (15-18%), сауытты кенемен (9-20%), жауын құртымен (5-28%), жұлдызқұртпен (6-10)%, бунақденелілермен (4-9%)  және басқа құрлықтағы омыртқасыздармен қоректенеді.

Тритондар қыстап шығатын мекендеріне (жапырақ үйінділері, көртышқан мен кеміргіштердің іні, сирек жертөле және жерқойма) қазан айының әр түрлі күндері кетеді. Көбінесе 3-5 жеке даралардан тұратын топ болып, бірақ  жертөле мен жерқоймаларда, егер олар суға жақын болса,кейде оншақты және жүзшақты тритондар бірге қыстап шығады. Әдетте су мен қыстап шығатын мекеннің арасы 50-100м. Батыс Сібірде тритондардың қатпайтын суларда қыстауы тіркелген. Тритондар оңтүстікте наурыздың соңы мен сәуірдің басы, ал солтүстікте сәуір мен мамыр айларында қыстап шығатын мекендерін тастайды.

Тритондар қосмекенділердің ішінде төменгі температураға тұрақты бірден-бір түр. Әдетте ауа температурасы 8-10°С-та  қыстауларынан шығады, ал 4-7С° -та суға келеді. Көктемде кейде мұздың шетімен суға жорғалап бара жатқан тритонды табуға болады  немесе таң сәріде жерді қырау басқанда оны кездестіруге  болады. 0°С-та қозғалыстарын жоғалтады. Еркіндікте өмір сүріп жатпаған тритондар ерте көктемде беткі температура 8-9°С-қа жеткенде акватеррариумның төсеніштерінен көрінеді. Қолайлы темература 23,5°С. Әсіресе, судан тыс, жоғары температураға аса сезімтал келеді.

Тритондар қыстап шыққан мекендерінен суға барады, сол жерде 5-9 күннен кейін көбеюге кіріседі, көбеюі сәуір-мамыр айларының әр күндері болады. Бұл уақытта судың температурасы 10°С. Аталықтарында күйлеу кезеңі қыстаудың соңында және суға келген алғашқы күннен басталады. Жұмыртқаларды ұрықтандыру қызу неке ойыны алдында болады.  Олар бірде қыса, бірде бір-бірінен алшақтап жұптасып жүзеді. Аталықтары құйрығымен тез қозғалып, аналықтарын бүйірімен соғады. Осы неке ойынының нәтижесінде аталық өзінен сперматозойдқа толы қоймалжың, сілікпе тәрізді қапшық -сперматофор бөліп шығарады.Сперматофорын судағы қоршаған заттарға жабыстырады немесе су түбіне қалдырады. Неке ойынынан қозған аналық оны іздейді, сосын клоакасының шетімен ұстайды. Клоакада сперматофор ерекше қалтатәрізді  қуыс -сперматекада орналасады. Осы жерден сперматозойдтар шығып, жұмыртқа жолынан келген жұмыртқаны ұрықтандырады. Әрбір аналық 60-700-ге дейін жұмыртқа салады, жиірек бүкіл көбею кезінде 150-200 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларының қабықсыз диаметрі - 1,6-1,7мм.

Уылдырығын су асты өсімдіктердің жапырақтарына салады, содан соң артқы табандарымен бүгедi. Сонда уылдырығы екі жарма жапырақтың арасына жасырылған. Жаңағы иілген жапырақ дернәсілі жарып шықпайынша,  уылдырықтың шырышты қабығына жабысып тұрады. 14-20 күндері дернәсілі пайда болады. Оның ұзындығы 6,5мм. Дернәсілі шыққанда жүзбеқанаттарының қатарымен қоршалған құйрығы білінеді және ұрықтанған кезінен бастап алдыңғы аяқтары және қауырсын тәрізді сыртқы желбезектері болады. Оның сорғышы болмайды, бірақ басының бүйір жағында тез жойылып кететін безді теңгергіш (балансир) болады.

 

Алғашқы сағаттарда ол аз қозғалмалы, бірақ өмірге келген бірінші тәуліктің соңына қарай ауыз тесігі біліне бастайды, ал екінші күні ауызы ашылады да белсендірек қоректене бастайды. Қоректену тәсілі жағынан ересектеріне ұқсайды, оларда жыртқыштар, бірақ кішірек түрлеріне шабуыл жасайды. Әлі мүлде кіші тритондардың дернәсілдері  өздерінің олжалары- ұсақ шаянтәрізділер мен масаның личинкаларын тоғайларда жасырынып күтіп отырады да сәті түскенде ауыздарын үлкенірек қылып ашып  бас салады. Жыртқыштық жас тритондардың арасында болуы мүмкін, себебі үлкен аралық уақыт арқылы кейінге қалдырылған маңызды кеңістікте жалғыз жұмыртқадан шыққан дернәсілідері үлкен топ құрмайды және қорекпен қамтамасыз етілген. Құйрықты қосмекенділердің және кәдімгі тритондардың  қоректену тәсілі ерекшеліктеріне және дернәсілдерінің дамуына байланысты осы қасиетімен құйрықты қосмекенділерден ерекшеленеді. Дернәсілдерінің ауыз бөлімінің және ішектерінің ұзындығының  ересектерінен айырмашылығы жоқ, көздері жақсы жетілген. Екінші күні ауыздарымен қоса желбезек тесіктері де ашылады. Сыртқы және функционалды дернәсілдік кезеңі дамиды. Артқы аяқтары дернәсілдік кезеңнің 20-шы күні пайда болады. Барлық дернәсілдік кезең 60-70 күнге созылады және дернәсілдің құрлыққа шығар алдын денесінің ұзындығы 32-36мм. Кәдімгі тритон және басқа да құйрықты қосмекенділердің дернәсілдерінің метаморфозы біртіндеп, денесінің құрылысында қатты өзгеріссіз  жүреді. Мұндай метаморфоздың болуы дернәсілдерінің жеке мүшелерінің аз және өмір сүру тәсілінің ересектеріне ұқсастығынан. Метаморфоз кезінде өкпемен тыныс алуға көшеді де желбезектері жойылады, терісінің құрылысында өзгерістер болады, дернәсіл ересек тритонға айналады. Кейбір жылдары, әсіресе, солтүстік кеңістікте  кәдімгі тритонның дернәсілінде жазда метаморфоз жүрмейді, сыртқы желбезектерінін сақтай отырып өседі. Дернәсілдік сатыда қыстап шығады да келесі жазда ғана ересек тритонға айналады. Бұл толық емес неотения құбылысы деп аталады.

