Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 23:50, аттестационная работа
Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды
улағыш заттар, радиоактивтік заттар
және биологиялық құралдардың организм
ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке
тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс
сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін
қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану
құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш
жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген
киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш
киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің
бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы
(қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады.
Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың
зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан
қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі
қауіпті және зиянды факторлардан және
ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар
тарапынан пайдаланылатын жабдықтар.
ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға
жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс
құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы
толық қамтамасыз етілмеген жағдайда
пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ
нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға
арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті
жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі.
Жеке қорғаныс құралдары
Арнаулы құралдардың тізбесі
1. Жеке қорғаныс құралдары:
1) шлемдер (армиялық құрыш, "Сфера", қорғаушы пластмассалық каска);
2) бронды көкірекшелер, оқтан қорғайтын күртешелер (ЖЗТ-71М, ЖЗЛ-74, "Мираж");
3) соққыға қарсы және броньды қалқандар ("Витраж" ЛЗТ-75, БЩ-82, "Забор");
4) газ тұмшалар.
2. Белсенді қорғаныс құралдары:
1) арнаулы резеңке таяқша;
2) кісендер (БР, БР-С);
3) қолға ұстайтын газды гранаталар ("Черемуха-1", "Черемуха-6");
4) газды гранаталарымен патрондар ("Черемуха-4", "Черемуха-7");
5) аэрозольдық орам ("Черемуха-10");
6) арнайы карабин (КС-23).
3. Арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдары:
1) арқаға астын аппарат ("Облако");
2) жарық-шу гранаталары мен қондырғылары ("Заря","Пламя");
3) кішкене көлемді жарылғыш қондырғысы ("Ключ", "Импульс");
4) өрт сөндіретін автоцистерна (АЦ-40/375Н);
5) автокөлікті мәжбүр етіп тоқтату үшін құрылғы ("Еж-М").
4. Арнаулы құралдардың тізбесі ұқсастармен өзара ауыстырылуы мүмкін немесе жаңалармен әзірлеу шаралары бойынша жаңартылуы мүмкін
Жеке
қорғану құралдарын қолдану тәртiбіi
5.1. Адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторларының әсерi бар жұмыс не басқа қызмет кезiнде азаматтар жеке қорғану құралдарын пайдалануға тиiс.
5.2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң жұмыс кезiнде өздерiне берiлген жеке қорғану құралдарын пайдалануын қадағалауға және олар үшiн жауап беруге мiндеттi.
5.3. Жеке қорғану құралдарын пайдалануға, оларға күтiм жасауға қойылатын талаптар ұйымның iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде не жалдап жұмыс iстеудiң шартында (контрактiсiнде) көрсетiлуге тиiс.
Белгiленген жеке қорғану құралдарынсыз, не олар гигиеналық талаптарға сай келмесе, не бұзық болған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
5.4. Осы құралдарды пайдаланушылар жеке қорғану құралдарына ұқыпты болуға тиiс.
5.5. Қызметкерлер жеке қорғану құралдарын тазалау, жуу, кептiру, жөндеу, газсыздандыру, активсiздендiру, дезинфекциялау, майын және шаңын кетiру (бұдан әрi - профилактикалық өңдеу) қажеттiгi туралы жұмыс берушiнi дер кезiнде хабардар етуге тиiс.
5.6. Жұмыс берушi жеке қорғану құралдарының түрiн берген кезде қызметкермен осы құралдарды пайдалану және олардың бұзық еместiгiн тексерудiң қарапайым әдiсi бойынша нұсқамалық жұмыс жүргiзуге, ал тiптi қажет болған жағдайда оларды пайдалану жөнiнде жаттықтыру жұмысын жүргiзуге тиiс.
5.7. Қызметкерлерге берiлген жеке қорғану құралдарын сақтау үшiн жұмыс берушi санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған (шешiнiп-киiнетiн) бөлме беруге мiндеттi.
5.8. Жекелеген жағдайларда жұмыс шарты бойынша жеке қорғану құралдарының жоғарыда аталған сақталу тәртiбiн сақтау мүмкiн болмаған реттерде (мәселен, ағаш дайындау, геологиялық барлау жұмыстарында) олар жұмыстан тыс кезде қызметкерлердiң өздерiнде қалуы мүмкiн, ал бұл ұйымның iшкi еңбек тәртiбi ережелерiнде немесе ұжымдық шарттарда көрсетiлуге тиiс.
Жеке қорғану құралдарының сақталуы үшiн жауапкершiлiк қызметкерлердiң өздерiне жүктеледi.
