Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 16:18, реферат
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торша аралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады.
Қорытынды
Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін, олар бұзылатын ағзалар және қанның өзі жатады. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруларына ықпал етеді. Сонымен функцияларды реттеу жүйесінің эволюциясы мына бағытта дамыған: клетка ішілік химиялық заттар, нерв клеткалары, нейросекреторлық клеткалар эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар организмінде жоғарыда келтірілген реттеу механизмдерінің барлық түрі сақталған. Бірақ организмінің біртұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестіндіруде нерв жүйесі ерекше роль атқарады. Организм клеткаларының, ұлпаларының тiршiлігi, химиялық процестер бағдары мен жылдамдығы қалыпты болу үшiн қанның физикалық-химиялық құрамының тұрақтылығы өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер: