Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 21:37, лекция
Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған. Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде. Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.