Оқшаулау
костьюмдері
- пневмокостьюмдер; гидрооқшаулаушы костьюмдер;
скафандрлар;
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары
- противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер;
пневмомаскалар;
- арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар;
курткалар; шалбарлар; костюмдер; халаттар;
плащтар; полушубалар, тулуптар; фартуктар;
жилеттер; қолғаптар.
- арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар,
полусапожкалар, ботиноктар, полуботиноктар,
туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;
- қолды қорғау құралдары - қолғаптар; -
басты қорғау құралдары - каскалар;
шлемдар, подшлемниктер; шапкалар, береттер,
шляпалар;
- бетті қорғау құралдары – қорғау маскалары;
қорғау щитоктары;
- есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға
қарсы шлемдар; наушниктар; вкладыштар;
- көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;
- сақтандырғыш құралдар – сақтандырғыш
белдіктер; диэлектрикалық төсеніштер;
қол қыспақтар; манипуляторлар; тізе қаптар,
шынтаққаптар, иыққаптар;
- қорғаушы, дерматологиялық құралдар
– жуу құралдары; пасталар; кремдар; мазьдар.
ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен
қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан
туатын ыңғайсыздық минимумға тең болу
керек
Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып , немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі .
Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет , оларға : кім ілу , жуыну , тазалау , дәретханалар , ішетін су орнатылған орындар , арнайы киімдерді жуып , тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс .
Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет .
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі .
Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы , қорғану белдіктері , каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы , ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс .
Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады .
Қауіпсіздік шаралары
1. Резеңке таяқшаны қолданған кезде өмірге маңызды мүшелерге, басқа, бетке, мойынға соққы беруге жол берілмейді.
2. "КС-23" карабинін, дабыл беру пистолетін оқтауды команда бойынша қолданудың алдында тікелей жүргізіледі.
3. Газды-түтінді бұлттың әсер ету аймағында қалған операцияға қатысушылар қауіпті аймақты тез тастап шығулары тиіс. Газды-түтінді бұлттан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін мұсатырлы спирт (иіскеу үшін) және ас содасының екі пайыздық ерітіндісін немесе бор қышқылын (көзді жуу үшін) қолданылады.
4. Газды-түтінді бұлттарда жұмыс жеке қорғаныс құралдарымен жүргізіледі.
5. "Черемуха" арнаулы құралдарымен жұмыс істеген кезде мыналарға қатаң тыйым салынады:
1) "Черемуха-1" бөлшектеуге және оларды" ақауларын жоюға, сөмкелерден тыс алып жүруге (ілгектерімен ілінген);
2) бір уақытта екі және одан көп "Черемуха-6" гранатасын көлемі 60 куб.м кем үй-жайға лақтыруға;
3) 26 мм қағаз гильзасымен, дабылдық және жарықтандыратын оқ-дәрілер "КС-23" карабинінен, оқ-дәрілерімен жабдықталған әр түрімен, сондай-ақ газды пистолеттерден ату үшін арналған "Черемуха-4" газды гранатасын ату үшін қолдануға;
4) "КС-23" карабинінен басқа "Черемуха-7" гранатасын ату үшін басқа кез келген қаруды қолдануға;
5) "Черемуха-4", "Черемуха-7" гранаталарымен патрондарды бөлшектеуді жүргізуге.
6. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларымен, жарық-дыбысты грнаталарымен және қосылу құрылғыларының құралдары жарылғыш құрылғылардан бөлек алып жүруі тиіс.
Қосылу құралдарына электр тізбегін қосудың алдында онда кернеудің жоқтығына көз жеткізу керек. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларын немесе жарық-дыбысты гранаталар қолданатын қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
7. Сөніп қалған өткізгіш бауды тұтандыруды қайта қолдануға қатаң тыйым салынады.
10 минут бойы жұмыс істемей қалған "Пламя", "Ключ", "Импульс" құрылғанына, "Заря" гранатасына жақындауға тыйым салынады.
8. "Ключ", "Импульс", "Пламя" құрылғыларын қосудың электрлік тәсілін пайдаланған кезде электр тізбегінің дұрыстығына көз жеткізу тиіс және екінші қайтара жіберу жүргізілсін. 10 минуттан кейін (жұмыс істемеген кезде) қосу құралын жұмыс істемеген құрылғыдан ажырату және жұмыс істемей қалу себебін анықтау үшін тұрақты сақтау орнына жеткізу керек.
9. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларды және корпусы немесе қабығы зақымдалған (сызаттар, майысулар және т.б.) жарық-дыбысты гранаталарды пайдалануға тыйым салынады.
10. Белсенді қорғаныс және арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдары (резеңке таяқшалар, кісендер, "Черемуха-10" басқа) адамнан кемінде 2 метр қашықтықта қолданылсын.