А. Тоқмағамбетов тарихы терең – ақ маржан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 08:40, творческая работа

Краткое описание

Арудай сыланып өсіп, мол өнім беретін талғампаз да тамаша дақыл, ән-жырдың арқауы болған күріш біздің өлкеміздің үлкен табиғи байлығы деп есептеймін. «Күрішті қолдан өсіреді, табиғи байлыққа жатпайды» дегендерге, мен айтар едім: «Егер күннің көзі, құнарлы топырақ, су болмаса күріш қалай өнбекші?! Ендеше, табиғатқа тәуелді күрішіміз нағыз табиғи байлықтың өзі емес пе?» деген сұрақтар мені ойландырды. Сондықтан күнделікті көріп жүрген күрішіміз туралы тереңінен зерттеп білгім келді. Оның ішінде «Сыр-күріші, ел-ырысы» деген сөздің мән-мағынасын түсіну үшін маған сыр күрішінің тарихын, өніп-өсуін, маңыздылығын білу қызықтырды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сыр күріші.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

Сыр күріші –ел ырысы

сЕЙІТ зАҢҒАР

№229 «Абызтөбе» орта мектебі

3 сынып  оқушысы,

  жаңақорған ауданы, қызылорда облысы

жетекшісі: мінапова күлайым

 

 

                                                           Суда өнеді, суда тұрып піседі

                                                              Су тазасын, талғай жүріп ішеді

                                                                      Жасыл қияқ – жамыратып шашағын,

                                                                     Күнді сүйіп, күнге ашады құшағын.

                                                                                                     А. Тоқмағамбетов

        тарихы терең – ақ маржан

  Арудай  сыланып  өсіп,  мол  өнім  беретін  талғампаз да  тамаша  дақыл,  ән-жырдың  арқауы  болған  күріш  біздің өлкеміздің үлкен  табиғи байлығы деп  есептеймін.  «Күрішті қолдан өсіреді,  табиғи  байлыққа  жатпайды» дегендерге,  мен айтар едім:     «Егер күннің көзі, құнарлы топырақ, су болмаса  күріш қалай өнбекші?!  Ендеше,  табиғатқа тәуелді күрішіміз нағыз табиғи  байлықтың өзі емес  пе?» деген сұрақтар  мені  ойландырды.  Сондықтан күнделікті  көріп жүрген  күрішіміз туралы  тереңінен зерттеп білгім  келді.  Оның  ішінде  «Сыр-күріші,  ел-ырысы»  деген сөздің   мән-мағынасын  түсіну  үшін  маған  сыр  күрішінің  тарихын,  өніп-өсуін,  маңыздылығын  білу  қызықтырды.   

    Алдымен  күріш  дақылы  қайдан  келді?  -деген  сұраққа  жауап   іздедім. 

      Бұдан миллиондаған жылдар бұрын  тіршілік суда  пайда болды. Күрделілену, өсу қарқыны ғасырлар бойы жүрді. Микроскоп көмегімен ғана көруге болатын су балдырлары, одан соң басқа да өте қарапайым тірі жәндіктер пайда болды. Алайда қажеттісін ғана қалдырып, басқасын құртып жіберетін іріктеу қарқыны өз қызметін тоқтатқан жоқ. Әлсіздер құрып, тек қоршаған ортаға икемділер ғана сақталып қалды.

     Шамасы ертеректе суы тұщы өзен атырауларында тамыры су астында жататын, ал сабағы балдырлардай емес,  су бетіне сыртқа шығып тұратын, ауамен тыныстайтын өсімдіктер өссе керек. Олардың кейбіреулері өзен  - көл

жағасындағы шалшықта қалып қойды, олар «суда да, құрлықта да өсетін» өсімдіктер тобын   құрайды, ондай өсімдіктерді ғалымдар   ГИГРОФИТТЕР деп атады.

     Күріш те осындай өсімдікке жатады. Күріш - бұл беті суға тұнған жерде өсірілетін бірден – бір  мәдени  дақыл.

      Күріштің отаны – Үндістанның оңтүстік – шығысы мен Қытайдың оңтүстік-батысы. 

      Дүние  жүзінде  күріштің  20-дан  астам  түрі  негізінен  Оңтүстік-Шығыс,  Азия,  Африка,  Австралия  құрылықтарының  тропиктік,  субтропиктік  аймақтарында  өсіріледі.

      Күріш б.з.б 2000-3000 жылдары қолдан егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде күріш өсірілгендігі жөнінде  алғашқы  жазба деректерге қарағанда б.з.б 1 ғасырда қалыптасқан.  Археологиялық жазбаларға  қарағанда  Орта  Азияға  күріш  Үндістаннан  келген.

     Қытайдан басталатын атақты « Жібек жолы» Қазақ жеріндегі Сырдария өзенінің жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелген. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Бұл деректер күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады.

 

 

 

 

 

Күріш - дәнді  дақыл

Енді,  осы  күріштің  өзі  туралы  білгенімді  түйіндесем:

 күріш-астық   тұқымдасына  жататын  бір  немесе  көп  жылдық  өсімдік.  Оның биіктігі 60-150 см. Шашақты тамыры болады (70-80 см тереңдікке дейін кетеді)  Күріштің  үш-төрт жапырағы пайда болысымен-ақ түптене бастайды. Түптену кезеңі сегізінші не тоғызыншы жапырақ пайда болған кезде аяқталады. Алғашқы шашақ бастар түптенуінің  соңғы кезінде-ақ пайда бола бастайды. Ұрықтың шашақ бастарының жетілуіне қарай күріш түтіктену кезеңіне көшеді,бұл кезде шашақ бас өсімдік сабағының толық бунақтарына өсіп шыға бастайды.Соңғы жапырақ пайда болысымен шашақ бас жоғарыдан төмен қарай сарғайып өсе бастайды.Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.    

Гүлшоғыры  -  сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат -  жоғары жағында  аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Гүлдеген соң және дәнек пайда болғаннан кейін ол қоюланып сосын піседі.Күріштің пісуінің үш кезеңі бар сүттену – бұл кезде оны қыссаңыз, ақ сүт сияқты сұйық шығады,балауыздану – бұл кезде дәнекті тырнақпен-ақ екіге бөлуге болады. Ең соңғысы дәнек қатайған кез – бұл кезде оны тырнақпен бөлу мүмкін болмайды.

Сортына байланысты өсіп – жетілуі 90-130 күн, жылуды ,суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5-6 күн бұрын тұқымын күнге  қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді,тұқымды себу алдында кептіреді. Күрішті күзде дәні піскеннен кейін орып , жинап бастырады,одан әрі өңдейді. Химиялық құрамы – дәндерінде 3-12 пайыз белок , 65-70 пайыз көмірсулар, 4-6 пайыз майлар болады.

 

 

 

 

 

Ақ күрішті аймақ

Әр түрлі  табиғи жағдайда және әр түрлі жолмен өсірілуі жағынан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ешқайсысы күрішке жеткен емес.  Осы күріш елімізде  қалай өсіріледі?   Біздің  өлкемізді неге  ақ  күрішті аймақ дейді,  жауап іздедім.

       Елімізде аса маңызды азық – түліктік дақыл -  екпе күріш – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі.

Күріштің  «Узрос-269»,  «Дубовский»,  «Маржан»,  «Алакөл»,  «Кубань»,  «Авангард»,  «Үштөбе»,  «Алтынай»  сияқты  бірнеше  сорттары  бар. Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл,Үштөбе сорттары Қаратал өзені бойында өсіріледі.  Алтынай сорты Іле өзені бойындағы  Ақдала аймағында өсіріледі.

Еліміздің  Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында аз-аздап  күріш егілгенімен,  ақ күріштің негізгі аймағы Қызылорда облысы екені анық. Қазақстан бойынша егілетін күріштің 80-90 пайызы біздің облысымыздың үлесінде. Өйткені, өлкеміздің басты ерекшелігі – Сырдария өзенінің бойында

бойында жатуы. Сырдың суы шөлді аймақты көркейтіп, ақ күрішті жайқалтып отыр.Өзен жағалауының топырағы құнарлы. Мол су,  құнарлы топырақ, жеткілікті ыстық күріш егуге өте қолайлы. Сондықтан да облысымыз атақты  ақ күріштен мол өнім алуымен даңқы шыққан аймақ болып табылады.

