Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:22, лекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыстың зақымдау әрекетін ұғындыру.
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Зақымданудың координаталық заңы
Зақымдау объектілерін топтастыру
Сұрақтар мен тапсырмалар
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді.
Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады.
Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.
Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды.
Фортификациялық құрылыстар негізінен соққылы толқыннан зақымданады. Ол үш түрлі қирау дәрежесімен сипатталады: әлсіз, орташа және толық.
Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді.
Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады.
Толық қирау
кезінде құрылыстарды тікелей мақсатқа
қолдану мен оны қалпына
Зақымданудың координаталық заңы.
Жекеленген зақымдаушы факторлардың нысанаға тигізетін әсері кездейсоқ сипатта болғандықтан, жарылыс әрекетінің нәтижесі де кездейсоқ болады, сондықтан ядролық оқ-дәрі жарылысының зақымдау әрекетінің толық сипаттамасы объектілерді зақымдаудың координаталық заңы болып табылады.
Жарылыстың зақымдау факторының оның орталығына (эпицентріне) қатысты симметриялы болатынына сәйкес орташа қиылысқан жердегі зақымданудың координаталық заңы шеңберлі болады. Координаттың басы жарылыс орталығымен біріктіріледі, абцисс осьінде жарылыс орталығынан қашықтығы R ордината осьінде – берілген салмақ дәрежесіндегі нысананың белгілі бір зақымдану дәрежесі V (R) көрсетіледі.
Зақымданудың
координаталық заңын
Зақымдау объектілерін топтастыру.
Жалпы жағдайда зақымдау объектісіне шектеулі алаңда орналасқан қарапайым нысаналардың жиынтығы енеді. Қарапайым нысанаға дара нысандар жатады.
Объекті құрамына кіретін қарапайым нысаналар сипатына қарай біртектес және әртектес болып бөлінеді. Құрамына қарапайым нысаналардың бір ғана түрі енетін объект біртектес объект деп, ал объектіге әр түрлі сипаттағы нысаналар кіретін болса әртектес объект деп аталады.
Объект өлшеміне қарай нүктелі және өлшемді болып бөлінеді.
Нүктелі объектіге зақымдануы жартылай бола алмайтын, яғни ядролық оқ-дәрі жарылысы кезінде түгелдей зақымданатын, немесе мүлде зақымданбайтын объектілер жатады.Өлшемді объектілер ауданды немесе сызықты болып бөлінеді.
в) Қорытынды бөлім – 8 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Информация о работе Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы