Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:58, реферат
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым – антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің «anthropos» - «адам», «logos» - «ілім» деген сөздерден алынып, адам туралы ғылым деген ұғымды береді. Антропология терминін ғылымға алғаш рет Аристотель енгізді.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым – антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің «anthropos» - «адам», «logos» - «ілім» деген сөздерден алынып, адам туралы ғылым деген ұғымды береді. Антропология терминін ғылымға алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ғылымының негізгі бір саласы – антропогенез. Ол адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін және нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
Жалпы тірі
организмдердің тарихи даму
Жаратылыстану
ғылымдарының пайда болуы және
олардың даму кезеңдеріне
Француздың
жаратылыс зерттеуші ғылымы
Адам мен жануарларда болатын ұқсас мүшелер. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелерінің құрылысында бір-біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудимент (латынша «rudimentum» – арғы тегінен қалған қалдық белгілер) белгілерді жатқызуға болады.
Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90-ға жуық.Ондай мүшелерге теріасты,құлақ
маңындағы бұлшық еттерді,терідегі түктерді,омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін,соқырішекті,т.б. мүшелерді атауға болады.Адамда мұндай мүшелердің кейбір атқаратын қызметіде өзгерген.Мысалы, жануарларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.
Адам денесінде
кейде кездесетін жануарларға
ұқсас мүшелердің екінші
Адам жануарлар ұрықтарының
Адам мен омыртқалы
Адам мен адамтектес
Адам мен адамтектес маймылдардың бір-бірінен айырмашылығы. Адамтектес маймылдардың көп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән белгілері қалыптасқан. Ондай белгілерге – омыртқа жотасының алға-артқа иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Аяқ сүйектерінің ұзын болуы, бас сүйегіндегі ми сауыты бөлімінің үлкен болуы да адамға тән белгілер. Р есей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббондар – 17,9, орангутандар – 13,9, гориллалар – 7,2, ал шимпазелер 5,9 млн жыл бұрын бөлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпазенің қан құрамы мен ондағы нәруыздардың 99,6 %-ы адамға ұқсас екендігін де анықтаған.
Дриопитектер – бұдан 25-14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбінесе ағаш басында, кейде жерге түсіп те тіршілік еткен. Кеіннен дриопитектерден қазіргі адамтектес маймылдар мен адамдардың ежелгі арғы тегі бөлінген. Дриопитектерден адамның өз алдына жеке тұқымдас ретінде бөлінуі антропогенездің жаңа кезеңі болып саналады. Адамдар тұқымдасының ежелгі өкілдерін кей ғалымдар адамтектес маймылдар мен адамдардың арасындағы аралық түр деп санайды. Адамдар тұқымдасының ежелгі түрлерінің дене құрылысында адамтектес маймылдарға да, адамға да тән белгілер кездеседі.
Дриопитектер тіршілік еткен кезеңдегі тау түзілудің әсерінен жер бетіндегі ауа-райы суыта бастады. Тропиктік және субтропиктік орман алқаптары оңтүстікке қарай ауысып, кең көлемді ашық алаңқай жерлер пайда болды. Төрттік кезеңдегі мұздану оңтүстікке қарай жылжып ауа-райының суына түсуіне де ықпал жасады. Ағаш басына алаңқай жерлерде тіршілік етуге көшкен маймылдар ауа-райының қатал жағдайына бейімделіп, тіршілік үшін күресулеріне тура келді. Жылдам жүгіре алмайтын әрі жыртқыштардан қорғану нашар және денесіндегі түгі сирек адамтектес маймылдар топтасып тіршілік ете бастады. Адамтектес маймылдардың бір тобы бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп, қолымен қарапайым құралдарды пайдалануға бейімделе түсті.
Дриопитектрге туыстық жақын түрлерге ромапитектер мен сивапитектер жатады.Олардың қаңқа қалдықтары үнді жерінен, оңтүстік африкадан, еуропадан табылған. Ромапитектер бұдан 14-8 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды. Олар көбіне ашық жерлерде, екі аяғымен тік жүріп өмір сүрген. Ромапитектерден алдымен проконсулдар, одан кейін горилла мен шимпанзе, ал ең соңында аустролопитектер бөлінген. Сондықтан антрополог ғалымдардың көпшілігі ромапитектерді аустролопитектдің тікелей арғы тегі деп есептейді.
Бұдан 12-9 млн жыл бұрын ежелгі адамтектес маймылдардың бір тобынан ежелгі адамдардың арғы тегі – аустролопитектер бөлінген. Ол латынша «australis» - «оңтүстік», грекше «pitekos» - «маймыл», яғни оңтүстік маймылы деген ұғымды білдіреді. Аустролопитектердің қаңқа қалдықтары 1924 жылдан бастап Оңтүстік Африкадан, Шығыс Африкадағы Олдовай қойнауынан, Омо өзенінің аңғарынан, сондай-ақ Рудольф көлінің маңынан табылған. Аустролопитектер топтанып тіршілік еткен, бойының ұзындығы 120-150 см, салмағы 20-50 кг, олар екі аяғымен тік жүрген. Басқа адамтектес маймылдармен салыстырғанда аучтролопитектердің тісінің құрылысы адамдарға ұқсас, ал миының салмағы 550 гр болған. Қорегін табу үшін және жауынан қорғану үшін, тастан, жануарлардың сүйектерінен, ағаш бұтақтарынан қарапайым құралдар жасап пайдаланған. Олардың еңбек құралдарын жасай біліуі адам эволюциясында елеулі роль атқарды. Аустролопитектерді ғалымдар тікелей адамдар тұқымдасына жатқызады.
Аустролопитектердің қаңқа қалдықтарын ағылшын ғалымдары Р. Дарт, ерлі-зайыпты М.Лики мен Л.Лики, америка антропологтері Д. Джохансон, М. Иди зерттеген.
Адамтектес маймылдар
мен адамдарды бір-бірінен
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дю Буа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Э.Дю Буа питекантроп деп атады. Ол гректің «pitekos» - маймыл және «anthropos» - адам сөзінен – алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның миының салмағы 900 гр, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға ал кей белгілері адамға ұқсас болғандықтан оған маймыладам деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустролопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уақытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік иесі саналып келді.
Архантроптардың бір тобы – синантроптар Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды.
Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Жалпы алғанда ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылған.
Осы замаңғы алғашқы адамдар. Оларды ғылым тілінде қазба түрдегі неоантроптар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды. Өйткені бұл кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50-30 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл кезеңде өмір сүрген адамдардың мекенжайлары Қазақстанның да көптеген
жер лерінен табылды.
Неонтроптардың бойының ұзындығы 170-180 см, 30-40 жыл өмір сүрген. Бас сүйегіндігі ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600 см3. Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бөлімдері өте жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі айқын білінеді.Бас сүйегі онша биік емес. Неоантроптар өздеріне баспана салып, сонда тұрған. Олар негізінен етті тағамдарды қөбірек пайдаланған. Қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі – кроманьон адамдары өз тама- ғын аң аулау және өсімдіктерді жинау арқылы тауып отырған.Саналы адам бұдан 35-40 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі адамдардың қаңқа қалдықтары Антарктидадан басқа құрлықтардың бәрінен табылған. Олардың дене құрылысында қазіргі адамдардан айырмашылығы жоқ.