Біраз жылдан бері  күріш егісінің 70 пайыздан астамы «Маржан» сортын егіп келеді. Және де әлемнің күріш өндірісіндегі кез келген  күріш сортымен тайталаса алатын жаңа « Арал 202» сорттары берілді. Бұл сортпен ауданымыздағы «Түгіскен», Қызылорда  қаласындағы «Қарауылтөбе» мемлекеттік кәсіпорындары  мен  Қармақша  ауданындағы 

« ІІІ Интернационал» ЖШС-і секілді шаруашылықтар айналысады. Бұларда күріштің  элита, суперэлита тұқымдары көбейтіліп,  осы сапалы  тұқымдар облыстың шаруашылық сұраныстарын қанағаттандырып отыр.

  Облысымыздағы  Арал  өңірі агроэкология  және  ауылшаруашылығы ғылыми  зерттеу институтында  күріш селекциясы  орталығы  бар. Институтта  күріш өсімдігі  тұқымдарының  ұлттық қоры  жиналған. Қазіргі уақытта күріштің  үш  сорты шығарылып,  аудандастырылды. Және де  күріштің  «Арал-69»,  «Арал 318»,  «Ару»  сорттары  сынақтан  өтуде.

Қызылорда күрішін  Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан, Украина, Италия, Түркия мемлекеттері және  Қазақстанның  ішкі рыногы алады. Дақыл табыс  орта есеппен 15-18 млрд теңгені құрайды. Облысымызда күріш өңдеумен 

4 ірі зауыт  айналысады. Олар тәулігіне 450-500 тоннаға дейін күріш салысын  ақтап, өңдеп шығарады. Осы зауыттардың  2-і халықаралық ИСО-9000 стандартына   сәйкес, сапа менеджменті жүйесін  өндіру  жұмыстарын бастап жүргізіп  отыр.

Ақ  күріштің  атасы

Күріштен бүкіл  әлем таңырқайтын

Рекордтың туған жері –  бұл бір айқын.

Бұл күнде кім білмейді Шиелісін,

                                               Күрішшілер маршылы Ыбырайдың – деген өлең  жолдары күріштен  Дүниежүзілік  рекордшы,  өлкеміздің,  еліміздің  мақтанышы  болған   күрішші  Ыбырай  Жақаевқа  арналғанын  бәріміз де  білеміз.

      Ақ  күріштің  атасы  атанған  жанның  өмірі   мен  еңбегі  жайлы  білдім.

  Ыбырай Жақаев (1891 - 1981) Шиелі ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.  Ауыл шаруашылығының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері.

  Ол республикаға бірінші болып, күріш тұқымын жоңышқа атызына екті. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көңмен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротехникалық шараларды өндіріске енгізді.

           1947 жылы күріштің “Қазақ –салы”  сортын егіп, тәжірибе телімінің әр гектарынан 171 ц-ден  өнім алып, күріштен дүниежүзілік рекорд жасады.

          КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1946) алған.  Ленин орденімен 4 рет, Еңбек  Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен, Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы және Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері  Көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталған.

 Қызылорда  қаласында ақ күріштің атасы  Ы. Жақаевқа ескерткіш орнатылған.

 

Түгіскен  тыңын  игерген

 

  Өзімнің  туған  ауылым  Қаратөбенің  мақтанышы  болған  Тынысбек  көкем  туралы  айтқым  келеді. Ол  кісімен  мектебімізде  кездесу  ұйымдастырылғанда,  өмір,  еңбек  жолымен  таныстық.

Түгіскен тыңын  игеруші, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың  шәкірті – Тынысбек Ысқақов 1944 жылы Жаңақорған ауданында туған.1972 жылдан бастап аудандағы КПСС ХХІҮ съезі кеңшарында, қазіргі Қаратөбе ауылында күрішші – механизатор болып еңбек етті. Күріш егіп, жыл сайын әр гектардан 72-79 центнерден тұрақты өнім жинады. Комбайнмен астық бастырып, аудандағы жүлдегер комбайншылардың қатарынан орын алды. Аудандағы 100 центнершілердің қатарына қосылды.

  Т.  Ысқақов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (ХІІ шақырылған) депутаты.  Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек   Қызыл Ту  ордендерімен және Бүкілодақтық    Халық шаруашылығы Көрмесінің бірнеше медалдарымен марапатталған. 

 

 

 

 

Күріш дақылының маңыздылығы

  2004  жыл Халықаралық    күріш жылы  болып жарияланды.  Бұл деген күріш дақылының қаншалықты  пайдалы екендігін білдіреді.  Күрішті әрі  тамақ,  әрі  шикізат  ретінде  пайдаланамыз.

  Күріш – жақсы сіңімді тағам.   Ақталған күріште 80 пайызға   жуық крахмал, 8,2 пайыз  белок, 0,2 пайыз май бар. Күріш жармасының бір килограмы 3600 калория береді.Оның қоректік заттарының сіңімділігі орта есеппен 96 пайызға тең.  Күріш қайнатпасы-асқазан ауруына қолданатын  тамаша  дәрі  екенін  атамнан естіп білдім.

  Күріш – қорек үшін ғана  емес, өнеркәсіп үшін де маңызды дақыл. Күріш дәнінен спирт,крахмал алынады,сыра дайындалады. Күріщ қауызынан химиялық заводтарда азықтық ашытқылар жасап шығарылады. Бұдан тыс күріш ұны мен өзегінен фитин, В витамині және басқа фармацевтикалық препараттар, сабын өнеркәсібінде май өндіру үшін, теңіз кемелерінің металл корпустарын майлау үшін түрлі өнімдер дайындалады. Күріш сабанынан жоғары сапалы жазу қағазы, жұқа және өте мықты папирос қағаздары, басқа да бұйымдар жасалады. Күріштің кебегі – мал азығы,  одан  жоғары   сапалы май алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Елбасымыздың   Қазақстан  халқына  арналған  жолдауында  атап  көрсетілгендей  Қазақстанның  аграрлық  өнеркәсіптік кешенінің  дамытудың  негізгі  бағыты  аграрлық  секторды  индустрияландыру  және  ауыл  шаруашылығы  шикізатын  өндіру  мен  қайта  өңдеудің  кластерлік  даму  әдістері  негізінде  оның  бәсекелестік  қабілетін арттыру  бүгінгі  күннің  негізгі  талабы.  Бұған  облысымыздың  күріш  өндіру  саласында  қаланған  негіз  де  бар екенін зерттеу барысында білдім.  Және де  «Сыр күріші – ел ырысы» - деп  бекер айтылмайтынына көз жеткіздім.  Өйткені, еліміздегі күріштің   80 - 90 пайызын өлкеміздің ақ маржаны құрап тұр. Қызылорданың күріші дегенде оны дастарқанынан көргісі келетін тұтынушы жеткілікті. Тіпті сыр күріші экспорттық саудаға әлдеқашан шығып кеткені де белгілі.  Демек,  ішкі, сыртқы рынокта біздің өнімге деген сұраныс жеткілікті.    Әйтсе де, шешілуге тиіс мәселелер де жоқ емес. Тегі таза тұқым болмай,  өнімнің өзіндік құны ақталмайды. Күріш шығымдылығы тұқымның сапасына байланысты екенін ескерсек, біздегі тұқымның ескіргендігі байқалады. Ендеше, ғалымдар  жаңа сапалы тұқым сорттарын шығарып, қолданысқа енгізу мәселелерін шешу керек деп есептеймін.

                     Күріштердің  қалдықтары  өңделсін,

                     Кіші  цехтар  жолға  қойып  жөнделсін.

                     Қағаз,  қалам,  қарындаштың  бәрі де

          Өзіміздің  өлкемізде өңделсін – деген тілегім бар.    Сыр күріші көбейіп, ел ырысын арттыра берсін!

 

 

 

 

  Өзімнің сыр елінің перзенті екенімді мақтан ете отырып,  мынадай ұсыныстар жасағым  келеді :

Ұсыныс

   1. Егістік ережесіне сай күріш тұқымы  ескіріп

       кетпей, күріштің жаңа    сорттары шығарылса

   2. Өлкемізде  су мәселесі тұрақты шешілсе,  күріш

      алқабы көбейер еді.

   3. Мемлекеттен  күрішке  берілетін  субсидия  көлемі

       көтерілсе.

   4. Күріш өндірісіне инвестиция тартылып отырылса.

   5. Күріш  қалдықтары өндірісін дамыту, одан  әрі

       жетілдірілсе.

  1. Өз  өлкемізді танытуда  сыныптан тыс сабақтар

      жүргізілсе.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Сыр елі» Қызылорда облысы энциклопедиясы.
  2. В. Б. Зайцев «Күріш жайлы сұхбат» 1982 жыл.
  3. Қ. Әлімбетов «Күріш өндіруді интенцивтендіру»

                                                      1983 жыл.

Информация о работе А. Тоқмағамбетов тарихы терең – ақ маржан