Жыныстық жағынан жетілу тіршілігінің 2-3 жылында болады. Тритонның жауларына сужыландар, улы сұр жыландар, көкқұтандар, байғұтандар жатады, бірақ тритонның жасырынып өмір сүруіне байланысты аз шабуыл жасайды.

Кәдімгі тритон - пайдалы қосмекенді. Ол суда маса личинкаларын жем етеді, сондықтан да қан сорғыш насекомдармен  күресу үшін жағасында ағаш өскен суларда тритондарды көбірек өсіруге жағдай жасау қажет. Тритондарды лабораторияда тәжірибе жасау үшін пайдаланады.[ 2, 8]

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Аквариумда ұсталатын тритондардың түрлері

Кәдімгі тритон (Triturus vulgaris)

Таралу аймағы. Кең аумақта таралған, батысында Британия аралдары мен Франциядан, шығысында Батыс Сібірге дейін созылып жатыр.

Дене мөлшері. 8-11см. Аталығының құйрығы денесінің ұзындығына тең, ал аналығында тең немесе сәл ұзынырақ. Көбейер алдында артқы аяқтарында қосымша өсінді болады. Арқа жағында сарғыш-қоңыр, қара түсті дақтар болады, кейде болмайды. Басының бүйір жағында 3 бойлай өткен сызықтары бар, әсіресе, көз аймағын басып өткен сызық айқын көрінеді. Құрсақ жағы сарғыштау және майда дақтар бар. Шағылысу кезінде аталығының түрі өзгереді де, арқасында құйрық бөліміне дейін жал пайда болады. Аталығының арқасындағы қанға толы жалы қосымша тыныс алу мүшесінің  рөлін атқарады.

Күтімі. Аквариумда алғашқы күндері еркіндікке шығу үшін қашуға тырысады, егер ойлағаны жүзеге асса өмір сүруге қолайлы жағдай таппай өліп қалуы мүмкін. Кәдімгі тритонға бір бөлігі құрлық, екінші бөлігі судан тұратын  30-40 литрлік акватеррариум жарайды. Акватеррариумның төбесі қақпақпен жабылу керек және ауа келіп тұратын желдеткіш тесік болғаны дұрыс ,бірақ тритондар әлсіз жануарлар емес екені белгілі, сондықтан қақпақ берік жабылуы тиіс. Құрлыққа шығу үлкен тастар мен ұсақ жұмыр тастардың  және суда өскен ағаштардың көмегімен жүзеге асады. Қолайлы су температурасы 18-22°С, ал қысқы ұйқыға кетер кезінде біртіндеп тепмератураны 5-10°С -қа төмендеткен жөн және акватеррариумды қараңғы жерге қою керек . Су өсімдіктері мен  су сүзгісінің болуы да міндетті. Акватеррариумда өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл.

Қоректенуі. Ұсақ шаянтәрізділер, жауын құрттары, моллюскалар және су,құрлық омыртқасыздармен қоректенеді. Осыған сәйкес аквариумда да қорек түрін таңдауға болады. Тірі қорек түрлерімен қатар тоңазытылған қорек беруге болады. Ересек тритондарды аптасына 3-4 рет, ал жас ,енді өсіп келе жатқандарын күніне бірнеше рет тамақтандыру керек.

Көбеюі. Кәдімгі жағдайда аналығы су асты өсімдіктеріне 150-ге жуық жұмыртқасын  жабыстырады. 14-20 күннен кейін жұмыртқадан дернәсіл шығады және сыртқы желбезектері дамиды. 60-70 күндей суда болады, бұл уақытта сыртқы желбезектері жойылған. 3,5 см-ге жеткенде құрлыққа шығадыда ата-анасы табысқан жерге барады.(22- сурет)

Жалды тритон (Triturus cristatus)

Таралу аймағы. Албания, Армения, Белоруссия, Бельгия, Босния, Герцеговина, Болгария, Хорватия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Джорджия( Грузия), Германия, Греция, Венгрия, Иран, Ислам Республикасы, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Македония, Нидерланды,

Информация о работе Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау